• Бас мақала
  • 19 Наурыз, 2019

Атқа мінудің пайдасы қандай?

Гүлмира ҚОШАЕВА «Тұран» университетінің журналистика факультетінің студенті.

Халқымыздың ерекше қас-терлеп және жанына жақын тартатын қасиетті түлігінің бірі – жылқы. Тариx деректері бойынша адам баласы жылқыны біздің жыл санауымыздан 3-4 мың жыл бұрын білген. Және де осы Қазақтың ұлы даласы ең алғаш жылқы малын қолға үйреткен жер болып табылады. Ғалымдардың айтуы бойынша, аттың бірқалыпты жай жүрісінің өзінде оған мінген адамның денесінде 110 түрлі тербеліс туады екен. Яғни, барлық буын қозғалысқа түседі деген сөз. Сол себепті атқа міну – адамға биохимиялық тұрғыда оң ықпал етіп, ағзаны нығайта түседі. Дәрігер мамандардың айтуынша, жылқы бұлшық еттерінің қозғалысы – массаж жасауға қабілетті көптеген элементтерден тұрады және ағзаның одан әрі күшеюіне алып келеді.Өйткені, жылқы температурасы адамның дене қызуынан бір жарым градусқа жоғары екен. Атқа отырған сәттен бастап тақымға берілетін жылу қан айналымының жылдамдығын арттырып, бойдағы тараған қан саусақтың ұшына дейін айналып шығады екен. Иппотерапия әсіресе жұлынға зақым келгенде, миға қан құйылғанда, жабық бас сүйек-ми жарақатын алғанда, мінез-құлық өзгеріске ұшырағанда, көңіл күй төмендегенде, ұмытшақтық пайда болғанда, бір сөзбен айтқанда, адамның жүйке жүйесіне қатысты ауруларды емдеуге қолданылады. Тіпті, есту қабілеті мен көздің көруі нашарлағанда да өз пайдасын тигізеді дейді мамандар. Пайғамбарымыз ( c.а.у.) атка мініп шабуды да балаларға насиxаттаған екен. Ат және түйе жарыстарын өткізіп тұруға шақырған. Ал, кейбір xадистерде алла елшісінің өзі осындай жарыстардан қалмай қатысатындығы жазылған. Бұл жайлы Әнәс (р.а)» Пайғамбарымызды Абба атты түйесімен ешқандай түйе оза алмайтын. Бірде бір бәдәуи келіп Пайғамбарымызбен жарысып, озып кетті.Бұл мұсылмандарға ауыр тиді. Пайғамбарымыз оларды жұбату үшін: «Әрбір шарықтауға Алла тағала бір құлдырау береді» дегенін айтады. Жалпы ата-бабаларымыз балаларын жас-тайынан атқа мінуге дағдыландырып отырған.Өйткені оның қандай пайдалы жануар екенін сезіне білген. Қазақстандағы ат спорты 1999 жылы құрылған. Мақсаты – Қазақстандағы ат спортын дамытуға үлес қосу. Орталықта асыл тұқымды 50-ден астам ат бар (дүниежүзінде жылқының 250-дей түрі бар екен). Олар алыс-жақын шетелден, ел ішінен де сатып алынған. Орталықта таза қанды араб, ағылшын жылқылары, жазық дала жылқысынан Қостанай жылқысы, тек спортқа арналған еуропалық асыл тұқымды таңдаулы жылқылар мен Дон, Буденный жылқылары өсіріледі екен. Жылқының өзі, әбзелдері, ер-тұрманы қымбат тұрады. Күтімінен бөлек, олимпиадалық жарыстарға спортшыдан бөлек аттың өзін алып жүру де оңайға соқпайтын көрінеді. Әйтседе мінсең-көлік, жесең-тамақ, кисең-киім, ішсең-сусын болатын қасиетті жануар үшін қанша шығындалсақ та артықтық етпес. Ең бастысы-қазақ екенімізді ұмытпасақ. Біздің ата-бабамыз әрқашанда жылқы баққан. Сол кәсіпті жойып жібермей, алдағы уақытта жылқы санының көбеюіне біз де атсалысcақ деген үмітеміз!!!

7697 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы