• Айтарым бар...
  • 19 Қаңтар, 2017

Басқаның түтінін түтеткен қаракөздер...

«Дүнгендер мұсылман болғанмен қытайға қыз беріп, қыз ала беретін ұлт. Дәуір бір аунаса, мұсылмандығын ұмытуға да шақ тұрған халық. Мына қыз енді соның етегінен ұстамақшы. Басқанаың түтінін түтетіп, ұрпағын жалғастырмақ. Не істемек керек?»,- дейді  Есболат Айдабосын өзінің «Тибет аруы» әңгімесінде.

 Бірі қытаймен, бірі түрікпен, бірі орыспен, бірі американдықпен  отбасын құрып жатқан қазақтың қаракөз қыздарының қатары толығып келеді, бүгінде. Қазақтың апталдай азаматтарын місе тұтпайды қазіргі бойжеткендер. «Жиен ел болмас, желке ас болмас».   Алайда, жігіттеріміздің арасында өзге ұлттың қызын алу сәнге айналып тұрғанда, өзгесіне не дей аласың?Аралас неке құру кейінгі кездері халықтың арасына талқыға түсіп жүрген басты мәселелердің бірі.  Шариғат бойынша  мұсылман жігітіне християн мен яхудей (еврей) қыздарын ислам дінін қабылдатса жар ретінде алуға рұқсат етілген. Ал, мұсылман қызына өзге ұлттың еріне тұрмысқа шығуына болмайды.  Мәселен Алаш арыстарының  бірі Ахмет Байтұрсынов – өзінің жары Бәдрисафа (Лақап аты) жайында: Сұрасаңыз  есімі Александра Иванова, Ризамын құдайдың оны маған қиғанына. Бір кәпірді мұсылман қылып сауап тапсам, Тұрмай ма он молданың иманына. -дейді.Осы сияқты өзге ұлттан әйел алған зиялылар қатарын – Мұхтар Әуезов, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Қаныш Сәтбаев сынды  тұғырлы тұлғалар толықтырады.Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ 2011 жылы 25669 нек тіркелсе 2015 жылдың ескптері бойынша 27649 аралас отбасы пайда болған.   Біздің мемлекетімізде некенің бұл түріне қарсы заң қарастырылмаған. Сондықтан болар  аралас некеден туған балалардың саны да күрт өсіп келеді.Солардың бірі Алина Қожабекова есімді жасөспірім. Оның әкесі – қазақ, шешеші- кәріс. «Менің жасым он жетіден асты. Мектепті қазақ тілінде бітірсем де, ес білгелі кәріс тілін қоса оқимын. Бірақ, біздің отбасымызда екі тілде де сөйлемейді, көбінше орыс тілін қолданамыз. Ата-анамның екі дін өкілі, екі түрлі ұлттың адамы болғаны мені қатты қинайды. Бала күнімде оған аса мән бере қоймайтынмын. Дегенмен, өсе келе ата-анамның менің болашағым жайындағы жанжалдары осы мәслеге ойлантуға мәжбүр еттті . Анам өзінің туған жеріне қайтадан көшіп кеткісі келеді, ал әкем оған мүлдем қарсы. Екеуі екі жақтап өз салт-дәстүрлерін, тіл,діндерін, сал-жоралғыларын үйретіп дал қылады. Біздің үйде екі ұлттың да екі діннің де мерекелері тойланып, ғұрыптары орындалады. Нақты біреуіне көшейін десем әкемнің де, анамның да көңілін қимаймын. Мен балаларыма не үйретемін деп көп алаңдаймын? Мен кіммін өзі? Деген сұратқтарда жиі мазалап жүр.»,- деп назын білдіріп отыр.  Ал  Бауыржан  Егоров үшін  ата-анасының ұстанатын діні де, екеуінің ұлты да маңызды емес. Ол тіпті метис болғаны үшін қуанады. Өзінің айтуынша аралас некеден туған балалар сымбатты әрі өте ақылды болады. Алла біреу тек оған сенудің екі түрлі ағымы бар. Барлық адамдар бірдей, ал екі дін, екі ұлт деген бір мекемеге әртүрлі екі есіктен кіру ғана. Алина мен Бауыржанның мәселесінен бөлек,  қытайдағы қандасымыздың басынан өткен мына оқиғасы  тіптен жаныңды түршіктіреді.  Қытай қызын өзіне жар етіп алған қазақтың азаматы көп ұзамай одан бала сүйеді. Алайда, тағдырдың жазымышы шығар ол нәресте көп ұзамай шетінеп кеткен. Қандасымыз баласын шариғатпен жер қойнына тапсырмақшы болады, дегенмен әйелі оған келіспей баласын өртеймін деп шешім қабылдаған. Ерлі –зайыптылардың арасында туған жан-жалдан кейін екеуі сотқа жүгініп, бала анасына тапсырылып , қазақтың  баласын өртеп тастаған екен. Жалпы шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақ  қыздарынан келетін қауіп жөнінде Мұхтар Шаханов жер комиссиясының отырысында атап өткен болатын. Дәл осы тұрғыда шетел азаматшаларын жар қып алған қазақ жігіттері де ел ертеңіне едәуір әсерін тигізері хақ. Ата-ана – баланың бас ұстазы. Олардың тәрбиесі – бала мінезінің іргетасы. Себебі, әке-шеше – баланың бағыт алар шамшырағы іспеттес. Ал екі  тілде сөйлеп, әртүрлі дін ұстанатын, екі арнадағы адамдар балаларына бағыттаушы бағдаршам бола ала  ма? Қазақта «Текті» деген сөз бар. Кез келген адам баласы тегіне қанына тартпай болмайды, ал қаны аралас бала дүбәрә ұрпақ болмағанда кім болады?

Дана Русланқызы

925 рет

көрсетілді

7

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы