• Айтарым бар...
  • 29 Маусым, 2016

Қазіргі жастар қандай би билейді?

«Өнер – өнегелі,ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал»-деп Кеңес  педагогы В.А.Сухомлинский айтып кеткендей, тәрбие негізінде өнерге  көңіл  бөлу керек.  Сол өнердің бір түрі-би өнері. Би сөзсіз, тек бишінің іс-қимылы әрекетімен, бет-әлпетімен, киім үлгісімен суреттей, әңгімелей алады. Ол оқиғаны,  әңгімені  суреттеу үшін бишінің ерекше қасиеті, дарыны, қабілеті болуы шарт. Би-музыка өнерімен сабақтас халық өнерінің бір түрі. Ұлттық би өнері,соның ішінде қазақтың ұлттық би өнері ерте замандардан, ерте дәуірден бастау алып, күні бүгінге дейін өркендеп, жаңарып келеді.Би өнері халқымыздың  салт-дәстүр, әдет-ғұрып,тұрмыс-тіршілігіне байланысты туындаған.Ат құлағында ойнаған, көкпар тартқан, мал бағып, аң аулаған, бәйге өткізіп,күреске түскен қазақ елінің би өнері де осы музыка өнері арқылы тыныс-тіршілігімен астасып келеді.

Биді ертеде үй ішінде билейтін болғандықтан,  айтпақ ойды дененің алуан түрлі қозғалыстары, бет-әлпет құбылулары, көңіл-күй арқылы бейнелеген. Мысалы: «Қаражорға», «Бүркіт биі», «Қаз қатар», «Киіз басу», «Өрмек тоқу», «Аққу», «Ортеке» және т.б билерді атап өтуге болады. Бұл билерді белгілі музыкалық шығармалар, күй әуендерін сүйемелдеу үшін пайдаланған. Сондай-ақ осы әдіс-тәсілмен орындалған. Қазақтың ұлттық би өнері 30-жылдары сахналық өнердің бір түрі ретінде тағы бір сатыға көтерілді. Оның басында жан-жақты өнер иесі, әрі ұстаз, шебер биші Шара Жиенқұлова болды.
Қазақтың ұлттық би өнерінің тарихында әр кездері жарқырай көрінген, шебер бишілер аз болған жоқ. Солардың қатарында Н.Тапалова, Б.Аюханов, З.Райбаев, Ш.Жиенқұлова, Г.Талпақова. Ә.Ысмаилов, Р.Ісләмғалиева, Қ.Байғабатов сияқты озық өнер иелерін атар едім.Би өнері тарихындағы, Қазақ мемлекеттік ән-би ансамблінде «Гүлдер», «Салтанат» мемлекеттік ансамбльдерінде және басқада жер-жердегі өнер ұжымдарында  кәсіби ұлттық би өнерінің өкілдері жетілді.
Ұлттық би өнері жыл сайын дамып, мазмұны да баю үстінде.  Қазіргі жастар қандай би билейді? Қандай би біздің жастар үшін қызықты? Жастарымыздың көбі шетел әуендерінне билегенді ұнатады. Шетел билері жастарымыз үшін айтарлықтай өте қызықты көрінеді.Би  музыка мен тікелей  байланысты. Осыдан 4-5 жыл бұрын біз де «Тектоник» деп аталатын би етек алды.Бұл би біздің жастарымыздың көңілінен орын алып,олардың сүйікті биіне айналды.   Жастар қазіргі таңда «Gangam style» әнін сүйіп тыңдайды,оған деген сүйіспешілігін өз қимылы арқылы  көрсетті, яғни олар сол әуеннің ырғағымен билей бастады. Қазір «Қара жорға» биі де дәуірлеп тұр. «Қара жорға»-ға «Gangam style» әнінің ұқсастығын байқаған жастар,жаңа әуеннің ырғағымен яғни осы биге еліктеп,өз көзқарастарын тануда. Сондай-ақ, «Harlem Shake» биі де жастарымыздың ойынан шығып, биге деген жігерін жану үстінде. «Бишіқайың», «Айжанқыз», «Балбырауын», «Тұмар қыз», «Хафиз», «Балқадиша» билерін де жастарымыз сүйсініп билейді. Бидің дүние жүзінде көптеген түрі бар. Мысалға: акробаттық би, балет, хастл және т.б. Балеттің романтикалық және классикалық түрі қазіргі ағымдағы  билерге жатады.Жастар еуропалық бағыттағы латын америкасының  билеріне  де   ерекше көңіл бөлген. Ежелден бидің үш түрі: музурка, менуэт, полонез билері биленетін еді. Уақыт өте келе, латын билері біздің жастарымыздың ерекше ықыласына бөленді. Бұған: «Самба», «Румба», «Бачата», «Мамбо», «Танго», «Ламбада», «Болеро» т.б. билерді мысал етуге болады.
Қорыта келе, жастардың сүйікті билеріне «Клубин  биі», «Электро дэнс», «Іndustrial dance», «Wacking», «Electrobit», «House», «Trance», «Strip-dance», «Go-go» (Клуб биі), «Хакка», «Джампастайл», «Шаффл»,  «Сквар данс», ал дала билеріне  «La-Style», «Newstyle»,«C-Walk», «Hip-Hop», «Брекинг», «Топпинг», «Локинг» билерін жатқызуға болады. Байқағанымыздай, жастар шетел биіне еліктейді, бірақ қазақ биілерін де ұмытпағанымыз абзал! «Біреудің қаңсығы, біреуге таңсық» демекші, би дәстүрі қалыптасқан  қазақ халқының төл өнеріне деген махаббат қай кезде де болуға тиіс. 

Мадина Балташ 
Тұран университетінің студенті 

7715 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы