• Білім-ғылым
  • 17 Қаңтар, 2017

ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылымдарда өзінің жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтын, абыройлы шығармашылық қызметімне ерекшеленген бірнеше азамат Ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесінің құрметіне мемлекеттік марапаттарға ие болды. «Ақиқат» журналының бас редакторы, М.Мақатаев атындағы сыйлықтың лауреаты, ақын Аманхан Әлім және «Үркер» журналының бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» юбилейлік медалін өңірлеріне тақты.

908889

 

«Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, тәжірибелі журналист, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты Нұрперзент Домбай «Ақпарат саласының үздігі» өңірлік белгісімен марапатталды. «Ұйғыр авази» газетінің аға  корректоры Юлдузай Симетованың ұзақ жылғы еңбегі ҚР ақпарат және коммуникациялар Министрінің Құрмет грамотасына лайық деп танылды.

Награда иелерін «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры, Редактолар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин құттықтап, алдағы уақытта да шығармашылық биіктерден көріне берулеріне тілектестік білдірді. Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

 

323 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы