• Білім-ғылым
  • 17 Қаңтар, 2017

«ҮРКЕР-ҮМІТ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАДЫ

Бүгін ҚР Ұлттық кітапханасында «Қазақ газеттері» ЖШС-на қарасты «Үркер» әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналының «Үркер-үміт» атты жас таланттар байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. 2010 жылы бастау алған байқау проза, поэзия, публицистика жанрларына қалам тартқан жастард қолдауды  мақсат тұтып, осымен екінші мәрте өткізіліп отыр.

         Марапаттау рәсімін «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры-Редакторлар кеңесінің Төрағасы Жұмабек Кенжалин құттықтау сөзбен ашып, аталмыш төл жоба ұлттық әдебиетімізді жастар арасында дәріптеудің таптырмас құралы екенін баса айтты.

11

«Үркер» журналының Бас редакторы, жазушы Қуандық Түменбай байқауға бір жыл ішінде 50-ден астам шығарма келіп түскенін айтып, байқау өте тартысты өткендіктен үздіктерді анықтау қиын болғанын жасырмады.

12 13 14 15Қазылар алқасының шешімімен проза жанры бойынша «Қазақ әдебиеті» газетінің тілшісі Әлібек Байболдың «Қамшының көлеңкесі» шығармасы мен  жазушы, Семей қалалық Мәдениет және Тілдерді дамыту бөлімінің инспекторы Қуат Қиықбайдың «Тәуелсіз тоқал» әңгімелері үздік деп танылды. Ал «Қазақстан» РТРК АҚ Қызылорда облыстық филиалының қызметкері Толқын Қабылша «Көз жасын күн сүйетін көктеммін мен» атты өлеңдер топтамасымен  поэзия жанры бойынша жұлдегер атанса, «Қазақ газеттері» ЖШС-нің қызметкері Нұрлан Құмардың «Аламан бәйге – ауыл баласының арманы» атты мақаласы публицистика жанры бойынша жеңіске жетті. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсімінде ҚР Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, «Ан-Арыс» баспасының директоры  Кәдірбек Құныпияұлы, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасы Ономастика бөлімінің басшысы Өтепберген Қалабай жеңімпаздарды құттықтап, сый-сияпаттарын  ұсынды. 

 

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы