• Білім-ғылым
  • 12 Қазан, 2016

ҚАНДАУЫР ЖҮЗІНДЕГІ ҒҰМЫР

Хирург және Ысқақ Наушаұлы Исергепов туралы толғаныс

 

Ысқақ Наушаұлы Есіргепов 1936 жылы Қостанай облысының Қарабалық ауданының Коммунар ұжымшарында көп балалы отбасында дүниеге келген. Анасы – сауыншы-стахановшы, екі рет Мәскеуде Стахановшылдардың Бүкілодақтық Съезінің делегаты болған, «бүкілодақтық староста» М.Калининнің қолынан мадақтама қағазынын алғанына өте мақтаныш ететін.  Әкесі өктемшіл, қадірменді болыпты, табиғи епсекке, байқампаздыққа ие болған, жануарлардың қылықтарын, табиғаттың құбылыстарын жақсы білген – бұның бәрі оның жанұясына даланың каһарлы жағдайында сау қалуына көмек көрсеткен.  Білімі болмаған ол орта мектептің 10 сыныбы мамандық алуға және де өзінің тұрмысын түзеуге әбден жеткілікті деп санайтын. Ол ұлына үзілді-кесілді түрде үйден тыс жерде білім алуға тыйым салды. 

Тыңды игеру және келешеккке жолдама

Әкесінің еркіне қарамастан Ысқақ институтқа түсу үшін алыстағы Алматыға қашып кетеді. Жылы ұясынан тыс жерде не туған-туыстары, не таныстары жоқ жалғыз өзі бейтаныс қалаға келген қазақ мектебін бітірушісіне емтиханды бір орынға 16 адам конкурсымен жалпы негіздемемен тапсыру (ол кезде қазақ бөлімі болмаған)  – нағыз сынақ болды. Ол әлі күнге дейін қабылдау емтихандағы өзінің шығармасының тақырыбын есте сақтап жүр – «Көтерілген тың». 1954 жылы, бірінші талпынысынан-ақ, Ысқақ Есіргепов Алматы медициналық институтына түседі. Әсіресе бірінші институттық жылдары, Философия, Коммунизм тарихы және т.б. осы тәрізді пәндерді оқу қажет болғанда,  қиындықтарға тап болды  – тілдік кедергі өзін көрсете білді. Клиникалық пәндер басталғаннан кейін  жеңілірек бола бастады. 

003

Кезекті спорт жетістіктері   

Институттық жылдары ол белсенді, қоғамшыл, комсомол жетекшісі болды. Бессайыс бойынша институттың құрама командасына кірген: конкур (ат спорты), тапаншамен ату, жүзу, семсерлесу, конькимен жүгіру спорты. 

image005


Жарасымды жұптың әңгімесі таусылмайды 

Биді игеріп алды, кез келген серіктестің ортасында, әйелдердің сүйіктісі  болды. Осы кезде оның тағдырына  профессор, мединституттың проректоры және ақырында ең жас ғылым докторы, әйгілі қазақстандық патогистолог болған курстасы мен жақын досы Геральд Семеновтің анасы Валентина Вячеславовна Александрович ықпал тигізді. Осы кісі қарапайым қазақ жігітінен көшбасшылық, біртума тұлғаның нышандарын көре алды және де барынша көмек көрсетуге тырысты. Ол өзінің досының ұйінде көп уақыт болып тұрды, оны тек қана қалалық әдеттерге үйретпеген, сонадай-ақ кедей студенттің ашығуына жол бермеген сыпайы, зиялы адамдарды ризашылықпен жиі есіне алады.  Сол кезде ұлттық кадрларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылған, сондықтан институтты тәмәмдағаннан кейін Ысқақ Герцен атындағы Мәскеу онкология мен радиология институтының аспирантурасына жіберілді.  Кандидаттық диссертациясын қорғаудың жолы болмады, өйткені сол сәтте ол қарт-әкесіне, яғни туған еліне қайтуға мәжбүр болды, көп балалы отбасы оның көмегіне мұқтаж еді.  

image007
Өмірлік жары Мадинамен 
50 жылдан астам бірге

Жоғары курстардың жазғы демалыстарының бәрінде ол Қостанай облысының Семиозер ауруханасында жұмыс істеді, барлық операцияларға қатысуға тырысты, түндерде кезекші болды, күндіз оқуын жалғастырды; алғашқы өзі жасаған отасын – аппендектомияны Мединституттың 3-інші курсында өткізді.  Дипломды маман болып, Ысқақ Есіргепов өзінің еңбек қызметін студент бола тұрып тәжірибеде күн мен түндерін өткізген дәл сол ауруханада жалғастырады. Ол ең қиын оқиғаларға кірісіп кетеді, өзіне жауапкершілік жүктеуден сескенбейді, ауданның ең қашық түкпірлеріне, шопандардың нүктелеріне барып тұрады. Ол жылқы тепкен алты жасты баланы ата-аналары қолдарына ұстап алып келгендерін әлі еске алады:    ішкі мүшелерінің жарылып кетуі және ішке қан кетуі аман қалуға мүлде мүмкіндік бермеген, бұны баласын қолдарында ұстап келген ата-аналарының да өздері түсініп тұрды. Күдіктер пен ойланушылыққа уақыт болған жоқ: ота жасайтын бөлме лезде ашылды, хирург көкбауырды алып тастады, тамырларды қосып тікті, қан кетуін тоқтатты, қаңсырауды толықтырды және де кішкене баланы шыныменен «өмірге қайта келтірді». 
Сол қиын жылдары жас дәрігерге травматология, акушерлік-гинекология, нейрохирургия, педиатрия және т.б. бойынша оталарды өзі  жасап жүруге тура келді. Адамның өмірі тек қана бір дәрігерге байланысты болып тұрса, көмек пен кеңес ешқайдан келмейтін болса, ал есеп сағат пен минутпен жүріп тұрса – көп салалы маман болу қажеттілігі туындайтын. 

image009

Хирургиялық бригадының еңбек күндері

Сол кезде ол өзі үшін ең басты кәсіби ережені  шығарды: ең бастысы тек қана адамның өмірін сақтап қалу емес, сонымен қатар оның еңбекке жарамдылығын мүмкіндігінше сақтап қалу. Өндірістік жұмыс кезінде табан сүйектері уатылып кеткен, тек қана бірен-саран сақталып қалған тамырлы-жүйке байламдарында, тері-бұлшықеттік кесінділерде еті ілініп тұрған, жас шофердің өміріне араша түсуге тура келді. Бұндай жағдай ең басынан өмірмен үлеспейтін болатын, гангрена төніп тұрды және сол кездегі хирургияның қағидалары мен техникалық деңгейі бойынша ампутациямен тыну керек еді. Жас ауылдық хирург мүмкін болмағанды істеді: арнайы жабдығы жоқ, тек қана өзінің «шебер қолдарымен», тамаша хирургиялық дағдылар мен сабырлылықпен бірнеше сағат ішінде барлық сүйек сынықтарын жинады, тынымсыз еңбектеніп барлық жыртылып кеткен тіндерді құрастырып тікті. Ота ғана бірегей болған жоқ, сондай-ақ нәтижесінде табанды қалпына келтіру, мүгедектіктен аман алып қалу, келешекте жас жігіттің тағдырын  күн-түні бақылау, ауыр сырқатты күту аса қиын болды. «Сіріңке қорабындай қысқарса да, өзімдікі ғой!»,-деп жас шофер жігіт өзінің аяғының құтқарылуының таңғаларлығымен мақтанатын және өзін аман алып қалушыға алғысын айтып жүрді.  Ал, арада 20 жыл уақыт өткеннен кейін хирургтің қызын кездестіргенде ол әкесін өлімнен құтқарған жанға алғыс айтып, небір жайтты әңгімелеп берген еді.  Бұндай «кереметтер» Исергеповтің тәжірибесінде – күнде қайталанатын істер, еңбек, қате жасауға құқысыз болғандығының арқасында ол мыңдаған балалар мен ересектерді  өлімнен арашалап алды. Емделушілер дарынды хирургті өмір бойы жылы сөзбен еске алып жүретіндігі сондықтан болса керек.  
Жемісті жұмыс жылдары жас хирург тек қана өте жақсы хирург деген атқа ие болған емес, сонымен қатар облыстың басшылары көре алмауға мүмкін болмаған ұйымдастырушылық қабілеттерді де дамытты. Ысқақ Есіргепов зор ризашылықпен оның тағдырында маңызды рөлі болған тағы бір әйелді еске алады. Облыстық денсаулық сақтау бөлімін басқарған Зоя Тимофеевна Лузина, хирургтің кәсіби қасиеттерін көріп,  оны ең қиын учаскелердің біреуіне жіберу туралы шешім қабылдайды – жаңадан құрылған тың ауданының медициналық қызметін ұйымдастыруға және басқаруға. Қойылған міндет, қазіргі өлшемдер бойынша, орындалмайтын сияқты болды:  мамандардың, үй-жайлардың, жабдықтың жоқ кезінде Камышин ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету қызметін «жоқтан бастап» делінетіннен фельдшерлік-акушерлік пункттерден аудандық ауруханаға дейін, босандыру мен педиатрияны (ал бұл жұқпалы аурулардың індет кезеңі болатын: қызылша, дифтерия – балалардың өлім-жітімі өте жоғары) қоса есептегенде, егетін бөлмелердің, емханалардың, сүт асүйлерінің ұйымдастырылуы. Ол өзі дәрігерлерді, мамандарды шақырды, өкіметтен қызметкерлер үшін тұрғын үйді, бала бақшаларды алып беруге уәде берді және дегеніне жетті, үй-жайларды, жабдықты «ізденіп алды», құрал-саймандарды сатып алды. Сонымен қатар ота жасауды, емдеуді, өмірлер мен тағдырларды құтқаруды жалғастырды.  

image011

Камышнин ауданында ғарышкер 
Б.В. Волыновты  қарсы алу сәті 

Одан кейін, ондаған жылдар өткен соң, облыстық ауруханада жұмыс атқарып жүрген  Ысқақ Есіргепов Кеңес Одағы кезінде Жоғарғы Кеңес депутаттыққа дауысқа түсу туралы шешім қабылдайды және өмірінде алғашқы рет сол күресте жеңіліп қалады.  Бірақ, әрдайым сәтсіздікке берілмейтін мінезді  адам екінші рет депутаттыққа дауысқа түседі де, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесінің депутаты болады. Дауыстардың ең көбін өзі жастық шағында ауылдық дәрігер, одан кейін әйгілі хирург болған мезгілдегі елді-мекендер берген еді. Осыдан кейін оның өмірінде айтарлықтай  оқиға болды, Кеңес Одағы ыдырап кетеді, ал ол депутат ретінде жас тәуелсіз мемлекеттің іргесін қалауға қызмет етуге құлшынды

image013Парламенттік  үзілісте 

Ысқақ Наушаұлы әлі күнге дейін мақтаныш және толқыныспен Қазақстанның Конституциясын қабылдауға қатысқанын еске алады. Жоғарғы Кеңесте Әйелдер істері, ана мен баланы қорғау жөніндегі комитетін басқара отырып, бұрыңғыдай денсаулық мәселелеріне басшылық етіп, ол өзінің отандастарының денсаулықтарынің игілігі үшін жұмысын жалғастырды.   

image015

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 
Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі    

Қазақстан Парламентінің депутаты болған тұста Ысқақ Наушаұлы сайлаушылармен кезекті кездесуде болған мезгілде аудандық трассада, төтенше жол-көлік оқиғасы  болды, әйгілі қазақ жазушы Сырбай Мәуленов жұбайымен зиян тартты. Кездейсоқ жағдайда жақын жерде депутат Есіргепов болып шықты. Шынымен дала жағдайында білікті бастапқы көмек көрсетті және осымен тағы бір рет адам өмірін өлімнен сақтап қалды. Адамдарды құтқару дағдысы нағыз дәрігерлерде, лауазымдары мен қоғамдағы орындарына қарамастан, өмір бойы сақталып қалады. Сондықтан парламенттік қызметін аяқтағаннан кейін Ысқақ Наушаұлы Облыстық кардиологиялық диспансерге басшылық етіп, одан кейін өзінің еңбек қызметінің көп уақытында хирург болып қызмет атқарған және сол жерден құрметті еңбек демалысына шықты. Артынша облыстық ауруханасына қайта оралып, сапқа тұрды. 
Есіргепов Ысқақ Наушаұлы – жоғары санатты хирург, еңбек өтілі 48 жылдан астам, денсаулық сақтаудың үздігі, Еңбек Қызыл Ту Орденімен, «Еңбек озаттылығы үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Парламентінің 10-жылдығына» деген мерейтойлық медальмен және «Алтын Дәрігер» құрмет медалімен марапатталған. Жұбайы Мадина – педиатр, отау құрғандарына биыл 52 жыл толады. Жанжарымен үйде де, жұмыста да бірге жүреді, олардың 4 қызы (оның біреуі дәрігер), 7 немересі және 1 шөбересі бар. 2016 жылы, таяуда ол  80-жылдық мерейтойын  атап өтті. Жүздеген емделушілер мен жай ғана сәті түсіп осы ғажап адаммен кездескендер Ысқақ Наушаұлына мықты денсаулық, оптимизм, сарқылмас шаттық, татулық пен жақсылық тілейді!  


Нұрлан ҚҰМАР

471 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы