• Шежіре
  • 03 Сәуір, 2017

Қазақ хандары билік құрған кезеңдер

1456-1473 ж.ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы. 1473-1480 ж.ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы. 1480-1511 ж.ж – Бұрындық хан қазақтарды басқарды. Керей ханның баласы. 1511-1518 ж.ж – Қасым хан билігі. Әз Жәнібектің ұлы. 1518-1523 ж.ж – Қасымның баласы Мамаш хан болды. 1523-1532 ж.ж – Қасымның немере інісі Тақыр хан болды. 1533-1534 ж.ж – Бұйдаш хан Тақырдың інісі хан болды. 1534-1535 ж.ж – Қожа Мақмұт хан болды. 1535-1537 ж.ж – Хан атағы болған сұлтандар: Тоғым хан, Ахмет хан, Хақназар, Наурыз-Ахмет хан. 1538-1580 ж.ж – Хақназар Қазақ хандығының ханы болды, Қасымның баласы. 1580-1582 ж.ж – Жәнібектің немере інісі 80 жастағы Шығай таққа отырды. 1582-1598 ж.ж – Шығай қайтыс болып, орнына баласы Тәуекел отырды. 1598-1628 ж.ж – Есім хан билігі. Шығайдың баласы, Тәуекел ханның інісі. 1613-1627 ж.ж – Тұрсын хан билігі (Тұрсын хандық ішіне хандық құрып Елдің берекесін кетірді, Тұрсынды, Есімхан соғысып жеңіп, қоластындағы Қатаған руымен бірге қырып жіберді...) 1628-1652 ж.ж – Жәңгір хан болды. Есім ханның баласы. 1680-1715 ж.ж – Әз-Тәуке хан билігі. Салқам Жәңгірдің баласы. 1718-1726 ж.ж – Батырдың билігі. 1726-1730 ж.ж – Болат хан билігі. Болат-Тәуке ханның бел баласы. 1720-1740 ж.ж – Ұлы жүзді Жолбарыс хан басқарды. 1718-1748 ж.ж – Әбілхайыр Кіші жүзге хан болды. 1748-1786 ж.ж – Нұралы Кіші жүзге хан болды 1791-1794 ж.ж – Ералы Кіші жүзге хан болды. 1795-1797 ж.ж – Есім Кіші жүзге хан болды. 1797-1805 ж.ж – Айшуақ Кіші жүзге хан болды. 1805-1824 ж.ж – Шерғазы Кіші жүзге соңғы хан болды. 1716-1719 ж.ж – Орта жүз ханы Қайып хан билігі. 1719-1734 ж.ж – Орта жүз ханы Сәмеке хан билігі. 1734-1771 ж.ж – Орта жүз ханы Әбілмәмбет билігі. 1771-1781 ж.ж – Абылай хан билігі. 1781-1819 ж.ж – Орта жүздің соңғы ханы Уәли билігі. 1815-1817 ж.ж – Орта жүздің соңғы ханы Бөкей билігі. 1841-1847 ж.ж – Кенесары билігі. Кенесары – Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы.

1741 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы