• Білім-ғылым
  • 13 Қыркүйек, 2016

ЗАМАН ТАЛАБЫ – БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Айнакүл Жарқымбекова,
директордың бағдарлы оқыту 
жөніндегі орынбасары

Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «білімді адам – ол өзі білмейтінді қайдан табуға болатынын білетін адам». Кез келген кәсіп иесі өз шаруасын тың тәсілмен, жаңа әдіспен істеуге ұмтылса ғана ешкім жетпеген табысқа жете алады.

Әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру ісінде соңғы жылдары түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның ішінде ең бастысы, білім стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл қасиетті істерде мұғалімге қойылар талап та ерекше. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға қалыптастыру. 
Елбасымыз алға міндет етіп қойғандай өзіндік өмір өрнегін жасай алатын, өзіндік даму арнасын белгілеп, өмірдің қиыр көкжиегіне батыл қадам басатын бүгінгі бәсекенің қатал заңына икемді ұрпақтың тұғыры мектептен басталады. Оның алғы шарты оқушы бойында өмірлік бейімділіктерді қалыптастырумен орындалады. 
Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-экономика-лық жағдайлардың күрделенуі, ақпараттар ағымының қарқындауы, бәсекелестіктің артуы сияқты жағдаяттар білім беру ұйымдарының түлектеріне  елеулі  жоғары талаптарды жүктейді. Бұл жағдайда жалпы білім беру мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық іс- әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларда бағдарлана алуға дайын адамды дамыту болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында «Білім берудің мақ-саты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алған терең білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін- өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген. Жоғарыда аталған қағидаларды ұстана отырып Қазақстанда ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғыртуда жаңа талаптар қоя отырып, ұлттық рухта болашақ ұрпаққа бейіндік оқыту мен тәрбие беру әрі оны психологиялық тұрғыдан алдын- ала анықтау қажет деп санаймын.
Бейіндік оқыту - оқушылардың өздерінің танымдық қызығушылықтарына, қабілеттілігіне, оқудағы жеткен жетістіктеріне және кәсіби ниеттеріне байланысты олардың оқыту бағдарын еркінше таңдап алуға негізделген. Ол оқушылардың белгілі бір тобына қатысты даралық тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға бағытталған. Әр топтағы оқыту үрдісі түрліше жүреді: білім мазмұнымен ерекшеленеді, оған қандай да бір оқыту әдістерінің, түрлерінің және формаларының басымдық рөлі, оқушылар мен мұғалімнің өзара қарым- қатынас стилі өзгереді.
Бейіндік оқыту - білім беру процесінің құрылымы, мазмұны және ұйымдастырылуына өзгерістер енгізу арқылы оқушылардың қызығушылығы, бейімі мен қабілеттерін толық есепке алуға, оқушыларға олардың кәсіптік сұраныстары мен білім алуды одан әрі жалғастыру мүмкіндіктеріне сәйкес оқытуға жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы болып табылады. 
Еліміздің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын әрбір мемлекеттің мәдени-экономикалық дамуы қайсібір тарихи кезеңдерде болмасын ондағы кәсіптік білім жүйесінің деңгейіне байланыстылығы дәлелденді. Сондықтан да қазіргі таңда кәсіптік білімге орай бейімдеп оқыту көзқарасы да, сұранысы да әлемдік деңгейде бетбұрыс алуда. Осыған орай білім берудің мақсаты бұрынғыдай жастарды әмбебап біліммен қаруландыру емес, оларға аз-аздан барлық сала жайлы білім емес, терең бір ғана сала бойынша білім беру. Осыны жүзеге асыру үшін елімізде бейіндік оқыту ұйымдастырылуда. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсінуі мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасауына, бүкіл өмір бойына өзгермелі жағдайларға тез икемделе білу қабілетіне байланысты болмақ. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талап: ойлылық, салмақтылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық.
Бейіндік оқыту білім беру сапасын көтеру, мемлекеттің және қоғамның, тұлғалық өзекті және келешектегі қажеттіліктерді жүзеге асыру әдістерінің бірі ретінде ұсынылып отыр.Жоғары сынып оқушыларының кәсіптік өзін-өзі анықтауы негіздері П.П.Блонский, С.И.Вершинин, В.И.Журавлев, Е.А.Климов, Н.Н.Чистяков, С.Т.Щацкий т.б. еңбектерінде көрсетілген.
Соңғы жылдары оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына деген көзқарас біршама өзгерді, әйтсе де бұл өзгерістер ең алдымен білім беруді жетілдіру тұжырымдамаларына бейін алды әзірліктің және жалпы білім берудің жоғары сатысында оқушыларға бейіндік оқытуды енгізумен байланысты.
12 жылдық білім берудегі бейіндік мектепке ауысу оқушылардың кәсіби анықталуын көп кезеңді етеді: бейіндік бағыт - мамандық таңдау. Оқушылардың түрлі дәрежеде олардың қажеттіліктері мен қабілеттілігіне сай толықтай білім алуларына себептесу арқылы бейіндік оқытуды енгізу оқушыларды болашақ кәсіптік бағдарлаудың іс-әрекет ортасына және олардың кәсіби өзін-өзі анықтауына оң әсерін тигізеді.
Сонымен қазіргі жаңа қоғамның сұранысына сәйкес кәсіптік білімге орай бейімдеп оқытуды жүзеге асыру қажеттіліктері оқушыларды бейіналды дайындау мәселелерінің толық зерттелмеуі, оқушылардың мамандық таңдау қажеттілігі мен оларда мамандық, кәсіптік еңбек әлемі жөнінде қажетті білімдердің жоқтығы арасында, оқушылардың тұлғалық мүмкіндіктері мен мамандықтың адамға қояр талаптары арасында, оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі еңбек нарығында олардың таңдаған мамандығының жеткілікті деңгейде жетілмеуі арасындағы қарама-қайшылықтың орын алғандығы байқалады. Мектепте бейіналды дайындықты ұйымдастыру жүйелі жүргізілсе, оқушыларды кәсіптік әлемі жөнінде қажетті біліммен қаруландырып,олардың танымдық мүмкіндіктері, қызығушылықтары, қабілеттері, бейімділіктері,шығармашылық белсенділігі дұрыс қалыптастырылып, бейіндік бағыт таңдауда қателеспес еді.
Оқушылардың іскерлік қызығушылығын зерттеу мен бейінін байқау, бейін бойынша оқытудың негізгі бөлігі болып есептеледі, ал бұл психологиялық әдістемеге сүйенуді талап етеді. Әрбір бейін бойынша оқыту сыныптарында ашық түрде және нақты таңдаудың түрі жүріп жатуы керек. Қазіргі көзқарас бойынша кәсіптік жетістік ол адамның қалай туғанына емес еңбек іс-әрекетінде қалыптасады. Кәсіптік шеберліктің тууына қалыпты кәсіби түрткі әсер етуі керек,қысқаша айтсақ жұмыс істеуге ниеті, сонымен бірге соған сәйкес қабілеті, негізге сүйене дағдысы қалыптасуы керек. Бейін таңдау оқытуда сыныптарды іріктеу мамандық таңдау бойынша жүйелі жұмысты емес, оны толықтыруды, қайта қарауды талап етеді.
Қазіргі жас жеткіншектердің қабылдау ерекшеліктері, жаңа әлеуметтік-экономикалық міндет, бейіндік оқыту міндеті қанша тапсырма берілгенге емес, әдістемелердің құрылымы  түрлеріне  байланысты. Нәтижелі әдістемелерден соң интеллектінің дамуы көтеріледі, эрудициясы өседі, өмірлік құндылық пен приоритеті өзгереді. 
Қорыта келгенде, оқушыларды бейіналды дайындауды жүйелі ұйымдастыру қабілеттері мен бейімділіктеріне қарай ғылымның, өндірістің, өнердің белгілі бір саласында озық нәтижеге қол жеткізе алатын мамандықты таңдауға бағыттайды деп есептеймін. Осы орайда  ауыл тарихында өзіндік орны бар №149 «Қызылту» орта мектебінің түлектері жайлы айтып өтуге болады. Мектептен  сон қоғамнан өз орындарын ойып тұрып алып өз мүддесін қоғам мүддесімен ұштастыра білген түлектеріміз қаншама? Оқушының оқудағы, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қызмет саласындағы  құзіреттілігін айқындай отырып, жеке жетістіктерінің негізінде өз бейінін айқындау мен шыңдай түсуде оқытудың жаңа формалары мен психологиялық қызметті құру әрі оның жан -жақты жұмыс жасауы көптеген тиімділіктерді береді деген сенімдемін.

 

 

 

541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы