• Білім-ғылым
  • 25 Сәуір, 2018

Латын әліпбиі – замана келбеті

Елбасының 19 ақпан 2018 жылғы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру» туралы Жарлығын қуана қолдаймын. Бұл ретте өткен жылғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында Елбасы Н.Ә. Назарбаев мырза латын әліпбиіне көшу туралы ойларын ортаға салған еді. Мен сол мақаланы оқыған кезімде ақ көңілім ерекше көтеріліп, болашаққа деген сенім нығая түскен еді. Өйткені, болашақ бүгіннен басталады демекші болашақты ойлаған Елбасының ерен еңбегі мен салихалы саясаты көпшіліктің көңілінен шықты деуге де әбден болады. Өзім қашаннан да президенттің пайымды да парасатты іргелі істерін кемелді келешектің алтын қазығы іспетті көремін. Латын әліпбиі сол кемелді келешекке көш бастаған кемел елдің алғашқы қадамы деп білемін. Өз басым соңғы нұсқасын қолдаймын. Бұрын қазақ тілінде 42 әріп болатын болса жаңа әліпбиде 32 әріп қана бар. Мұның өзі қажетсіз әріптерден арылуға зор септігін тигізетін болады. Қазақ әліпбиінің атасы, «Алаш Орда» негізін салушысы Ахмет Байтұрсыновтың : «Латын әліпбиі – Еуропаға ашылатын есік. Біз, жастарымыз бен балаларымызды Еуропаның озық білімі мен мәдениетін үйренсін десек осы бастан латын әрпінде жазуды үйреткеніміз жөн» деген сөзі еріксіз еске оралады. Сонау 20 ғасырдың басында алашшыл азаматтар Латын әрпінің ел үшін пайдасы мол екендігін о бастан-ақ білген. Міне арада бірнеше жылдан соң көрегенді Елбасының болашақты меңзей алатын қасиеті арқасында Латын әліпбиі ортамызға қайта оралды. Тарихшылардың пайымдауынша 1929-1942 жылдар аралығында Қазақстанда Латын графикасын пайдалану барлық білім беру ұйымдарымен мекемелерде жүргізілген деседі. Кейін 1942 жылы Сталин өзінің солақай саясатын жүргізу үшін орыстың кириллицасын қайта енгізді. Сол арқылы Ресей империясы өзінің үстемдігін үдете түсті. Міне содан бері 80 жылға жуық қазақ елі кириллицамен жазуын жазды. Латын әліпбиінің тиімді жақтарын өзімше тізіп қарайын: 1. Латын әрпі ағылшын әрпіне қатты ұқсайды. Ал, ағылшын әрпін қазірігі кез келген қазақстандық жас 70 пайызға жуығы түсініп, оқи алады. 2. Латын әрпін бізге көршілес елдерде түгелге жуық тұрмыста пайдаланып отыр. Олар: Түркіменстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдері. 3. Латын әрпі ағылшын әрпіне ұқсағасын барлық жаңа заманауи технологияларда жазылып, шрифталған. Бұл дегеніңіз кез келген тұрмыстық технологияның тілін латынша оқып-жазуға толық мүмкіндік туады деген сөз. Мысалы, кір машина, ноутбук, іс машинасы, тіпті ұялы байланыс телефондары мен гаджеттерде латын әрпіне ұқсас ағылшын әрпінде жазылған таңбалар өте көп. Егер де әрбір қазақстандық тұрғын латын әрпін түсініп, жазып білсе, сөзсіз бұзылып қалған техникасын өзі-ақ жөндеп, дұрыстап алар еді. Сондықтан, осы бастан әрбір қазақстандық жас өскін өзінің өркенді болашағы үшін бүгінгі латын әрпі графикасын еркін жазып үйренгені жөн.

Аллаберген Қонарбаев Маңғыстау аудандық «Жас Отан» Жастар Қанатының жетекшісі. Маңғыстау облысы.

544 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы