• Білім-ғылым
  • 19 Мамыр, 2016

ШАШТА КИЕ БАР...

Салтанат ҚАЖЫКЕН 

«Үркер» журналының 
веб-редакторы

   Кісінің көркі болып саналатын шашта кие болатыны бағзыдан айтылатын болжам. Бұрынырақта аналарымыз белден асқан шашты кеспеген. Ұзын шашты орынсыз кесу үлкен қасіретке ұшыратуы мүмкін деп пайымдаған. 

Ғалымдар осы тыйымның астарында ақиқаттың жатқанын анықтады. Олардың пайымдауынша, адам шашы ғарыш энергиясын қабылдайтын «антенна» боп табылады екен, яғни шаш өзін қоршаған ортамен хабар алмасып тұрады-мыс. Ғалымдардың сөзіне сенер болсақ, антеннаға шаштың сыртқы ғана емес, ішкі құрылысы да ұқсас келеді. Соңғы жылдары ғалымдар ашқан тағы бір жаңалық – адам шашының Ян қуатына бағынатындығы. Ғарыштық сәуледен пайда болатын бұл қуат ерік-күшті, дұрыс шешім қабылдауды, тереңнен ойлауды дарытатын көрінеді. 
Осы орайда зерттеушілер Төле би, Шәкәрім тәрізді ұлыларымыз бен кемеңгер аталарымыз шаш, сақал, мұртын әдемі етіп қоя білгендігі мен олардың бойындағы көптеген ізгі қасиеттердің арасында тығыз байланыс барын растайды. Бәрі де мүмкін. Себебі, өмір бойы қырынбаған Бетховенге замандастарының бірі ескерту жасағанда, ол: «Егер қырынсам, шығармашылық шабытым жоғалады»,-деп жауап қайтарған ғой. Демек қазіргі ғылым адам шашы мен денсаулығының арасында тығыз байланыс барын дәлелдеп отыр. 
Сонымен қатар ғалымдар әйелдердің шашы Инь қуатына бағынатынын айтады. Бұл қуат қыз-келіншектердің бойына жұмсақтық, мейірімділік, байыптылық, кешірімділік тәрізді қасиеттерді дарытады екен. Олай болса, біздің аталарымыз бен әжелеріміздің қыз-келіншектерден жалаңбас жүрмеуді, мешітке орамал тартып кіруді талап етуі тегін емес. Мешіт төбесі, оның айналасындағы кеңістік ерлер шашы бағынатын Ян қуатына тұнып тұр. Сондықтан да әйелдің шашы ашық болса, өзіне кереғар осы қуаттарды тез қабылдап алады. 
Шаш күш жинағыш қасиетке ие. Қытайдың әскери өнерді меңгерген батырлары мен жақсы-жайсаңдары туралы көркем фильмдерінде  өздерінің биоэнергиясын басқара алатын монахтар барлық күш-қуатын бұрымдарына жинап, оны қару ретінде қолданады. Қазіргі ғылым оның ақиқат екенін дәлелдеп қана қоймай, шаштан әр түрлі «хабар» алуды да үйрене бастады. Оған нақты дәлел: криминалистер бір тал шашы арқылы иесінің анаша қабылдайтын, қабылдамайтынын, тағы да басқа жағдайларды анықтай алады. Адамның саусақтарының таңбалары бір-біріне ұқсамайтыны сияқты кісінің шаштарында да титімдей ұқсастық болмайды. Тек бірдей шаш бір жұмыртқалы егіздерде ғана болады екен. 
Шашты зерделейтін ғалымдардың кеңесі бойынша адам үлкен қиындықтарға тап болып, ұзақ уақыт күйзелуді бастан өткерсе, шашын қидырып, алдырып тастағаны жөн. Себебі, шаштың «есте сақтау» қасиеті бар көрінеді. Ол жүйкені, миды мазалап, көңіл-күйді, денсаулықты бұзуы мүмкін. 
Қазақ халқында қылмыс туралы ежелгі заңында шашқа қатысты арнайы баптар болған. Бұзық ойлылар, есерлер әйелдің шашын кесетін болса, ол әйелдің бір мүшесін кескен болып есептелініп, әлгі адам қатаң жазаға тартылған, үлкен айып төлеген. Ал енді әйелдер қылмыс жасаса, оларға қолданған жазаның ең ауыр түрі – шашын кесу болған. Бұл жаза сол кездегі әйелдер үшін өлім жазасына тең екен. Мұның бәрі халқымыздың әйелдердің шашын баяғы кезден-ақ қатты бағалағанын, қасиетін терең түсінгенін көрсетеді.    
Тіршіліктің қайнаған базарында өзіңе және отбасыңа береке сыйлайтын мамандықты игеру – алдағы сапалы тұрмысыңның кепілі екендігі бүгінгі күннің шындығы. 
Тіршіліктің қайнаған базарында өзіңе және отбасыңа береке сыйлайтын мамандықты игеру алдағы сапалы тұрмысыңның кепілі екендігі бүгінгі күннің шындығы. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласындағы түйінді мәселелердің бірі  бәсекеге қабілетті, өмірде өз орнын таба білетін кәсіп иелерін даярлау болып табылады.    
Тұтынушылардың көңілінен шығу үшін кәсіби шеберлікті үнемі жетілдіріп отыру қажет. Шаштың сәні адам келбетінің маңызды бір бөлшегі болып табылатындықтан және клиенттер талғамының әртүрлі болып келетіндігінен шаш үлгілері бойынша ізденістен бір айнымау керек. Тұтынушыға деген жылы шырай мен ақжарқын қарым-қатынастың да сервистік кәсіптің алға басуына әсері зор.  Адамдардың бет-әлпетіне сәйкес шаш қиюдың да өзіндік ерекшеліктері бар. Шашты сәндеу барлық жастағы адамдарға қатысты.  Адам кейпінің әдемі болып көрінуіне қиылған шашты тарай білудің де маңызы зор.
Алматыда не көп, аяқ бассаң шаштараз салондары көп. Осы орайда Тұрғыт Өзал мен Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжіне жолымыз түсті. Шаш қию шеберлерін оқыту мен тәжірибе жинақтау ісін қатар жүргізіп жатқан оқу-өндірістік ісінің шебері Қарақат Барманбековамен жолығып, қайшы мен тарақтың құдіретінің арқасында біршама шаш үлгілері жасалатынын өз көзімізбен көріп қайттық. Қайшы мен тарақты ұстау бойынша жаттығу жұмыстары күн сайын жасалады екен. Шаш тарау, бояу, бұйралау, сондай-ақ балаларға, жасөспірімдерге, ересектерге, ерлер мен әйелдерге арналған шашты сәндеу, кекілге, самайға, желкеге пішін берудің сан алуан түрлерінің болатынын білдік. Әрине, әр жылдары шаш үлгілері де өмір ағымына орай өзгеріп жататын көрінеді. Мәселен, 2013 жылы кекіл үлгісі көпшілікке ұсынылыпты. Шаш қию шеберлері көбінесе В.Д.Корнеевтің «Шаш сәнін үлгілеу және көркемдеу» дейтін кітабына сүйенеді. Соңғы кезде, әсіресе,  сулы шаш үлгісі «Ессіздер» деген кинофильм жарық көргелі бері сәнге айналды. Көбіне қара шашты жігіттер шаштарын гельдеп жүрсе жарасымды. Шашыңыз жаңбыр астынан келгендей сулы болып тұрса, ол сіздің өңіңізді ашатынына шүбә жоқ. Сондай-ақ жаңа шаш үлгісі – «урбан-джентельменді» көбіне студенттер мен ерікті суретшілер жақсы көреді. Бұл сән үлгісінде классика да, модернизм де тұнып тұр. 
«Жел үрлеген шаш үлгісі» лакпен, гельмен қатырылып қойылады, сондықтан бір қарағанда көзге шашын жел үрлеп тастағандай көрінеді, 
«Жай классикалық шаш үлгісі» барлық шаш түрлеріне және жас айырмашылығына қарамастан ұсынылады. Ер адамдар өздерінің сырт келбеттеріне қалай болса солай қарайды деген қағида мүлде дұрыс емес. Олар да қыздар секілді сымбатты болып көрінгілері келеді
Бірақ ерлердің шаш кесу сәндері әйел адамдардыкінен әлдеқайда аз. Әрине, ең бас-тысы ер адамда да, әйел адамда да шаш күтімі жақсы әрі шаш таза болуы керек. Ерлер шаш сәнінің бірнеше танымал түрлері бар: олар  спорттық үлгі, классикалық үлгі, милитари және романтикалық үлгі.
«Қартаймайтын классика» .үлгісі әрқашан сәнді және танымал ерлердің шашын артқа қарай тарап, маңдайды ашуымен ерекшеленеді. Бірақ көптеген ер-азаматтар қысқа шаш үлгісін қалайды. Сонымен қатар 70-жылдағы «ретро-стрижка» танымал болып қала береді. Оны мусс пен жіңішке тарақпен қалыпқа келтіреді. Ерлерге жасалатын “мужчина-мачо” шаш үлгісі әйелдердің жүрегін жаулаушы ретінде есептеледі. Осыған қоса танымал шаш сәндеу үлгісі “Бокс”немесе “Полубокс” болып саналады. 
Шаштаразшы болу да оңай кәсіп емес. Ал, қазақша сөйлеп, қазақша шаш қиятын қазақтың ұл-қыздарына қарап тұру қандай ғанибет. 
Белгілі жазушы Жүсіпбек Аймауытов: «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» дейді. Олай болса өз жұмысын жақсы көріп, оны жауапкершілікпен атқаратын шаштаразшылардың еңбегіне біз де сәттілік тілейміз. 

Өндірістік оқу ісінің шебері Қарақат Рақымжанқызы студентерінің ортасында.

Өндірістік оқу ісінің шебері Қарақат Рақымжанқызы студентерінің ортасында.

 

859 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы