• Білім-ғылым
  • 15 Қыркүйек, 2018

Білімді жаңғырту – болашақтың кепілі

Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезең-інде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жыл-дарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы шыққан болатын. «2020 жылға дейін Қазақстанның жоғары білім беру сапасы әлемдік білім беру саласындағы үздік тәжірибелерге сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар кем дегенде Қазақстанның екі жоғары оқу орны әлемдік танымал университеттерінің қатарына енуі қажет» – деген болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Бүгінде ел мен елді теңестіретін де, бәсекелестіретін де білім. Мына жаһандану кезеңі мен өзгермелі өмірде бәсекеге төтеп беріп, өркениет көшінен қалмау үшін білім мен ғылымды дамыту керек. Еліміздің білім беру жүйесін жақсарту мен жаңғырту мақсатында әлемдік білім беру кеңістігіне еніп, әлемдік тәжірибеге сүйену үрдісі кең өріс алып келеді. Өйткені, бүгінгі күн тиімді білім берудің жолдарын талап етіп отыр. Соған сәйкес орта білім беруді де, жоғары білім беруді де жаңа сапаға көтеру – мемлекетіміздің басым бағыттарының бірі. Интернационалдандыру – әр түрлі салада (экономика, саясат, мәдениет, білім және т.б.) халықаралық бірлестіктердің пайда болуына алып келетін және әр түрлі мемлекеттер мен ұйымдардың өзара қарым-қатынас пен өзара ықпалдастығынан тұратын заманауи даму үдерісі. Қазіргі күнде жоғары білімді интернацио-налдандыру – білім беру қызметінің сапасын арттырудың және Қазақстандағы жоғары оқу орындарының халықаралық деңгейде дамуының маңызды құралы болып табылады. Бұл үдерісті алғашқы қабылдағандардың бірі – Алматы менеджмент университеті. Бүгінде бұл университет 3 құрлықтағы (Еуропа, Азия, Солтүстік Америка) 25 елдің 60-тан астам жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас орнатқан. Солардың ішінде әлемге танымал мына университтерді атап өтуге болады: Сингапур Менеджмент университеті, Гонконг Политехникалық университеті, Малайзиядағы Тейлор университеті, Қытайдағы Шыңжаң университеті және т.б. Университеттің алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері мынадай: *университеттің әлемге танылуын арттыру; *шетелдік әріптестер алдында универ-ситеттің абыройын арттыру; *университет қабырғасында кіші лин-гвистикалық ортаны дамыту; *шетелдік жоғары оқу орындарының стандарттарына сәйкес университеттің білім беру қызметінің сапасын жақсарту; *жоғары білім берудің барлық сатысында үштілді оқыту жүйесін қалыптастыру. Қазіргі кезде жоғары білімді интернационалдандыру шындап қолға алына бастады. Себебі, бұл – уақыт күттірмес маңызды мәселе болып табылады. Еліміздің жоғары оқу орындары әлемдік танымал жоғары оқу орындарымен әріптестік қарым-қатынас жасай отырып, іс-тәжірибелер алмасып қана қомай, оқу орнының білім беру қызметін жаңа сапаға көтеріп, оқытушылар мен студенттер алмасу арқылы тың тәжірибелерге жол ашатыны сөзсіз. Біздің елімізде бұл мәселеде шет қалмау мақсатында жақында «Білім сапасы және интернационалдандыру: халықаралық тәжірибе, үдерістер мен нәтижелер» тақырыбында халықаралық форум өтті. Астанада өткен аталған форумда еліміздің жоғары білім беру жүйесін интернационалдандыру мәселелері кеңінен талқыланды. Халықаралық форумға қатысушылар, мемлекеттік ұйым өкілдері, салалық жұмыс берушілер ассоциациясы, жоғары оқу орындары, колледж директорлары, халықаралық ұйымдар мүшелері жоғары оқу орындары мен колледждерде сапалы мамандар даярлауға әсер ететін мәселелерге тоқталып, жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен оны интернационалдандыруды бірлестіре отырып дамытудың жағдайларына тоқталды. Қазақстанның білім беру жүйесі соңғы он жылдықта радикалды өзгерістерге толы болды, жоғарыда айтқандай, бұл әлемдік ғылым мен білімнің дамуына ілесу қажеттілігінен туындап отыр. Заманауи білім беруді дамытудың діңгегі – оны интернационалдандыру болып табылатынын форумға қатысушылар баса айтты. Қазақстанның әлемдік тенденцияларға ілесуге ұмтылуы стратегиялық та, кешенді де барлық деңгейлердегі іс-шаралар мен құрылымдық бөлімдерді қамтып, дамытуды көздейді. Жоғары оқу орындары жаһандану мен интернационалдандырудың басымдықтары мен кемшіліктері салдарлары текетіреске түскенде оның айрықша өзекті екені байқалады. Бұл фундаментальды қарама-қайшылық түрлі мәселелер төңірегінде туындап отыр: университет дипломын мойындау, мамандандыру және бағалау, халықаралық бағалау формасының сапасын дамыту, халықаралық аккредитациялау. Форумға қатысушылар Қазақстан Республикасының Білім және ғылым, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Адам капиталын дамыту департаментіне, ЖОО-на, халықаралық деңгейдегі білім беру ұйымдарына өз ұсынымдарын жолдады. Ұсынымдар мазмұнында интернационал-дандырудың мән-мағынасын жан-жақты ашумен қатар, оны жүзеге асырудың жолдары да айтылған. Отандық жоғары оқу орындары мен колледждердегі интернационалдандыруды әртараптандыра отырып оның типтік моделін жасау, халықаралық білім беру ұйымдарымен, әлемдік танымал оқу орындарымен байланыса отырып, өзара әріптестік қарым-қатынасқа жол ашудың мәселелері де нақты ұсынылған. Интернационалдандыру үдерісінің қажеттілігі, бұл уақыт талабы. Қазіргі уақытта жеке даму мүмкін емес, тек қана әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, олармен ықпалдастықта қарым-қатынас жасау арқылы келешектің көкжиегі кеңи түсетіні белгілі. Айнұр Ыбыжанова, ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаментінің сарапшысы

423 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы