• Шежіре
  • 29 Маусым, 2016

БІЗГЕ САХАРОВ КЕРЕК ПЕ?

Биыл ұлы тұлға, ғалым әрі құқық қорғаушының туғанына 85 жыл толар еді

 

Менің барлық достарым – журналист Геннадий Жаворонков, фототілші Юрий Рост, пәлсафашы Юрий Корягин онымен таныс еді. Мен де оны пір тұттым. Бірақ, кәдімгідей таныстық болған жоқ. 

Енді ойлаймын, бәрі де басқаша болар ма еді. 
Мен Елена Боннэрмен сөйлескенде (бұл кезде Андрей Дмитриевичтің дүниеден қайтқанына біраз болған), «Ұлы тұлға» туралы толғанғанымда: «Иә, ол ешқандай да ұлы болған емес» деді дір-дір етіп. 
Бірақ, ұлылық – үрлеп қойған шар емес. Бұл – бесенеге белгілі нәрсе. 
43 жыл бұрын Сахаров АҚШ-та көптеген миллион таралыммен «Бейбіт прогресс және интеллектуальдық теңдік туралы толғам» деген манифестін жазып, жариялады. Онда Гитлер, Мао Цзедун және Сталиннің қылмысы қатар қойылады. Бұл бұрын естілмеген сөз еді. Сталин туралы да, интеллектуалдық еркіндік туралы да бұрын мұндай сөз айтылмаған еді. 
Андрей Дмитриевич Сахаров болмысы бөлек сирек тұлғалар қатарына жатады, ақыл-ой мен ар-ождан болмысы да оны дүниеге ерекше ғып жаратқан. 
Мен Елена Боннэрден тағы бірде сұрадым, «бүгінгі күнге Сахаров қажет пе?». Ол тағы да өкінішпен «Менімше, жоқ» деп іркілмей жауап берді. 
Мен тағы да келісе алмадым. Герценнің Чаадаевы сияқты Сахаров та біздің қоғамға қашан да қажет. Мұндай адамдар бір кезде ашық-жарқын болса, бір кезде сұрқылтайлау кейіп танытады. Даму үстіндегі адам, академик, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, көптеген сыйлықтардың иегері, өзінің ғылыми жетістіктерінен саналы түрде бас тартқан (соғыс үшін), гуманитария жетістіктерін дамыту (бейбітшілік пен адам құқығын қорғау үшін), Голгоф идеясын іске асыру, Кеңес тәртібінде (қуғын жүмысқа тиым салу, Горькийге жер аудару) басына күн түскен барлық жағдайда ол өзіне өзі сенімді болды. 
Кейіннен де біз Елена Георгиевна екеуміз жер бетінде жапа шеккен Аввакум туралы еске алып жүрдік. Бірге шеккен азап ұмытыла ма? «Өмір бойы ұмытылмайды, өмір бойы» деп ері жұбайына жауап берді.
Мұнда да ұлылықтың айқын үлгісі бар. Тағдыр мен сенімнің артқан ауыр азабы бар. 
1989 жылғы желтоқсандағы қаралы шеру Высоцкийден кейінгі халық ең көп жиналған жаназа болды. 
Бұған бәрі куә. 

Ольга КУЧКИНА.
(22 мамыр 2001 ж).

(«Комсомольская правда» газетінен ықшамдап  аударған  
Қуандық ТҮМЕНБАЙ). 

344 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы