• Білім-ғылым
  • 13 Қараша, 2017

«ЖЫРДЫҢ СӨЗІ ДӘЛДІГІМЕН ҚЫМБАТТЫ»

Ақындар афоризмдері

Күлзада Мырзағалиева Қостанай мемлекеттік педа-гогикалық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты     Гомер (Б.з.б. 12-8 ғ.) Ежелгі гректің эпик ақыны. *** Жер үстінде адамнан нәзік дәнеме жоқ. *** Дүние сырын ақыл мен жүректі ұштастырып барып ашу керек. *** Айтқан сөзің қандай болса, еститін жауабың да сондай. Пиндар (б.з.б. 518-438) Ежелгі грек ақыны (лирик) *** Мемлекеттің мызғымас негізі – әділеттілік. Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Ұлы ойшыл, энциклопедист, ғалым, ақын. *** Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. *** Ақиқат адалдықпен ақзалас. *** Тіршілікте құрыштай бол төзімді, Сан мәрте ел алдаса да өзіңді. *** Мінез-құлық міні рухани кеселге жатады. *** Бейқамдық сәтсіздікке бастайды. *** Жүргендер көп достық атын малданып, Сен де бір күн қалмағайсың алданып. *** Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. *** Мінез – жанның айнасы. *** Адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы – жақсы мінез-құлыққа байланысты. *** Сұлу саз – жан сергітеді. *** Тән ауырса жан да ауырады. *** Талпыныс тәжі – табандылық. *** Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтазарлықтың – әр алуан көңіл-күйдің ісі. *** Ғаламда әр адамның өз орны бар. Қорқыт VIII ғ. Ұлы ойшыл, күйші, ақын. Оғыз тайпасынан шыққан, қыпшақтың жиені. Қорқытқа байланысты әпсаналар мен жырлар жинақталған «Қорқыт ата кітабы» (XI) деген еңбектің ең көне екі қолжазбасы Дрезден және Ватикан кітапханаларында сақталған. *** Көп қорқытады, терең батырады. *** Бас аман болса, бөрік табылады. *** Дүние –мал шашылмай, «мырза» деген атақ жоқ. *** Тәкаппарлықты тәңір сүймес. *** Ананың хақы – Құдайдың хақы. *** Ауырған жерін ауру біледі. *** Ұлдың күні күн емес, атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес, баста ақыл болмаса. *** Ат арытпай жол бітпейді. *** Қыз анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. *** Ұл ақылды хош көрмес, ата үлгісін алмаса, Қыз жарылқап ас бермес, ана үлгісін көрмесе. *** Ұл – атаның сыры, екі көзінің нұры. *** Адам баласы керуен сияқты: тоқтады, көшті де кетті. *** Ауыр жүктің мехнатын тұғыр емес, тұлпар білер. *** Ердің батқанын ат білер. *** Іннің аузын түлкі білер. *** Сүрлеу сырын түйе білер. *** Жайылымның жақсысын жылқы менен құлан білер. *** Шыққан жан қайтып енбейді, Өлгендер қайтып келмейді. *** Ажал жетпей өлмек жоқ. *** Алыс жолды көзбен көр, көкейге түй. *** Ат шабады, ер шаттанады. *** Қанша қалың жауғанмен, Қар көктемде қалмайды, Гүл жайнаған шалғын да Қара күзге қалмайды. *** Топырақ тау болмайды. *** Айтар сөзді ойлап айт. *** Отыз тістен шыққан сөз – отыз сан ордаға жайылар. Әбу Шәкір (X ғасыр, 916 жыл) Азербайжан ақыны *** Сөз ішінде біз табар – Жалын да бар, мұз да бар. Усойқы бар, у да бар, Балмен қатар тұз да бар. Ахмет Игунеки (XII-XIII ғ.ғ.) Қыпшақтың ұлы ақыны, ойшылы. Түркістан маңында дүниеге келген. «Ақиқат сыйы» атты дидактикалық поэманың авторы. *** Заман емес, адам ренжітеді. *** Жала қылғанға опа қыл. *** Жақсы мінез – жомарттық. *** Өз ашуын өзі баса білген адам – күшті адам. *** Сараң - малдың құлы. *** Әділдіксіз қайыр жоқ. *** Шындық – шипа, өтірік – дерт. *** Кедейлік кемдік емес. *** Бақытта баян жоқ: ұшқан құс тәрізді. *** Сабыр – сауап. *** Бәле келсе, қайғы реніш ала келсе, күте тұр, сабыр ет, қуаныш күт. *** Қона білген көше де білер. *** Жаман мінез жанға опа бермес. *** Жамандық жасасаң да, жақсылық жасасаң да жауапсыз қалмайды. *** Дүние бірде – бал, бірде у ұсынар. *** Сүйеуі бардың сөзі де басым. *** Жақсы жолдас – бауырың. Шота Руставели (XII ғ) Грузин ақыны, гуманнист. *** Жалған сөз жан мен тәнге өлшеусіз азап әкелер. *** Шұғыла төккен жарық күндей лаула, егер де болсаң ғашық, Ер бол асқан, сұлулықтың айғағындай толсаң тасып. *** Қиын – қыстау шақта досын тастап кеткен адам сол қиындықтың тауқыметін кейін өзі тартады. Насыр Хосрау (1004-1072) Насыр Хосрау Әбу Муин әл-Кубадияни әл-Марвази – тәжік-парсы ақыны, философ, діни қайраткер. *** Бос мақтанға салынба сен жағымпазға егіліп, Ғасыр бойы жанды қинап мазақ болма, тегін ұқ. *** Надандыққа жауап берме надан боп, Сенім менен сатқындықты айыра біл адам боп. *** Білім тұрған сұлулық қой, онымен Қатар тұрмас асыл киім тонымен. *** Зерделімен айтысқан да жарасар Надандарға дүние тар әрі асар. *** Білімменен мың қылышты жеңерсің, Ал қылышпен қалай білім теңелсін. *** Жақсы адамның жан дүниесі жарқырар Сырты жылтыр құр босқа тек қалтырар. *** Бақытпен тек мақтануға әрқашан да болады, Егер де ол болып жатса білім-қуат қонағы. *** Адам біткен ақылымен, білімімен қуатты, Онсыз біздер көптің бірі бос өткізер уақытты. *** Ақылдылық құлға да ерік береді, Күмбезді де қайта салып көреді. *** Білім ғана бәрінен де биік етер адамды. Жүсіп Баласағұн (1021-1075) Ұлы түрік ойшылы, ақын. Түрік тілінде жазылған тұңғыш ірі энциклопедиялық туынды саналатын «Құтты білік» даналық кітабының авторы. *** Біліп айтқан сөз – даналық деседі, Біліксіз сөз, қайран басты кеседі. *** Сабыр – ақыл-парасаттың белгісі, Ақылсыз жан хайуанмен тең кісі. *** Ақылды сөз – алысқа атар сұр жебе! *** Жырдың сөзі дәлдігімен қымбатты. *** Білікті сөз, біліктінің өзі екен, Білікті сөз білімсізге көз екен. *** Әділ жанның мол мейірі, шуағы, Екі әлемде күні оңынан туады. *** Ізгілік – күш, ізгілікте – ырысың! *** Сабырлы бол, сабыр бастар мұратқа! *** Жаманнан без, қор қылады басыңды, Ол у жылан, умен булар асыңды. *** Кездестірсең ақылды, ізгі адамды, Ей, ізгі ер, үйлен қойып алаңды. *** Ақылды әйел, ізде – іздесең сен егер, Есті болса, төрт құбылаң теңелер. *** Жақсы іс көп жасайды. *** Күншілдік – көп болып емдейтін дерт. *** Қызғаныш қайда болса, ұрыс-керіс те сонда. *** Ұрының қасында ұры жүреді. *** Көп күлген бір жылар. *** Бәлеқорды байытпа, тәкаппарды өсірме. *** Қиянаттан алыс жүр. *** Көз – жіті, құлақ сақ, көңіл – кең болуы керек. *** Көз көрмей, көңіл тоймайды. *** Ақкөңілділік – адам ойының тазалығының белгісі. *** Қайғы басса, ағаш атқа жайдақ мінерсің. *** Сәлем – сауап. *** Жақсы мінез адамға тамақ та киім де тауып береді. *** Кісіліктің үлгісі – мейірбандық. *** Тегің мен түбіңді ұмытпағайсың. *** Кейін өзің қалмау үшін табаға, Жөнге салып, ие болғын балаға. *** Сұлу әйел алған – өмір бойы қарауыл болып өтеді, Бай әйел алған – өмір бойы құл болып өтеді. Омар Хайям (1048-1131) Омар Хайям – парсы математигі, астрономы, ақын, философ (толық аты Абу-ль-Фатх Омар ибн Ибрахим аль-Хайям) шамамен 1048 жылы Хорасанның Нишапур қаласында дүниеге келіп, сонда қайтыс болған. *** Бөтенге шексіз сеніп қалудан сақтан, дос деп құрмет тұтып жүрген адамның өзі сені сатып кетуі мүмкін. *** Өмір сүрудің екі заңын білген адам бақытта болар. Бірі – не болса соны жей бермей, азығыңа талғаммен қарайтын жан; бірі – кім болса, сонымен дос болмай, айналасындағы достарын жөнімен таңдай білетін адам. *** Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді. *** Жұрттың бәріне бірдей дос боламын дегендер ешкімге де дос бола алмайды. *** Ақымақпен достық құрып, жетіспейсің. *** Дананың берген уын қабылда, ақымақтың қолынан алтын да алма. *** Байқа шырақ, бұ дүниенің байлығын, Уақытша ғой жарамайды тасқаның. *** Сақинаға ұқсайды жаратылыс, Сондағы асыл тастың мінсізі – біз. *** Бұл жалғанда ешкім мәңгі қалмайды, Келу, кету бізден соң да жалғасар. Құтып (? - 1341) Қыпшақтың аса ірі ойшыл ақыны. Шын аты белгісіз. Ақ Ордада өмір сүрген. Әзербайжанның ұлы ақыны Низамидің «Хұсрау мен Шырын» поэ-масын қыпшақ тіліне аударған. Бұл – дүниежүзілік әдебиеттің алтын қорына еңген шығарманың қыпшақ тіліне тұңғыш тәржімалануы еді. *** Қазан көп қайнаса, ас бұзылады. *** Тасыған қазан төгілер. *** Ақырын жүрген алысқа барады. *** Бұлт шықса, бағбан бақшасын ойлайды. *** Дем алу үшін алдымен еңбек ету керек. *** Төзімді тілегіне жетеді. *** Қабырғаның да құлағы бар. *** Асығыстық – ақылдының ісі емес. *** Келісіп істесе, көп іс бітеді. *** Үйдің іргесі берік болсын десең, қабырғасын асықпай қала. *** Кілеміңе қарай көсіл. *** Алақанмен күннің көзін жаба алмайсың. *** Көп ауру көр аузынан қайтады. *** Ойлай білген ер көзсіз батырдан көп артық. *** Ақыл – білімге бастар жол. *** Біреудің бойынан кемшілік іздеме, өнер ізде. *** Біліктіні білгені үшін сыйлайды. *** Су өзінің өрт сөндіре алатынын білмейді. *** Жеміс пісіп жетілгенше ғана өседі. *** Қысылған жерде қоян да арыстанның ісін істейді. *** Ұшқан құсты қуып жете алмайсың. *** Ұшудан қалған лашынның қарға төбесін теседі. *** Гүлді көргенде бұлбұлдың өзі-ақ сайрай жөнелер. *** Кәріге жігітшілік жараспайды. *** Дүние тауқыметінен екі-ақ адам құтылар: біреуді әлі тумаған адам, екіншісі өлген адам. *** Жомарттық жоқ атаққа жол ашады. *** Қара жүрек қайғының не екенін білмейді. *** Елдің бай болуы патшаның ниетіне байланысты. *** Қасыңның қасына да сыр ашпа. *** Ізгілік тілесең, ізгі бол.

58419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы