• Айтарым бар...
  • 14 Ақпан, 2018

Алақан жайған аярлар

Дана РУСЛАНҚЫЗЫ

2000 жылы дүниеге келген. 2017 жылы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп интернатын бітірген. «Ақ желкен» республикалық балалар мен жасөспірімдер журналының жас тілшісі. 2015 жылы «Сезім тамшылары» балаң жырларының жинағы жарық көрген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенті.

Әкем екеуміз бағдаршамға келіп тоқтадық. Аяқ-қолы сау, қазақтың тепсе темір үзетін жігіті ақша сұрады. Әкем әмиянынан 100 теңге берді де, жүріп кетті. Бұл кісіні осы жерден жиі көретін болдым.  «Неге жұмыс істеп көрмейді екен, дені сап-сау,  біреуге кіріптар болып жүргені несі, тәйірі», – деп жанынан өткен сайын шамданып қаламын. Сөйтсем, бұлардың өзінің саясаты бар көрінеді. Оны кейін түсіндім...

Жолдағы жігіттің әрекеті мені қатты қызықтырды, содан не керек, мен бұл мәселені зерттеуге білек сыбана кірістім. Ең алғашқы бағытым, бірінші теміржол вокзалы еді. Қолын жайып, жұрттан қайыр сұрап отырғандардың басым көпшілігін осы жерден кездестіресің. Қолын жайғандардың ішінен әуелі көзім 60-70 жас шамасындағы әз анаға түсті. Қолымды қалтама салып, тиын-тебенімді алдындағы табақшаға тастап жатып, «Апа, балаларыңыз қайда, неге отырсыз?» – деп сұрақ қойып үлгердім. Ол кісі іле-шала орнынан түрегеліп, жанындағы таяғын маған ала жүгірді. Сасқанымнан қашуға тура келді. Екінші кезек «Оптовка» базары. Қаланың тіршілігі тоқтамайтын бұл тұсы да ақша сұрап отыратындардың тұрақты мекеніне айналғаны қашан. Қолыма жарты килограмм тәтті алдым да, бұл аймақтан да жалшыларды іздестірдім. Ол үлкен қарияны арбаға отырғызып, сүйреп жүрген апай болды. Жандарына бардым да, қолымдағы кәмпитімді алдындағы қорапқа төге бастадым. Екеуі маған аң-таң болып қарап қалған, көздерінде әлде қандай ыза бар. Бірде «Бұны сатып алғанша, ақшасын бермедің бе, жарымаған» деген сөзден денем дір ете қалды. Сонда өтірік мүләйімсіп, мүсәпір көрініп отыратын болып тұрғаны ғой. Солай-ау шамасы. Өйткені, Абай-Байтұрсын көшесінің қиылысында бір күні кешке жаяу келе жатқанмын, адам қарасы аз. Бір бағанның жанынан тағы арбада отырған ағай мен әйел адамды және он жас шамасындағы қызды байқап қалдым. Әйел мен қыз жап-жақсы киініп алған. Ер кісіге «Болды енді, сасымай киіміңді ауыстырайық, бүгін онсыз да көп ақша жинадың» деп орысша күбірлеп жатты. Иә, қайыршы деп, мейірім танытып жүрген адамдарымыздың бізді алдайтынын көп жағдайда байқай бермейтін болып тұрмыз. Олардан көрі, көше кезіп, қысы-жазы, картоннан жасалған үйді паналай беретін сығандарға біздің тиын-тебеніміз керек секілді. Себебі олар, өздерін қайыр сұрау үшін жаралғанбыз деп есептейді екен. Ал соңғы кездері алақанын жайып пұл сұрайтындарды тек көшеден ғана емес, оған қоса жұрт қарасы көп автобустардың ішінен де кездестіруге болады. Халық арасында тіпті оларды жүргізушілердің өзі мінгізіп, табысынан әлдеқандай пайда алады деген де қауесет бар. Бірі автобустың ішінде жүрсе, ал бірі оның сыртында көпшілікті балағаттап, азын-аулақ қайыр тілеп алған ақшасын ішімдікке салып әуре-сарсаң болып жүр. Осыған орай ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қабылданған болатын. Республикада халықтың мазасын алып, ығырын шығаратын кейбір іс-әрекетке жол бергендер құқықтық-әкімшілік жазаға тартылатын болып белгіленгенімен, заң тұрғысынан бұл әлі де өз дәрежесінде қадағаланған емес. Ал алақан жайғандардың қатары азаятын түрі жоқ. Әсіресе бұл істен пайда табуды көздейтіндердің қарасы көп болғаны құлазытады. Оған қоса, аяқ-қолы балғадай бола тұра, ерік-жігерінің төмендігінен тиын сұрап алуға төселіп алғандар ұлт болмысын бұзып жүргендей көрінеді. Оларға қарағанда мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірге деген ұмтылысы куантады. Ал көшеде таразысы мен салмақ өлшеп, тоқылған киім-кешегін, гүлін сатып пұл табатын әжейлер мен атайлардың жанында, апталдай азаматтардың қай жері кем деп ойлайсың. Хадисте үш жағдайда ғана қайыр сұрауға болады екен. Ол- су тасқыны, өрт, құрғақшылық. Айдың тынышы мен күннің бейбітінде мұқтаждардың көп болуы халықтың да қателігі болар. Мүмкін біз де қол ұшын беріп, көмектесетін болсақ, ұлттың тамырына балта шауып, ұятты дүние болып тұрған қайыршыларды азайтатын едік. Десек те шын қайыршыдан гөрі, рухани қайыршының біздің қоғамымызға зияны көп екенін естен шығармайық.

Alaqan jai’g’an ayarlar

A’kem ekey’imiz bag’dars’amg’a kelip toqtadyq. Ayaq-qoly say’, qazaqtyn’ tepse temir u’zetin jigiti aqs’a surady. A’kem a’mi’yanynnan 100 ten’ge berdi de, ju’rip ketti. Bul kisini osy jerden ji’i ko’retin boldym.  «Nege jumys istep ko’rmei’di eken, deni sap-say’,  birey’ge kiriptar bolyp ju’rgeni nesi, ta’i’iri», – dep janynan o’tken sai’yn s’amdanyp qalamyn. So’i’tsem, bulardyn’ o’zinin’ sayasaty bar ko’rinedi. Ony kei’in tu’sindim...

A’kem ekey’imiz bag’dars’amg’a kelip toqtadyq. Ayaq-qoly say’, qazaqtyn’ tepse temir u’zetin jigiti aqs’a surady. A’kem a’mi’yanynnan 100 ten’ge berdi de, ju’rip ketti. Bul kisini osy jerden ji’i ko’retin boldym. «Nege jumys istep ko’rmei’di eken, deni sap-say’, birey’ge kiriptar bolyp ju’rgeni nesi, ta’i’iri», – dep janynan o’tken sai’yn s’amdanyp qalamyn. So’i’tsem, bulardyn’ o’zinin’ sayasaty bar ko’rinedi. Ony kei’in tu’sindim... Joldag’y jigittin’ a’reketi meni qatty qyzyqtyrdy, sodan ne kerek men bul ma’seleni zerttey’ge bilek sybana kiristim. En’ alg’as’qy bag’ytym, birins’i temirjol vokzaly edi. Qolyn jai’yp, jurttan qai’yr surap otyrg’yndardyn’ basym ko’ps’iligin osy jerden kezdestiresin’. Qolyn jai’g’andardyn’ is’inen a’y’eli ko’zim 60-70 jas s’amasyndag’y a’z anag’a tu’sti. Qolymdy qaltama salyp, ti’yn tebenimdi aldyndag’y tabaqs’ag’a tastap jatyp, «Apa, balalaryn’yz qai’da, nege otyrsyz?»,- dep suraq qoi’yp u’lgerdim. Ol kisi ile-s’ala ornynan tu’regelip, janyndag’y tayag’yn mag’an ala ju’girdi. Sasqanymnan qas’y’g’a ty’ra keldi. Ekins’i kezek «Optovka» bazary. Qalanyn’ tirs’iligi toqtamai’tyn bul tusy da aqs’a surap otyratyndardyn’ turaqty mekenine ai’nalg’any qas’an. Qolyma jarty ki’llogramm ta’tti aldym da, bul ai’maqtan da jals’ylardy izdestirdim. Ol u’lken qari’yany arbag’a otyrg’yzyp, su’i’rep ju’rgen apai’ boldy. Jandaryna bardym da, qolymdag’y ka’mpi’timdi aldyndag’y qorapqa to’ge bastadym. Ekey’i mag’an an’-tan’ bolyp qarap qalg’an, ko’zderinde a’lde qandai’ yza bar. Birde «Buny satyp alg’ans’a, aqs’asyn bermedin’ be, jarmag’an» degen so’zden denem dir ete qaldy. Sonda o’tirik mu’la’i’imsip, mu’sa’pir ko’rinip otyratyn bolyp turg’any g’oi’. Solai’-ay’ s’amasy. O’i’tkeni, Abai’-Bai’tursyn ko’s’esinin’ qi’ylysynda bir ku’ni kes’ke jayay’ kele jatqanmyn, adam qarasy az. Bir bag’annyn’ janynan tag’y arbada otyrg’an ag’ai’ men a’i’el adamdy ja’ne on jas s’amasyndag’y qyzdy bai’qap qaldym. A’i’el men qyz jap-jaqsy ki’inip alg’an. Er kisige «Boldy endi, sasymai’ ki’imin’di ay’ystyrai’yq, bu’gin onsyz da ko’p aqs’a ji’nadyn’» dep oryss’a ku’birlep jatty. I’a’, qai’yrs’y dep, mei’irim tanytyp ju’rgen adamdarymyzdyn’ bizdi aldai’tynyn ko’p jag’dai’da bai’qai’ bermei’tin bolyp turmyz. Olardan ko’ri, ko’s’e kezip, qysy-jazy, kartonnan jasalg’an u’i’di panalai’ beretin syg’andarg’a bizdin’ ti’yn-tebenimiz kerek sekildi. Sebebi olar, o’zderin qai’yr suray’ u’s’in jaralg’anbyz dep eseptei’di eken. Al son’g’y kezderi alaqanyn jai’yp pul surai’tyndardy tek ko’s’eden g’ana emes, og’an qosa jurt qarasy ko’p avtoby’stardyn’ is’inen de kezdestiry’ge bolady. Halyq arasynda tipi olardy ju’rgizy’s’ilerdin’ o’zi mingizip, tabysynan a’ldeqandai’ pai’da alady degen de qay’eset bar. Biri avtoby’styn’ is’inde ju’rse, al biri onyn’ syrtynda ko’ps’ilikti balag’attap, azyn-ay’laq qai’yr tilep alg’an aqs’asyn is’imdikke salyp a’y’re-sarsan’ bolyp ju’r.

584 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы