• Айтарым бар...
  • 22 Тамыз, 2018

Гендерлік теңдік

Әлемдегі әрбір мемлекет өзінің Конституциясына сәйкес сыртқы және ішкі саясатпен айналысатыны белгілі. Өзінің атауы айтып отыр-ғандай, сыртқы – шет мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал, ішкі саясат – мемлекттің тәуелсіздігін нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі.

Қазақстандағы ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат» деген ұғым көп айтылып жүр. Ал, гендер дегеніміз не? Гендер дегеніміз – ерлер мен әйелдердің мінез құлқын, сондай-ақ, олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы. Гендерлік саясат қоғамдық өмірдің бар-лық салаларында ерлер мен әйелдердің теңді-гіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. Ұлттық гендерлік саясат еліміздегі демократиялық үрдістердің ең маңызды құрам-дас бөлігі. Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап гендерлік теңдік мәселесі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясаттың бір басымдығы болып келеді. 1995 жылдан бастап Қазақстан Респуб-ликасының Президенті жанында Отбасы, әйелдер және демографиялық саясат істері жөніндегі кеңес жұмыс істеді. Кейін ол Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия болып қайта құрылды. Мемлекет басшысының 2005 жылғы 29 қарашадағы Жарлығының Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. Стратегиялық билік құрылымдарындағы әйелдер мен ерлерді теңестіруді қарастырады.Оларға экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, өз бизнесін дамыту және қызмет бойынша өсу, білім беру саласында гендерлік білімді енгізу, өмір сапасын арттыру және тұрғындардың ұдайы өсімін қамтамасыз ету үшін жасөспірімдермен әйелдердің, ерлердің репродуктивтік денсау-лығын нығайтумен сақтау, жынысына қарай зорлық-зомбылық көрсетпей, отбасындағы міндеттермен құқықтарды тең дәрежеде жүзеге асыру үшін жағдай жасау жатады. Аталған стратегияны жүзеге асыру мақса-тында 2009 жылы Қазақстандық заңнаманы күшейтетін 2 заң қабылданды. 2009 жылы 4-ші желтоқсанда «Тұрмыстағы зорлық-зомбылық-тың алдын-алу туралы» заң қабылданды, ол адамдар мен азаматтардың отбасылық-тұрмыстық қатынастары саласындағы заңдық мүдделері мен бостандықтарын, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесуде конституциялық құқықтарын қорғауға бағытталған. Қабылданған заң әйелдерге қатыс-ты тұрмыстық зарлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу жолында шынайы құқықтық жағдай жасады. 2009 жылы 8-ші желтоқсанда ел Прези-денті «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепіл-діктері туралы» Заңға қол қойды. Заң мемлекет-тік органдар басшыларына ерлер мен әйелдер-дің тәжірибелеріне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлықтарына сәйкес мемлекеттік қызметке тең қолжетімділігінің қамтамасыз етілуін, олар-дың жергілікті басқару органдарында, сондай-ақ мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушылық және сот тармақтарында тең серіктестік қатынас-тарының сақталуын міндеттейді. Бұл заңның жетістіктерінің бірі – ерлер мен әйелдердің жынысына қарамай өмірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, қоғам-дық және мәдени салаларына тең құқық пен тең мүмкіндік бере отырып, шынайы қол-жетімділікті қамтамасыз ететін құқықтық мәртебе ретінде «гендерлік теңдік» ұғымын заңнамалық тұрғыда бекітуі. Гендерлік тең құқықтық саласындағы мемлекеттік саясат, әйелдердің экономика-лық және саяси өмірге қатысуларының кеңеюі, әлемдік қоғамдастықта жоғарғы бағаға ие болды. Қазір Қазақстан гендерлік тен құқықтық бойынша жаһандану рейтингінде 135 елдің арасында 31 орында корініп отыр. Стратегия – мемлекеттің гендерлік саясатын іске асыруға бағытталған негізгі құжат, оны іске асырудың және мемлекетпен азаматтық қоғам тарапынан оның мониторингін жүзеге асырудың құралы, демократияның қалыптасуының маңызды факторы болып табылады. Осыған орай стратегияның әр бөлімінде БҰҰ Әйелдер қорының өңірлік офисімен бірлесіп әзірленген, саясатта, экономикада, білім беруде, отбасында, денсаулық сақтау және әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерінде гендерлік теңдікке қол жеткізу жөнінде көрсеткіштер енгізілген. Гендерлік теңдік стратегиясы 2006-2016 жылдар аралығындағы кезеңде ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейтін 9 бөлімнен тұрады. Гендер ұғымын тек қана әйел теңдігін қорғайтын бағыт немесе оның құқықтарын асыра пйдалануды көздеуге бетбұрыс деп қана түсінуге болмайды. Гендер тек әйелдің ғана емес, ер адамның да тұлғалық ерекшеліктерін қорғайтын, ал, кемсітушілік болған жағдайда оның да мүддесін сақтауға атсалысатын қоғамдық үдеріс. Егер адамның биологиялық, әлеуметтік саяси, психологиялық сияқты жан-жақты қырлары бар екенін ескерсек, шындығында ер мен әйел абсолютті тең бола алмайды. Осы тұста тең деген түсінікті кейбір батыстық көзқарастар «бірдей» деген ұғыммен алмастырып алады.Сондықтан, олар екі жыныстың биологиялық болмысын да теңестіріп жібереді. Гендер саласындағы сан қырлы күрделі мәселелерді түсіндіру үшін, оны бір жақты таяз ұғынушылықты жою үшін, ер де, әйел де өзінің құқықтарының тең екендіктерін сезіну үшін жастарға арнайы және жүйелі ұйымдастырыл-ған гендерлік білім беру қажеттілігі туындап отыр. Ол әлемнің көптеген елдерінде зерттеліп, нақты іс-шаралар арқылы өз деңгейінде қолға алынуда. Ал, біздің еліміздегі гендерлік білім беру тек қана біржақты, шығыстық, діни сияқты парадигмаларға көзсіз еліктемей, тек классикалық негізге сүйене отырып, ұлттық таным-түсінікті басымдыққа шығаратындай болуы тиіс, яғни, оның өзіндік Қазақстандық нұсқасы болуы керек және ол солай жүргізілуде. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Бұл стратегияның берер жемісі әлі алда.

Г.Ахметова

487 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы