• Білім-ғылым
  • 13 Қыркүйек, 2016

МАҒАН ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ӨЗГЕРІС КЕРЕК

Дина Батаева, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Әлем өзгергендіктен, сіз өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет. 

Неліктен өзгеpу қажет? Менің өзгеруім қажет, cебебі әлемдегі барлық адамдаpдың ішінен – біз ғана, яғни мұғалімдер, үзіліссіз оқудың бағасын түсінеміз. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріміз арқылы өз балаларымызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, мен өзгеремін. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен  мен өзгеремін. 
Мен осы сұраққа өзімнің жауабымды тереңірек ашқалы отырмын. Қазақстан бойынша Деңгейлік бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан біліктілік арттыру курстарына қатысқан әрбір мұғалім осы сұраққа тоқталып, өз ойларын түйіндеген болар. Мен де  I деңгей  Бағдарламасы бойынша мектепке, мұғалімге өзгерістің қажеттілігі туралы әріптестеріммен бөлістім. Себебі Бағдарлама идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделген. Менің пікірімше, қазіргі мектептердің қай-қайсысы болса да сындарлы оқыту үдерісін іске асыруда оқытудың жаңа тәсілдерін тәжірибеге енгізу керек. Ал ол менің және әріптестерімнің өзгеруін қажет етеді.   Себебі дәстүрлі көзқараста «оқыту» санаты сынып жағдайында ғана жүзеге асырылатын, белгіленген стандарттарға қатаң сәйкестікте құрылымдалған, мұғалімдер іске асыратын, ақпарат «білетіндерден – білмейтіндерге» деген сызба бойынша берілетін, тестілеу және емтихан түрінде бағаланатын үдеріс. Ал инновациялық көзқараста сұрақтар қойылады, ойлау үдерістері туралы ой қозғалады, оқыту дараландырылады, идеяларды ойластыру, түсіну, растауға, ой-сана мен сезімдерді жандандыруға бағытталған талдау жүргізілетін, өнегелік маңызы бар құндылықтар келісілетін қызмет. 
Менің ойымша, теорияны практикамен ұштастыруда қиындықтар кездесіп жатады. Практикаға қажетті әдістемелер сауатсыздық танытып жатады. Игерілген  білімдерін нақты жағдайларға, тіршілік құбылыстарын дәлелдеуге жеткіліксіз болып жатыр. Халықаралық зерттеулердің (TIMSS және PISA) нәтижелері  оқушылардың көпшілігі әдіснамалық және экологиялық біліммен  қаруланған. Талдау, салыстыру, ғылыми дәлелдеу,  көзқарастарын  негіздеуде талап ететін тапсырмаларды орындауда төмен нәтижелер көрсетеді.
Елдің бәсекелестігін дамытуда білім-ғылым саласына басымдық беру – бұл болашаққа ақыл-ой инвестициясын салумен бірдей. Білім-ғылым саласы кез келген мемлекет үшін тұрақты әрі орнықты дамудың негізгі факторы болып табылады. Білімге салынған қаржы елге кейін бірнеше есе қайтары сөзсіз. 
Жаһандану жағдайында білім беру саласы жоғары дамыған елдер арасында Финляндия, Қытай, Сингапур елдері ерекше көзге түседі.
Фин мемлекетінде мұғалім, ұстаз мәртебесінің жоғары болуы, мұндай мамандық иесіне деген құрметтің ерекшелігі де өзгеше. 
Соның айғағы болар, Фин еліндегі мектепті  бітіруші түлектер арасында ұстаздыққа деген құлшыныс жоғары болатын көрінеді. Финляндия Білім министрлігі педагогикалық кадрлар құрамын жасарту саясатын үнемі жүргізеді, нәтижесінде мектепке талантты әрі жас мамандар көп тартылады.
Ал, Қытай мен Жапония болса жаһандану жағдайында өздерінің ұлттық мемлекеттерінің мәртебесін алдыңғы орынға қояды. Бұл елдерде оқушылар 13 жасқа дейін міндетті түрде ана тілінде білім алуы көзделген. Менің ойымша, егер 13 жасқа дейін ана тілімен сусындаған адам еш уақытта өз тілін ұмытпайды. 
Білім  жүйесі  бойынша  шет ел мемлекеттері соңғы 10-15 жылда қарқынды реформалар жасап тастады. Әлемдегі ғылыми-техникалық прогресс пен ғылыми жаңалықтар қолжетімді білім мен ақпарат көлемін мейлінше арттырып жіберді. Менің ойымша, елді елең еткізгені – электрондық білім беру, қаржыландыру, сапаны ұлт деңгейінде қадағалау, Кембридж университеті бағдарламасы бойынша оқытушылар біліктілігін арттырудың жаңа жүйесі. Кез келген  мемлекеттің білім беру жүйесі әлеуметтік тапсырыс пен мемлекет сұранысын ескере отырып, өзгермелі заманда үнемі жаңартуды және жетілдіруді талап етеді. Ал мұғалімнің рөлі еш азаймайды, өйткені кәдімгі сабақтар жойылмайды. Педагог білім берудің жаңа құралдарына ие болады, оны дәстүрлі әдістермен қатар тиімді қолдану бірінші кезекте ұстаздың өзіне байланысты. Күні кеше ғана мұғалім өскелең ұрпақ үшін білімнің ең басты, тіпті жалғыз қайнары болды. Бүгінде жағдай басқаша. Әр оқушының алдында телегей-теңіз ақпарат бар. Бұл ақпараттар адамзаттың таптырмас жетістігі – ғаламтор және ғаламдық қатынас технологияларының көмегімен келеді. Қазіргі таңдағы балалар өз өмірін онсыз елестете де алмайды. Ол балаларды өз пәніне оқытып қана қоймай, мағлұматты өздігінен табуды, маңыздыларын іріктеп, кәдеге аспайтын, қажет емес ақпараттық ағымдарды сүзгіден өткізіп отыруы қажет. Бұл – мұғалімнің түбегейлі жаңа және оңайға түспейтін миссиясы. Осыған байланысты әлемнің көптеген елдеріндегі білім беру реформаларын зерттеп көрсек, әлем бойынша академиялық рейтингтен алғашқы 10-орынды АҚШ, Швеция, Канада, Финляндия, Дания, Швейцария, Норвегия, Австралия, Голландия және Ұлыбритания алды. Дегенмен кейбір елдердің білім жүйесін зерттегенімізде мынадай сұрақтар туындады. Басқа Еуропа елдеріндегі тәжірибені біздің Қазақстан мектептерінде енгізе беруіміз керек пе? Біздің менталитетімізге, ұлттық болмысымызға сай келеді ме? Біздің мемлекетіміздің мектептері материалдық деңгейде дайын ба?
Еуропа елдерінде қалыптасқан дәстүрі мен тарихы бар британ білім жүйесі оқушыларды тәуелсіз ойлай және өзі жұмыс жасай алуға дағдыландырады. Бұл қасиет – әлемдегі ең бағалысы. Ұлыбританияның орта мектептерінде оқытуды ұйымдастыру толығымен саралау принципіне құрылған.
Ресей мектебі оқушыларды саралап оқыту бойынша жеткілікті тәжірибе жинақтады. Білім беру ұйымдарының жаңа нұсқалары – гимназиялар, лицейлер, колледждердің пайда болуы ықпал етті.
Жер жаһанда әр түрлі ой-пікірлер туғызатын өзгерістер орын алуда, бұл өзгерістер адамзат өмірі мен қызметінің барлық салаларына, әсіресе, білім саласына әсерін тигізуде. Жоғары оқу, арнаулы оқу және мектеп орындарын тәмамдаған тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі,  кәсіби  және  әлеуметтік  ұтқырлығы сұранысқа ие бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдарының ашықтығы, компьютерлік желілердің қолжетімділігі, өмір салты, өзін-өзі ұстау, мұғалім мен білім алушының арасындағы қарым-қатынастар жөнінде дәстүрлі түсінікті кеңейтіп, өзгертуде. Менің ойымша, дамуды ойлаған ел ең алдымен ғылымның, білімнің әлемдік деңгейге сай болуын ойлайды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев серпінді білім беру бағдарламаларының бастамашысы бола отырып, білім беру жүйесін дамыту керек деді. Мемлекет басшысы барлық бағдарламалық құжаттарда сапа, адами капиталға инвестициялардың толықтығы және ұлттың бәсекеге қабілеттілігі арасындағы өзара байланысты атап көрсетеді. «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек», - деген болатын.       
Бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 
Француз қайраткері « Адамға оқып-үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдарламаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, менің ойымша құзіреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінемін. 
Елімізде қабылданған оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту мақсатында қабылданған бес жылдық ұлттық жоспардың мақсаты  жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. 
Қазіргі қоғамның маңызды проблемаларының бірі – дамып бара жатқан әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүріп қана қоймай, болып жатқан құбылысқа белсенді әсер ете отырып, оны жақсартуға бейім тұлғаны емес, көшбасшы тұлғаны қалыптастыруымыз керек болып отыр.
Мен қазіргі кезде «көшбасшы» санатының мәні өзгергендігін білдім. Дәстүрлі және инновациялық көзқарастарды ой елегінен өткізе отырып және де жіктей келе айырмашылықтарын анықтағанда, осыған дейін Көшбасшы деп ұжымның бірінші басшылары, сондай-ақ белгілі бір мәртебесі мен тиісті өкілеттілігі бар харизмалы, үйірімпаз, бақылау жүргізетін, барлық жағдайларда қолданылатын «үздік» үлгілік тәсілдердің әмбебап жинағын пайдаланатын тұлғалар деп санасам, қазіргі түсінуіме сәйкес көшбасшылық шынайы мәнмәтінмен үйлескен, маңайындағыларға ықпал ететін, белгілі бір инновациялар мен шешім қабылдауға бастама жасайтын, барынша қолайлы және өзгеріп отыратын оқуды қамтамасыз ететін тұлға.(«МТ кезеңі» 4-бет)
Енді ондай көшбасшыны қалай аламыз? Нұсқаулықпен таныса отырып көшбасшы біз болуымыз керек екенін ұғындым да, мұғалім ретінде мектепте білім жүйесін жетілдіру кезеңінде көшбасшы деңгейінде атқарған жұмыстарым тиімді, пайдалы болатынына көз жеткізіп отырмын. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер еліміздің білім беру жүйесін қайта қарау қажет екенін мен теледидардан көріп, әдеби кітаптар мен баспасөз ақпарат құралдарынан оқып отырмын. Білім саласының қарқынды өзгеруі білім саясаткерлері үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде біздер – мектеп мұғалімдері үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отыр.
Қазіргі таңда заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі алған білімдерін  жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне  басты назар аудару болып табылады. XXI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осындай (МАН.5-бет). 
Іс-тәжірибені өзгерту арқылы ғана, біз білім беруді реформалауды жүзеге асыра аламыз және Қазақстанның барлық оқушылары үшін барлық сатыда және барлық пәндерде қызықты, әрі пәрменді болатын оқытуға топтасу қуатты дәлел болып көрінуі мүмкін.Өзгерістер үшін көшбасшылық оқушылардың  болашағы үшін моральдық жауапкершілікпен келеді.
Біздің мақсатымыз – оқушыларды сын тұрғысынан бағалау мүмкіншіліктерімен қамтамасыз ету және ол алған білімімізді шығармашылық тұрғыдан тиімді қолдану болуы тиіс.Оны істеу үшін, оқушыларға сыни ойлау, мәселелерді ұтымды шешу және осы мәселелерді шешу үшін басқаларымен бірігуіміз қажет. Бізге, яғни мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі, себебі біздің педагогикамыз әлем азаматының дамуын қолдайтын құрал болады. Біздің жақсы оқушымыз  білімді, сыни болуы және шығармашылық көзқарасымен ерекшеленуі тиіс.
Шульман (2007) «басты, қолдарды және жүректі», атап айтқанда, теориялық ұғынуды, іс-тәжірибелік дағдыны және кәсіби тұтастылықты қолданатын жақсы оқытуды сипаттайды. Менің көптеген әріптестерім сияқты мен де жұмыста өзімді мұғалім деп есептейтіндігіме қарамастан, әлем жаратылысы өзгерді деп, тиімді оқытуды қолдайтын көзқарас ілгерілегендігін, теория мен іс-тәжірибенің арасындағы байланысты байқадым. Жаңа теория жаңа іс-тәжірибені әкеледі, менің іс-тәжірибеме деген көзқарас жаңа кәсіби дағдылардың дамуын іздестіру үрдісіндегі түсінігімді тереңдетті. 
Деңгейлік Бағдарлама дәрістерінің нәтижесінде мен оқытудағы өзімнің іс-тәжірибеме сыни тұрғыдан қарай бастадым және оқушыларымның жеке қажеттілігін ұғынуым және әрбір оқушыға барынша сыни, тиімді және проблемаларды бірлесіп шешуде көмектесетін оқытудың ортасын қалыптастыру мүмкіндігі бар екендігіне көзім жетті. 
Деңгейлік Бағдарлама дәрістеріндегі тақырыптардың ішінен «оқыту үшін бағалау» тақырыбына келгенде, менде екі проблемалық мәселе туындап, өзіндік қызығушылығым болды. 15 жылдық еңбек өтілімде біріншіден, осы уақытқа дейін оқушыларды өзім бағалап келсем, екіншіден,  қойылған бағалар оқушыны  «қанағаттандырды ма, жоқ па» ол туралы мен ойламаппын. Мерсер мен Фишер (1993) мұғалімнен оқушыға жауапкершілікті беру негізді тиімді қалыптастырудың мақсаты болып табылады. Оқыту үшін бағалауға қолдау көрсететін педагогикалық стратегияларды енгізу мәселесінде ұстаздардың көздерін жеткізу қиын болады. Дегенмен де, оқушыларымызға өзінің бағалауына бақылау жүргізу мүмкіндігін берген жағдайда оқушыларымыз айтарлықтай табысты болады деген дәлелді қолдайтын көптеген зерттеулер бар. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек. (МАН. 25-бет).
Мектептегі білім сапасын бағалаудың қазіргі жүйесінен әлдеқайда объективті және тиімді жүйесін әзірлеу керек. 
Біздің мектептерде әлі күнге дейін «оқыту сапасы» дегенді «4» пен «5»-ке оқитын оқушылар санының пайыздық қатынасы деп түсінетін ескі ұғым бар. Әлемдік тәжірибеде білім сапасы нақты критериийлерге сәйкес: Білім – түсіну – қолдану   - жүйелеу және жалпылау мақсаттары бойынша бағаланады.
Ал, біздің мұғалімдер «өте жақсы» деген баға сапа иерархиясындағы ең төменгі білім деңгейі үшін ғана қойылатынын білмейді. Қазіргі оқулықтарда төмен деңгейден жоғары деңгейге өтуге ықпал ететін деңгейлік тапсырмалар жүйесі жоқ. Сондықтан, оқушылардың ҰБТ-да логикалық есептерді шығара алмауы таң қалдырмайды.
PISA зерттеулерінің нәтижесі бойынша оқушыларымыздың 65 елдің арасында 58-ші орынға ие болуы да осыған байланысты.
Мектеп мұғалімдерінің көшбасшылық қабілетін дамыту идеясын қосар едім.
Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу мақсатында оқу үдерісіне және мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің күшті тұстарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықты белгілеу арқылы сыныптардың немесе бүкіл мектеп ішінде не болып жатқанын біліп отырады (МАН. 18-бет).
Көшбасшы мұғалім ол кім? Менің ойымша, өз тәжірибесімен бөлісетін, кәсіби біліктілігі жоғары, өз артынан ізбасарлары бар мұғалім. Айта кетсем, біз қазіргі таңда бірінші (озық) деңгей бағдарламасын оқып жатырмыз. Осы курстан алған теориялық білімдерімізді, өзіміздің іс-тәжірибемізді мектебіміздегі мұғалімдерге үйрете отырып, ізбасар мұғалімдер дайындаймыз деп есептеймін. 
XXI ғасыр мұғалімі «Нені оқыту керек?» , «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздеп қана қоймай, қажетті оқыту технологиясын тиімді пайдалану негізінде, «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің жауабы табылатындай болуы тиіс деп ойлаймын. Осы сұрақтар жауабын нақты табатын болсақ, шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім шығады. Сонымен қатар, оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің кеңістігін құруға қабілетті болады.
Мен әлемді өзгерту – жалпы өзгеріс болдыру үшін мұғалім болдым... Мен дұрыс бірдеңе істеу үшін өзгеремін – себебі ол дұрыс және мен басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінемін, өйткені олардың да дұрыс істегені жөн. Мен істегендерімнің ұзақ нәтижесі бар екенін білемін...

Пайдаланылған әдебиеттер :
    
1.2011-2020 жж  арналған Білім бағдарламасы
2.2011-2016 жж  арналған Ұлттық жоспар
3.Интернет саиты (http:  //www.unesco/)
4.«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы  // Білім және ғылым хабаршысы, 2004, № 1, 3-18 б.
5.Бейіндік мектеп: 12 жылдық білім беру  жағдайындағы даму болашағы. Әдістемелік құрал.Астана  (2013)
6.Әлемдік педагогикалық ой – сана (2012ж)Алматы
7.     К.Құдайбергенова «Құзырлылық-тұлға дамуының сапалық критерийі» 2008

 

 

568 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы