• Бас мақала
  • 28 Қараша, 2018

Ауыл-елдің өрісі – данышпан қыз

Көдек БАЙШЫҒАНҰЛЫ

Басынан сан қилы замандарды өткізген халқымыздың өтелмес өкініші қанша көп болса, оның запыран зары да соншалықты. Тек тәуелсіз ел болғаннан кейін ғана халқымыздың тарихына, мәдени-рухани мұрасына қайта үңіліп, шындықты айтуға, шын тарихты жазуға мүмкіндік алдық. Ұзақ уақыт бойында көзден таса, көңілден көмескі тартқан ақтаңдақтар ашылып, олардың мұралары халық игілігіне айнала бастады. Қытымыр заман, қыңыр саясат кесірінен еңбегі еленбей келген сондай өнер иесінің бірі – Көдек (Әбірақын) Байшығанұлы. Көдек артына қомақты мұра қалдырған талантты да танымал ақын. Ол 1888 жылы қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданы, Шалкөде жайлауында дүниеге келген.

Зұфар СЕЙІТЖАНҰЛЫ, филология ғылымдарының докторы, профессор

МАРЖАНДАҒАН Бұл қыздар шашын өрiп маржандаған, Киiмнiң бәрi моншақ, қайран қалам. Жалтылдап көз қырымды моншақ тартты, Болды ма қыздың көркi арзандаған? Болмағы қыздың жақсы мiнезiнде, Өз бойын түзетпесе, кiнә өзiнде. Тағынып бар моншақты бiр өзiне, Өмiрлiк жеткенi ме тiлегiне. Моншақтың түпкi тегi – тас пен темiр, Оны ләззат көрмейдi жастық өмiр. Жалынды өңде жанары шолушыдай, Сенгенiне талпынар тiл мен көңiл. ТАНЫСҚАН ҚЫЗ Айтайын өлеңiмдi, танысқан қыз, Құбылып көрiнетiн алыстан қыз. Тойына ел шақырып, сауын салып, Жорға мiнiп, жүйрiкпен жарысқан қыз. Тойыңыз құтты болсын, бақытты бол, Өмiрлiк жолдасымен табысқан қыз. Жат елге жазу солай барамын деп, Аужар айтып, қоштасып қамыққан қыз. Құдаменен мың жасар дейдi халық, Көрнектi орын алғын тарихтан қыз. Жатты бауыр, тар жолды кешу қылған, Аямай қолда барды алысқанбыз. Салақ, олақ болады жаман әйел, Кiр мен сiрке шашына жабысқан қыз. Ел iргесiн қалайды жақсы келiн, Ауыл – елдiң өрiсi – данышпан қыз. ЖҰПАР КIНДIК Өрнегi, өлеңiмнiң гүл iшiнде, Ине өтiп, су сiңбейтiн тiгiсiне. Құбылып неше алуан басатұғын, Атымның сағым шалмас жүрiсiне. Қыз-келiн бойы балқып ләззат алар, Жұпар кiндiк сияқты иiсiме. Шолпандай сәуле шашып көрiнемiн, Айтыста әрiптес боп түн iшiнде. Қыздарды оңашада көп ойлаймын, Осындай ой бөлінді мұнысы не? Көрсеңiз көркiм осы топ алдында, Жаңағы сөздi қате деп алдым ба? Ақ тұйғын, өлең сөзге майталманмын, Құрметтi қайда барсам төр алдында. Өмiрдiң әр алуан құбылысын, Айнадай көрсетемiн көз алдыңда. Айтыссаң екеу ара дайындалып, Жүгiнiп, тiзерлесiп кел алдыма. Отынан өлеңiмнiң көңiлiң тасып, Бәйгеде саңлақтанған сөре алдында. «Сый адамды сықтама» деген бар сөз, Бiлмесең тыңдап отыр дем алғын да. Дауылдай бұлтты айдаған өлеңiм бар Өмiрде мендей ақын көре алдың ба? Бағыма жаралыста құдай жазған, Ақындық өнерiме сене алдың ба?!.. ОРАМАЛ Қыздары жақсы ауылдың үлгi көрген, Сыпайы, сөзi жылы нұрлы келген. Сөлкебай, бет орамал жолдық бердi, Кестесi кiлем түрi гүлдi келген. Аз нәрсе дүние емес, естелiк қой, Көп пұлдан, дүниеден құнды келген. Ашқанда орамалды анда-санда, Кестеден танысқан қыз сiздi көргем. Ойыма сағымдай боп елестейсiң, Алыстан қарағандай дүрбiменен. Сiздердiң әсерiңнен сөзiм тасып, Самғадым бәйге атындай ылдый – өрмен. Хош – аман, бақытты бол, замандастар, Базары өмiрiмнiң құрбы деген. ОТАУДА Отауда екен жайлаудың гүл құрағы, Көкең сөзiн арнады, жыр құрады. Тойға келген арулар – бойжеткендер, Хош иiстi сезiмiн сый қылады. Өздерiң жауап қатпай отырсыңдар, Бұл қалай адам жанын қыздырады. Сөйлей алмай, айта алмай арманыңды, Жан-жүйеңдi балқытып мұң қылады. Өкiрiп, азбан бұқа дерт шығарар, Қайтемiз, амал қанша бiз мынаны. Менен бе, өлеңнен бе, қымыздан ба? Не себеп сөз желiсi бұзылғанға. Аңқыған хош иiсiнен болды ма екен, Шақпақтай от түсiрген шыбын жанға. Ойыма келiп қалып айтып едiм, Сiздерге бәдiк болып ұғылған ба? Маған да үлкендердiң айтқаны көп: «Жаман iс, бәдiк сөзбен шұғылданба» Не десе, қыздың сөзiн жаным сүйер, Ұқсаттым айтқаныңды шырын балға. ЫРЫСАЛДЫҒА Ат қойған қазақ қызға Ырысалды, Тұнық ат, туар баға дұрыс алды. Үкiдей үлпiлдетiп өсiргенi, Көлдегi аққу-қаздай тыныс алды. Жақсы қыз жайнаған гүл сияқтанып, Бiр қырлы, сегiз сырлы, жүрiсi әрлi. Ақылы, мiнезi мен iскерлiгi, Сыртынан әркiм сұрап ұғысады. Қыз бала – үйдiң көркi, көштiң сәнi. Қызы бар түйелi көш жүрiс алды. Асқынған дау жауласса қыз бередi, Екi жақ құдандалы шығысады. Жалғанда қыз болмаса, қызық та жоқ, Өмiрдiң өркенiмен қиысады. Қолынан Ырысалды жүзiк берген, Болды деп атым – өлең қызық көрген. Бұл өзi тоғыз емес өлең жолы, Жақсы ғой басқалар да ұғып көрген. «Тоғызды және берем деп айтады, Қыздармен ақылдасып бұл iсте мен. Өмiрде сiздей ақын көргенiм жоқ. Жер – көктен, дүниеден жиып келген. Құдайдың саған берген бағы шығар, Тiлiмен меруерттей тiзiп келген. Ойымда айтысайын деген едiм, Бiздiң сөз сiздiң сөздей бiрiкпеген. Өлеңнiң құрметiне жүзiк бердiм, Бергем жоқ танысқалы жiгiтпенен». Осындай Ырысалды айтқан сөзi, Отауда қыз-келiндер ұғып көрген. Сөзiмдi, өлеңiмдi мақтағанмен, Емес қой маған жақын, жуық келген. Түскенде жүзiк келiп саусағыма, Ду етiп, денем балқып, қызық көрген. Қосылдым қалай айтсаң амалыңа, Айтыспау кешкi тойда талабың ба? Өр кеуде, топас ойды тоғытамын, Көңiлде дақ салмаймын саналыға. Өзiн сақтап, басқаны тани бiлу, Ең қымбат жас өмiрдiң базарында. Қыран көз, аққу үндi алтайыдай, Белгiлi асылдығың ажарыңда. Тоғызды бермесең де, рахмет, Жүзiгiң естелiктей бағалы да. Осы жерде әңгiменi қысқарталық, Аман-сау жақсы жаса заманыңда. ӘЛИЯҒА Жайлаудың жайқалып тұр балдырғаны, Саялы қайың, терек, талдың бәрi. Iшiнде соны шалып, тұнық iшiп, Қаптап жүр әр түлiкте малдың бәрi. Жайқалған жапырақты шөптесiнде, Толықсып тұр бүлдiрген, таңқурайы. Бойжеткен бикештi ертiп терiп берсең, Құдайым сонда еңбектi жандырғаны. – Балалар, өлең айтқын, – дедi жеңгей, Қымызға отыр екен қандырғалы. Ар жаққа жыртыс тойға кеттi дейдi, – Ауылда – үлкен-кiшi жанның бәрi. Осындай жақсы жеңгей сирек шығар, Тiлiнен тамғандай боп балдың бәрi. Үй көркi, түздiң сәнi мұндай адам, Аққудың көрiнiсi айдындағы. Ақылы ар жағынан сезiлiп тұр, Өзiңе түсiнiктi жәйдiң бәрi. Өлеңдi ерке төре естiсiн деп, Сөзiнiң бикешке ауды қалжың жағы. Өрнектi неше алуан кесте тiккен, Еркенiң қолында екен сәннiң бәрi. Оралған гүл-бақшаға тоты құстай, Шым кесте жан-жағы мен алдындағы. «Өлеңнiң керегi жоқ» дедi Әлия, Сөзiңнен айналайын аузыңдағы. Не шығар құры сөзден дегенiң ғой, Адамға түсiнiктi мәндiк жағы. Бiр жүрсең үзiп алып берер едiм, Бүлдiрген жемiс екен таудың бәрi. Дем алсаң ағаштардың саясы көп, Шөлдесең мөлдiр бұлақ баурындағы. Ұйықтасаң жел тигiзбей желбiрер ем, Бөбектей аялар ем алдымдағы. Маған да кесте, оюдың керегi жоқ, Бикештiң ләззат гүлi – жалғыз жаны. Әлия, баяу бастың тұрып келiп, Қарадым жүрiсiңе қызық көрiп. Шыққандай қозғалғанда жалынды от, Балқыдым қорғасындай күйiп келiп. Құйғызып өз орныңда қымыз iштiң, Шыныны саусағыңмен iлiп келiп. Жайылған дастарқанға келмегенiң, Жүргенде тауға ертем деп үмiттенiп. Өзiмнiң келсем келем – дастарқаным, Мен неге өз үйiмнен бас тартамын? Ебiмен қанат жайған қарлығаштай, Бұралып отырғаны жас қалқаның. Жадырап жаз айының шуағындай, Бойыма ендi сiңiп ас тарқадың. Жалыны қуатының жанды тербеп, Көк желiк қымыздағы мас тарқадың. Өмiрдiң бәрi осындай өтуiне, Жарылқап қызыр қонған бақты алқабың.

624 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы