• Айтарым бар...
  • 26 Маусым, 2019

Балық өнеркәсібіне не тосқауыл?

Елімізде ауыл шаруашылық саласына ерекше назар аударылып келеді. Экономиканы әртарап-тандыруға байланысты шешім қабылданғаннан кейін және шикізаттық тәуелділіктен арылу үшін 2021 жылға дейін «Ауыл шаруашылығын дамыту» бағдарламасы қабылданды. Оның ішінде балық өнеркәсібінің орны бөлек. Жыл сайын Қазақстанда 40 мың тоннаға дейін балық өндіріледі. Оларды табиғи су қоймаларында аулайды. Ал, тәуелсіздік алған жылдары бұл көрсеткіш 2,5 есеге көп болған еді. Бұл мәселеге табиғи проблемалар да әсер етті. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы. Аралдың ауыр тағдырынан кейін осы кәсіптің мамандары табиғи ресурстардың таусылып қалуына алаңдап, жасанды түрде балық өсіру өнеркәсібін дамытуды сұрауда. Мамандардың айтуы бойынша, өкінішке орай балық өндірісіне басқа ауыл шаруашылық салаларына қарағанда көп көңіл бөлінбейді. Қазақстанның балық өнімдері шетелде жоғары сұранысқа ие. Әсіресе көксерке балығының экспорты бойынша еліміз алдыңғы қатарда. «Made in Kazakhstan» таңбасымен шығатын балық өнімдерін Еуропалық одақ пен Солтүстік Америка тұрақты түрде сатып алуда. Алайда қазақстандық нарықтың 4,1%-ын ғана қанағаттандырып отыр. Еліміздегі балық өнеркәсібінің жеткілікті деңгейде өркендеуіне не кедергі? Қазақстанның барлық өнеркәсіптері бірігіп, өндірсе де қажеттілікті толтыра алмайды. Жұмыс күші де, мықты мамандар да жетерлік. Басты мәселе – жасанды су қоймаларының жетіспеуі. Бекітілген норма бойынша табиғи су қоймаларынан ең көп дегенде 70 мың тоннаға дейін ғана аулауға болады. Ал, Қазақстан жалпы алғанда 40 мың тоннаға жуық балық өндіреді. Олар көксерке, лақа, сазан және шортан. Қазақстандағы халыққа және түрлі дәмханаларға кем дегенде 170 мың тонна балық өнімі керек. Яғни біз 4/1 бөлігін ғана өндірудеміз. Дұрыс тамақтану рационы бойынша өкінішке орай балық өнімдері соңғы орында тұр. Бұл адам ағзасына керек дәрумендердің жетіспеушілігіне алып келеді. Елімізден 75% балық өнімінің экспортталуы, әрине қуантарлық көрсеткіш. Алайда жасанды су қоймаларынан алынатын өнім бар жоғы 2 мың тоннаны құрайды. Мамандардың айтуынша, жасанды су қоймаларын салуға және балықтардың жем-шөбіне өте көп қаражат кетеді. Бұл қаражатты мемлекет өз мойнына алып, тиісті көмек көрсетпейінше Қазақстан шетелге экспорттамақ түгілі, қарапайым халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмауы мүмкін. Бұл тек экономикалық қана емес, Аралдың тартылуы секілді экологиялық апаттарға да әкеледі.

Нұрила ЕСІРКЕП

393 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы