• Шежіре
  • 21 Желтоқсан, 2012

Шыңғыс хан өмірінің тағы екі құпиясы

Хасен Қожа-Ахмет

Белгілі саясатшы, композитор, журналист. 1970 жылдан бері тарих тақырыптарына қалам тартып келеді. КСРО кезіндегі ресми тарихпен, саясатпен келіспей 1970-1977 жылдар аралығында «Одақ па, әлде отар ма?», «Орыстардың дүниежүзілік жандарм болуға тырысуы», «Ұлттарды ассимиляциялау кімдерге қажет?», «Ұлт мәселесінің тарихи шешімі», т.б. мақалалар жазып таратып  «диссидент» атанғаны жұртшылыққа мәлім. Кейіні жылдары ол ХХІІІ ғасыр тарихына қатысты зерттеулер жасап, «Ғасырларға жалғасқан жаңсақтық» атты кітабын аяқтады. Оның «Моңғол емес, «Мәңгі ел», «Ұлы қағанның екі есімі», «Түп-тұқияннан Бөрте-бөріге шейін», «Хантаңба тарихы», т.б. тараулары ықшамдалып баспасөзде жарияланып жүр. Солардың жалғасы ретінде осы мақаланы оқырманға ұсынып отырмыз.

Шыңғыс хан қай жылы туған?

Әйгілі шығыстанушы ғалым-жазушы Л.Гумилев: «Шыңғыс ханның туғанынан бастап қайтыс болуына шейін – бәрі жұмбаққа толы»,  деген екен. Шынында да, Шыңғыс ханның туған жылы бірқатар шежірелер мен тарихи құжаттарда 1155 жыл, ал өзге бірсыпырасында 1162 жыл делінген. Тіпті 1167 жыл деген де пікір кездеседі. Әсіресе 1162 жыл деген тұжырым Қытай мен Моңғол мемлекеттерінде ресми бекітіліп отыр. Өйткені осы мезгіл Шыңғыс хан әулеті жайындағы негізгі қытай дерегі есептелетін "Юань ши" кітабында (Мәңгі ел шежіресі») жазылған. Бұл дерекпен көп зерттеушілердің келіспейтін себебі, "Юань ши"-ді Қытай билігінен Шыңғыс хан ұрпақтары қуылған 1368 жылдан соң жаңа Мин әулетінің императоры Чжу Юаньчжанның тапсыруымен, қытай тарихнамасында болып көрмеген асығыстықпен бар-жоғы 331 күннің ішінде 30 кісі құрастырған екен. Қытай билігінде Шыңғыс хан ұрпақтары болған бір жарым ғасырда олар өз шежірелері жазылған «Алтын дәптерді» қытайлық тарихшыларға көрсетпеген. Бұл жайында «Юань ши» -ді құрастырушылар: "Юаньские родословные, те, которые хранились в золотом сундуке и в императорском книгохранилище, были строго секретны, лица, посторонние царствующему дому, не могли знать их". Сондай-ақ "Юань ши"-ді құрастыруға пайдаланылған қытайша хабарламалар "шилу" ("шынайы жазбалар") да көптеген цензуралардан өткізіліп, өзгеріске ұшыратылған мәліметтер болған көрінеді. Шыңғыс хан әулетіне қарсы көтеріліс басталғанда қытайда: «Татарларды өлтіріңдер және татар тіліндегі кітаптарды өртеңдер!» деген ұранмен түркі тіліндегі (қытайша емес) құжаттар жойылған. Осындай себептерден «Юань ши»- де әсіресе,  Шыңғыс ханнан Құбылай ханға дейінгі аралықтағы жылдарды көрсетуде көптеген қателіктер орын алған. Бұл жайлы осы еңбекті зерттеушілердің бәрі дерлік айтуда. Тарихшы Ли Сычунь: "Юань ши" не была вычитана полностью из-за того, что китайские ученые, составлявшие ее, не знали монгольского языка, и из-за того, что у господ Суна и Вана, осуществлявших общую редакцию ее, ухудшилось зрение на склоне лет. Нет таких династийных историй с ошибками и погрешностями, как "Юань ши", написанная менее чем за год", дейді. Сондықтан "Юань ши" көрсеткен Шыңғыс ханның туған жылына (1162 ж.), т.б. деректерге көп зерттеушілер күмәнмен қарайды. Рас, кейінгі тарихшылар көп өтпей-ақ «Юань ши»- де кеткен қателік, олқылықтарды түзетіп, толықтыру  үшін әр ғасырда шығармалар жазған. Бірақ Шыңғыс ханның туған жылы мен қайтыс болған жасы ол еңбектерде де өзгеріссіз қалған.

"Юань ши"-де Шыңғыс ханның туған жылы тура айтылмайды. Мұнда: «Ол 1227 жылы Сары-қыр деген жерде қайтыс болғанда жасы 66 еді» делінген. Бұл 66 санын "Юань ши"-ді құрастырушылар өз қолдарына түскен әртүрлі шежірелерді салыстыра отырып алғаны байқалады. Мысалы Юань (Мәңгі ел) әулеті әлі билікте отырған кездегі тарихшы Тао Цзун-и  (1320 - 1399) "Чжогэн лу" аталатын 1366 жылы жазған  шығармасында  осы 66 жасты көрсетеді. Бірақ дәл осы тарихшы ертерек (1350-1366 жж. аралығы) жазған "Шо-фу" энциклопедиясында  тарихшы Мен Хунның 1221 жылы жазған "Мэн-да бэй-лу («Мәңгі ел-татар туралы жазбалар") шығармасындағы Шыңғыс ханды 1154 немесе 1155 жылы туды дегеніне сүйеніп, оны «73 немесе 72 жыл өмір сүрді» деп те жазған. Міне, осы екі түрлі деректен "Юань ши"-ді құрастырушылар неліктен  66 жас делінгенін таңдады?  «Военная держава Чингисхана» кітабының авторы Р. Храпачевский мұны осы "Юань ши"-ді құрастыруды басқарған екі тарихшыдан көріп: «Сун Лян и Ван Вэй были правоверными конфуцианцами и противниками монгольской династии. В знак протеста они отказывались служить Юань историографами, даже бежали в горы от этой службы и были подчеркнуто верны принципам учения Конфуция, которое монгольскими властями периодически ущемлялось, особенно первыми монгольскими каганами. Поэтому можно предположить, что им не хотелось давать основания проводить параллели между жизнью Чингисхана и жизнью Учителя Куна. Конфуций прожил полных 72 года и умер на 73 году жизни. Возможно, столкнувшись с выбором - 73(72) года или 66, они выбрали второе из-за вышеизложенных соображений и расчета на тонкую месть. Авторы "Юань ши" возможно сознательно противопоставляли образ Чингисхана Конфуцию, ограничив его возраст 66 годами» дейді. Ал әлгідей, «Татар тіліндегі кітаптарды өртеңдер!»  ұранымен түркі тіліндегі құжаттар 1368 жылдан Қытайда да, Ұлы Мәңгіел Ұлысы жерінде де жаппай жойылып, шала-шарпы жазылған «Юань ши» кеңінен насихатталғандықтан, бұдан кейін Мәңігел мен Тибетте жазылған барша шығармалар осы  «Юань ши» -ді негізге алды.

«Юань ши» -дің жазылуындағы кемшіліктерді және оны көп тарихшылардың қайталағанын білетін зерттеушілер осы себептен Шыңғыс хан 1162 жылы туып, 66 жасында қайтыс болған деген тұжырыммен келіспейді. Ресей зерттеушілері В.Бартольд, Б.Владимирцев, т.б. «Юань ши»-ден ерте, 1221 жылы қытай елшісі Мен Хун жазған «Мэн-да бей-лу» мен 1310 жылы Иран жерінде жазылған Рашид-ад-Диннің «Жамиғ-ат-Тауарихындағы» Шыңғыс ханның 1155 жылы туғаны туралы деректі дұрыс деп санайды. Өйткені Оңтүстік Қытай елшісі Чжао Хун өз шығармасын Шыңғыс хан тірі кезінде, Солтүстік Қытайды басқаруға қалдырылған жалайыр Мұқалының қасында жүріп жазып: «Қазіргі императорлары Шыңғыс цзя-сюй жылы (қазіргі жыл санау бойынша14.II.1154 -  3.II.1155)  туған» деген.

Ал Шыңғыс ханның Иранды билеген ұрпағы Ғазан ханның тапсыруымен жазылған Рашид-ад-Диннің «Жамиғ-ат-Тауарихында»: «У монголов установлено и известно следующее: продолжительность жизни Чингиз-хана была семьдесят два тюркских года. Он появился на свет в год кака, который является годом свиньи, и скончался в области Тангут также в год кака. Пятнадцатого числа месяца шуна этого года, соответствующего 14 рамазану 624 г.х. (29 августа 1227 г.н.э.), его гроб (сандук) доставили в его орды и объявили (печальное) событие. Произведя подчет назад, соответственно астрономическим данным, стало известно, что (начало) года кака, являющегося годом его рождения, приходится на (месяц) зул-кадэ 549 г.х. (7 января – 5 февраля 1155 г.н.э.), из чего следует, что он скончался на 75 лунном году своей жизни. Данная разница в годах получилась вследствии того, что (монголы) принимают во внимание лишь солнечные годы тюркского летоисчисления, а приблизительно на каждые 30 лет солнечных  нехватает  одного года по лунному летоисчислению; и хотя согласно тюркскому летоисчислению год его смерти приходится на 73 год его жизни, но так как он и появился на свет в середине года, и скончался в середине года, то как год его рождения, так и год его смерти были не полными. Таким путем выяснилось и установилось, что в соответствии с тем, что у (монголов) известно, продолжительность его жизни была 75 лет лунных  или 72 года солнечных тюркских, общая сумма которых, учитывая неполные солнечные годы, будет 73 года»  (Іт.2к. 246-247 бб.),  деп тәптіштеп жазылған. Осы еңбекті негіз еткен Қ.Жалайыр «Шежіресінде» де: «Шыңғыс хан бұл жыл ішінде жетпіс үш жаста еді. Уәлаят Таңғұтта опат тапты» делінген (60 б.).

1240 жылы  жазылды делінетін «Құпия шежіре» аталып жүрген, авторы белгісіз еңбекті мысалға келтірмедік. Өйткені Рашид-ад-Диннің 1310 жылы аяқтаған «Жамиғ-ат-Тауарихында» Келтегей-қада аталынатын өзен мен тау жотасы осы «Құпия шежіреде», кейінен қойылған атпен «Халқа» делінуі бұл кітаптың 1310 жылдан соң жазылғанын көрсетсе керек. Және бұл шығармада Шыңғыс ханның туған жылы да, қанша жаста қайтқаны да айтылмаған, тек: «Таңғұт елін толық жаулап келіп, доңыз жылы (1227 ж.) Шыңғыс қаған Тәңіріге ұшты» делінген.

Егер ресейлік В.В.Бартольд, Б.Я.Владимирцев, т.б. зерттеушілер  Шыңғыс хан 1155 жылы туған делінген Рашид-ад-Дин баяндауымен келіссе, ал зерттеуші Н.П. Шастина: "По сведениям Рашид ад-Дина Чингис родился в год свиньи, который приходится на 1152-1153 г. н.э. Но Рашид ад-Дин, повидимому, сознательно указывает неверную дату, так как пытается подогнать год рождения Чингиса под год свиньи… и хотя бы этим показать свое отрицательное отношение к нему. Открыто высказать свое мнение о Чингис-хане персидский историк не мог" (176 б.) деген пікір айтады.  Егер Шыңғыс ханның туған және қайтқан жылдары доңыз жылдары болмай, олай деп Рашид-ад-Дин «мұсылмандардың кегін алу» мақсатында жазған болса, мұны Ғазан ханның байқамауы мүмкін бе?!  Бұл – бас кететін мәселе ғой! «Рашид-ад-Дин де, оған дейін бас уәзірлік қызметтегі кісі де ұлты еврей болған, кейін Әмір-Темір Рашид-ад-Динді мұсылман зиратынан шығартыпты» деген деректер бар. Ендеше, бас уәзірлік қызметін және өз өмірін қиып «мұсылмандардың кегін»  алып қайтеді!?

Әйгілі шығыстанушы Л.Гумилев те Шыңғыс ханның 1155 жылы туғаны туралы Рашид-ад-Дин тұжырымымен келіспейді. Ресейлік қалмақ тарихшысы Эренжен Хара-Даванның 1929 жылы Белград қаласында эмиграциядағы кезінде  жазып шығарған «Чингис-хан как полководец и его наследие»  кітабын Алматыда «Крамдс-Ахмет Ясауи баспасы 1992 жылы қайта шығаруына орай Л.Гумилев пен В.Ермолаев  жазған алғысөзде былай делінеді: «Анализ датировки Рашид-ад-Дина, проведенный не только с учетом сообщаемых им самим, но и в более широком контексте – с учетом дат женитьбы Тэмуджина и дат рождения его детей – заставляет отказаться от персидской хронологии. Более предпочтительной представляется дата «Юань-ши» – 1162 г., непосредственно восходящая к изначальной монгольской истории «Алтын-дептер». Ведь Тэмуджин женился на Борте, достигнув совершеннолетия – в 16 лет.  Следовательно, с учетом даты Рашид-ад-Дина самая поздняя дата его свадьбы –1171 г. Год рождения Джучи – первенца Борте – 1182 г. и он хорошо известен. Таким образом, по Рашид-ад-Дину получается, что между свадьбой и рождением сына должно было пройти почти 10 лет, а сам Чингис, даже будучи 70-летним стариком (умер в 1227 г.) продолжал лично совершать далекие походы, пересекая в седле бескрайние степи и раскаленные пустыни», дейді.

Иә, 10 жыл бойына әйелі бала көтермесе еркектің басқа әйел алатыны  көшпелі халықта заңды дәстүр. Сондықтан Л.Гумилевтің келтірген дәлелі орынды. Бірақ  Рашид-ад-Дин еңбегінде (1 т. 1 к. 165 б.): «Буту-гургэн был братом матери Чингиз-хана. Чингиз-хан отдал ему ту дочь, которая была старшею из его детей, по имени Фуджин-беги» деп, ал ІІ т. 64 бетінде: «Джучи-хан был старшим из всех детей  Чингиз-хана, за исключением сестры по имени Фуджин-беги, которая была стерше его» деп тағы  қайталап жазды емес пе?! ( Бұл қыздың есімі 2 к. 122 бетінде Худжин-беги, ал «ҚШ»- да Ходжин делінеді). Қ.Жалайыр  «Шежіресінде» де: «Барлық ұлдарынан Фужин бегі атты қызы үлкен еді»,  делінген. (Меніңше, көптеген зерттеушілер 995 беттен тұратын «Жамиғ-ат-Таурихты» соңына шейін мұқият оқымаған сияқты).

Ал Шыңғыс ханға қатысты жазылған еңбектердің ең тұңғышы және ол тіріде –1221 жылы жазылған Сун (оңтүстік Қытай) елшісі Мен Хунның «Мэн-да бэй-лу» («Моңғол-татар туралы жазбалары») шығармасында: «У Чингиса весьма много детей: старший сын, Би, убит при осаде западной Цзиньской столицы Юнь чжунь. (1211 ж.). Нынешний старший императорский сын, Ю-чжи (Чу-чи), есть уже второй сын...» деген. Ендеше, Шыңғыс ханның тұңғышы– қызы Хожын-бегім,   Би есімді ұлы – екінші баласы болса, Жошы – үшінші баласы болған екен. Мұны білгенде Л.Гумилев Шыңғыс ханның 1155 жылы туғанымен келіскен болар еді.

Тарихшылардың көбі бұл мәселені білмеу себебі – Рашид-ад-Дин де, басқа да көп тарихшылар Шыңғыс хан тарихындағы көлеңкелі жайларды жазбауға тырысқан. Мысалы «Жамиғ-ат-Тауарихта» Есугейдің тоқалынан туған ұл Белгітай ғана аталады. Екінші ұл Бектерді Теміршің мен Қасардың бала кезде өлтіргені, сондай-ақ олардың анасының Меркіттер қолында,  қайтудан бас тартып қалғаны айтылмайды («ҚШ» 60,76 б.).

Жошының 1182 жылы туғаны белгілі. Егер Шыңғыс хан 1162 жылы туып, 16 жасында (1178 ж.) үйленсе, «Бөрте төрт жыл ішінде үш бала тапқан бола ма?» деген сұрақ туады. Сондықтан Шыңғыс хан 1155 жылы туған деген тарихшылардың сөзі дұрыс болар.

Рашид-ад-Динде: «В то время, как (монголы) разорили  татарский народ, Чингиз-хан еще не имел детей, а у его старшей жены, Борте-фуджин, было желание иметь ребенка. Как-то раз, Чингиз-хан неожиданно увидел упавшего на краю дороги ребенка, поднял его, и прислал к Борте-фуджин: «Так как ты постоянно желаешь иметь ребенка, то воспитай этого вместо своего дитяти и храни». Жена воспитала его, как родного сына, с полным почетом и честью, в своем семействе. Когда он вырос, его нарекли Шики-Кутукту, а также называли Кутукту-нойоном; Он называл Чингиз-хана – эчиге, что означает отец, а Борте-фуджин – тэрикун-экэ» (Іт. 1к. 107 б.) – деген де дерек бар. Бұл дерек Бөртенің  көпке шейін бала көтермегенін білдіреді. Шыңғыс хан өзі Шеке Құтұқтыны інім деп атапты.

Шыңғыс ханның Құлан есімді  меркіт әйелінен Құлқан атты ұл туып, ол Орыс жеріндегі соғыста қаза тапқан. Рашид-ад-Дин Құлқанды  «Шыңғыс ханның  алтыншы ұлы еді»  дейді. Егер 1211 жылы қаза болған ұлы Биді есептегенде, шынымен де солай болмақ.

Тағы бір ескерер дерек, Рашит-ад- Дин «Тауарихында» Бөртенің әкесі Дай шешеннің көп уақыт қызының Теміршіңге үйленуіне келісім бермегендігі айтылған. Бұл Теміршіңнің кәмелетке толған 16 жасынан кеш үйленгенін білдіреді.

Енді Л.Гумилевтің «Шыңғыс хан 70 жастағы қарт болғандықтан әлгідей жорықтарға шығуы мүмкін емес» деген  күмәніне келейік. Өмірін ат үстінде өткізген кісіге 72 жаста да  ат мініп жүру еш қиын емесін еуропа зерттеушілері түсінбес, ал қазақ адамына бұл таң емес. Хан ордасы жорықта арба үстіне де орнатылған. Әмір-Темір Қытай жорығына 71 жасында  аттанып, Отырар қаласында  1404 жылы суық тиіп қайтыс болғаны  белгілі.  Ал Шыңғыс хан 1219  жылы Сартауылға  жорыққа аттанғанда  65 жаста болған. (Рашид-ад-Дин: «Год барса, начинающегося месяцем зул-каде 614 г.х (февраль 1218 г.н.э.),Чингиз-хану в этот последний год было шестьдесят четыре года от роду» дейді (. Іт.2к).184 б.).

Қорыта айтсақ – Шыңғыс ханның туған жылы,1221 жылы жазылған «Мен-да бэй-лу» мен 1310 жылы жазылған «Жамиғ-ат-Тауарих» көрсеткендей, 1155 жыл болса керек.

Қаған өлімінің  жұмбағы

Шыңғыс ханның туған жылы туралы әр түрлі мезгілдер айтылса, ал қайтыс болуы 1227 жылдың тамыз айының соңы екендігі барлық шежіре, тарихтарда жазылған. Сондықтан еш дау туғызбайды. Даулы мәселе – Шыңғыс хан өлімінің себебі туралы деректердің әр алуандығы болып келеді. 1240 жылы жазылған делінетін «Құпия шежіренің» 265- бөлімінде: «Қаған ит жылы (1226 ж.) күзде Таңғыт елімен соғысуға аттанады.  Жол-жөнекей Арбұқада құлан аулаған кезде, Теңбіл шұбар жалт бергенде, Шыңғыс қаған аттан жығылып, денесі қатты ауырғандықтан, Сорқа деген жерге қонады. Таңертеңінде Есүй ханым: «Ұлдар, нояндар, ақылдасыңдар! Қағанның денесі түнде қызып шықты»,– дейді. «Соғысқа бармайық. Қаған жазылған соң қайта келейік» деген  кеңеске Шыңғыс хан көнбей, жорықты жалғастырады. Соғыста жеңілген Таңғұт билеушісін өлтіртіп, 1227 жылы тамыз айының соңында  қайтыс болады. Шыңғыс ханның аттан құлауы жайында өзге деректерде айтылмаған.

Өтеміс қажының «Шыңғыс-нама» шығармасында Шыңғыс ханның ұлы Жошы Ұлытауда аң аулаған кезінде аттан құлап, мойны үзіліп қаза тапқанын жазған (1-тарау). Тарихта оның әкесінен жарты жыл бұрын қаза болғаны айтылады. (Рашид-ад-Дин «Тауарихы» бойынша Жошы ол жолы аңға шықпаған, өзге аурудан қайтқан (ІІ т.79 б.). Бірақ,  қазақта «Ақсақ құлан– Жошы хан» деген аңыз, күй бар).

Жошы дәл сол қыста аң аулауда қаза тапқанын біле тұра, Шыңғыс ханның да аңға шығуы және екеуінің де өмір бойы  ат үстінде жүріп, бір мезгілде –1227 жылдың қысында аттан құлауы мүмкін бе?!

1223 жылы Шыңғыс ханға келген әулие Чан-Чун, оған жасының ұлғаюуына байланысты аңға шығуды қойған жөн деген ұсыныс айтыпты, бірақ Шыңғыс хан тек екі жылдан соң (1225 ж.) ғана оның айтқанын орындап, аңға шығуын тоқтатқан екен.

Рашид-ад-Дин «Тауарихында» (1310 ж.) Шыңғыс ханның аңға шығып, аттан құлап жарақаттанған деген сөз жоқ: «В начале весны года нокай, который является годом собаки, соответствующего 623 г.х. (1226.н.э.), он прибыл в местность Ұнқұн-Талан-құдұқ и там неожиданно глубоко задумался о самом себе, ибо у него был некий сон, который указывал на близость смертного часа» делініп, Шыңғыс ханның екі ұлын – Үкітай мен Тулуйды жеке шақырып: «О, дети, остающиеся после меня, знайте, что приблизилось время моего путешествия в загробный мир и кончины!... Я не хочу, чтобы моя кончина случилась дома, и я ухожу за именем и славой» деп, өсиетін айтып болған соң өзі әскер бастап, талай сатқындық жасаған Таңғұт елінің билеушісін тәубасына келтіруге аттанғаны айтылады. Таңғұт билеушісі бағынатынын білдіріп елші жіберіп, бір ай мұрсат сұрайды. «Чингиз-хан считал неизбежной свою кончину от этой болезни. Он завещал своим эмирам: «Вы не объявляйте о моей смерти и отнюдь не рыдайте и не плачте, чтобы враг не проведал о ней. Когда же государь и жители Тангута в назначенное время выйдут из города, вы их всех сразу уничтожте!» деп жазылған  (І т.2 к. 230-233 б.).

Қытайдың «Ган му» тарихында (Бичурин ауд.): «В том же месяце государь царства Ся покорился. Осеннью, в седьмой месяц, в день Жинь-ву, он (Шыңғыс хан) почувствовал себя нездоровым; в день Сы-чеу (в восьмой день после болезни) представился при Салиголе в Харатуском путевом дворце... Тангутский государь Ли-сянь , истощившись в силах, покорился и увезен в Монголию пленником» делінеді (1227 жыл тарауы).

Ал «Түрік шежіресі» аталған еңбегін жазуда 18 түрлі шежіре, тарихтарды пайдаланғанын айтқан Әбілғазы-баһадұрдың баяндауынша Таңғұт елшісі бағынатындарын хабарлап кетісімен Хан қатты ауырып, төсек тартып, жатып қалады. «Шыңғыс хан Қытай жорығында жүргенде, бір түс көріп, одан өзі жаман шошынып еді. Өзінің жуырда өлетінін ойлап жүр еді, аяқ астынан ауру жабысты. Өзінің нашарлағанын сезген Шыңғыс хан балаларын шақыртты... «Өз әскерімен Шидұрқы келгенше менің өлгенімді ешкімге айтпаңдар, оны әскерімен өлтіріңдер, содан кейін ғана менің өлгенімді хабарларсыңдар» деді. Осы кезде оның жаны тәнінен ұшып кетті. Бірнеше уақыт өткенде әскерімен Шидұрқу келді, ханзадалар оны  ұстап алып өлтірді» делінген (91-92 б.).

Сонымен, Шыңғыс хан өлімінің себебі туралы:

1. Рашид-ад-Дин мен Әбілғазы бойынша – Ол түсінде ажалы жақын қалғанын көріп, Таңғұт ханынан кек алып үлгеру үшін жорыққа шығады. Бірақ ажалы келіп, кек алуды балаларына өсиет етеді;

2. «Ган му» бойынша – Таңғұт ханын жеңіп, тұтқындап, Моңғолияға жібереді де, өзі кенеттен ауырып, 8 күннен соң қайтыс болады;

3. «Құпия шежіреде» – 1226-1227 жылына қараған қыста аңда жүргенде аттан құлап, жарты жылдан астам уақыт ауырып, бірақ Таңғұт ханын жеңіп, өлтірткеннен соң қайтыс болады; (Егер «ҚШ» 1240 жылы жазылған болса, одан кейін жазылған «Жамиғ-ат-Тауарих» пен «Ган му»-ға осы шығарманы неліктен  пайдаланбаған?).

4.  Лубсан Данзан 1627 жылы жазған «Алтын топшы» 75 пайызы «Құпия шежіреден» көшірілген делінгенмен, Шыңғыс хан қазасы басқаша баяндалған. Мұнда ол аттан құламайды, жорық үстінде ауырмайды. Тек  Таңғұт ханын өлтіріп, оның әйелін олжалап болған соң ғана «ыстығы қатты көтеріліп, алтын жаны шығар сәтте» өсиетін айта бастайды. Өзге шығармалардан ерекшелігі – «Алтын тобшыда» Таңғұт ханы Шыңғыс ханға: «Күрбелшін Гоа (сұлу) қатынымның қара тұяғынан бастап, түгел денесін тінтіп шық» деген сөздерді айтып, өліп кетеді. Ежен Боғада (Шыңғыс хан) Күрбелшін Гоа қатынды алады. Күрбелшін Гоа қатынның сұлу жүзіне Еженнен бастап, Ұлы ұлыс түгелдей таң-тамаша қалады. Күрбелшін қатын: «Мына өңім сенің шеріктеріңнің тозаңына кірлеп қалды. Бұдан бұрын мұнан да сұлу едім. Енді суға жусам, қайта көрікті боламын!» дейді. Ежен Боғда: «Суға барып жуынып кел!» деп жібереді. Ол қатын судың жағалауында жүрген көк торғайды ұстап алып, құйрығына жазу жазып: «Мен осы суға түсіп өлемін. Денемді төменнен іздемеңдер. Жоғарыға қарай іздеңдер!» деп әкесіне жібереді. Әкесі қызының айтқан сөзі бойынша өзеннің басынан іздеп тауып алып, жерлегенде бітеу тұлыппен топырақ төгіп көмеді. Сол сүйегін көмген зәулім үйіндіні «Темір олоқу» деп айтады. Сол өзенді Қатын өзені деседі» деп, әйелдің Шыңғыс ханды алдап, суға кетіп өлгені  баяндалады. (125-а).

Бұл оқиғаны қалмақ тарихшысы Хара Даван өз кітабында (ілгеріде «аттан құлаған» деген көзқарас айта тұра) былайша баяндайды: «По распространенной монгольской легенде, которую пришлось слышать и автору, Чингис-хан будто умер от раны, причиненной тангутской ханшей, красавицей Кюрбелшин-хатун, которая провела единственную брачную ночь с Чингис-ханом, взявшим ее в жены по праву завоевателя после взятия столицы тангутского царства. Покинувший свою столицу и гарем тангутский царь, Шидурхо-каган, отличившийся хитростью и коварством, будто уговорил свою супругу, оставшуюся там, причинить смертельную рану зубами Чингис-хану во время брачной ночи, и его коварство было столь велико, что послал совет Чингис-хану, чтобы ее предварительно обыскали «до ногтей» во избежание покушения на жизнь хана. После укуса Кюрбелджин-хатун бросилась будто в реку Хуан-хэ, на берегу которой стоял своей ставкой Чингис-хан»  («Чингис-хан как полководец и его наследие», 167 б.).

Бір таңғаларлығы,  осы аталған тарихи еңбектердің барлығынан да ерте, «Мәңгі елге» 13 ғасырда келіп қайтқан еуропалықтар жазған шығармаларда Шыңғыс ханның я аттан құлап жарақаттанғаны, я тістен жарақаттанғаны туралы ештеме  кездеспейді. 1253 жылы «Мәңгі ел» мемлекетінің астанасы Қарақорымда болған Франция королінің елшісі П.Карпини кітабында Шыңғыс хан өлімі туралы: «Совершив свои распоряжения и постановления он был убит ударом грома» деп жазыпты («История монголов», 5-тарау, 1-бөлім). Ал Мәңгі ел астанасы Пекинге көшкен соң, 1275 жылы келіп, 15 жыл осы елде тұрған  венециялық  Марко Поло Шыңғыс хан қазасы туралы «Әлемнің әралуандығы туралы кітап»  деген шығармасының XVIII тарауында: «Пошел на крепость Канги, и попала ему тут стрела в коленку: от той раны он и умер. Жалко это, был он человек удалой и умный» деп жазған. Олардың бұл деректері  өзге еш шежірелерде кездеспейді.

Соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері Шыңғыс хан өлімі туралы жазғанда негізінен «ҚШ»-дағы «аттан құлаған» деген және «Жамиғ-ат-Тауарихтағы»: «Таңғұт ханын өлтіруге үлгірмей, өзі өлді» деген пікірлерді пайдаланып жүр.  Бірақ егер 1227 жылы қыста құлан аулаған кезде аттан жығылып, денесі қатты ауырып, Есүй ханым: «Қағанның денесі түнде қызып шықты» – десе, Шыңғыс хан сондай ауруымен тамыздың аяғына дейін шыдап, соғысқан ба? Таңғұт жеріне келген соң Шыңғыс хан  төрт  қаласын алып, мемлекет астанасының тұсынан өтіп кетеді («Жамиғ-ат-Тауарих»: «Он прошел мимо этого города и, захватив другие города и области, пошел в сторону Хитая» делінген. Содан соң ғана балаларына өзінің түс көргенін айтып, көктемде Таңғұтқа қайта аттанады (251 б.). Аттан осы жолы құлады деуге – мәңгіелдіктер заңы бойынша аңға тек қыста шығады. Ұлдарына өсиетін айтқаннан соң, оларға: «Енді ұлыстарыңды басқаруға барыңдар» деп, өзі Таңғұтқа аттанады. Егер ол аттан құлап ауырып жүрген болса, күшін бөлшектемей, бірден Таңғұттың астанасын алуға асығар еді ғой. Сондай-ақ осы соғыс кезінде ол Бақыршы мен Мұқылайды Қытай елін билеуге аттандырады («ҚШ», 267 бөлім.). Осыдан кейін Таңғұт ханы берілмек болып елші жіберіп, сыйлықтар дайындау үшін бір ай мерзім сұрайды. «Жамиғ-ат-Тауарихта» Шыңғыс хан науқасы туралы осы елші келіп кеткеннен соң ғана айтылуына қарағанда, Таңғұт билеушісі елшімен қоса әйелін де Шыңғыс ханға қастандық жасауға жұмсаған сияқты. «Алтын тобшыда» Таңғұт билеушісінің жадышы екендігі айтылады. Ендеше ол әйеліне тапсырманы орындап, суға кетіп өлуді гипноз арқылы жасауы мүмкін. Әрине, Таңғұт ханы есептегендей, Шыңғыс ханның тістен алған жарақаттан сегізінші  күні қайтыс болған («Ган-му»). Бірақ Шыңғыс хан өз өлімін жасыруға бұйырғандықтан, Таңғұт ханы өз әйелі Шыңғыс ханға қастандық жасамаған, оны аман-сау деп ойлап, уәдесі бойынша бір айдан кейін берілуге келген.

Гүрбелжін туралы «Алтын топшыда»: «Жамұқа Еженге: «Менің Мөңгеле әйеліме қарағанда қытайдың Уангинан зәңгісіне қарасты Номтай шешеннің қызы, таңғұттың Шетірқұл қағанының Гүрбелжін сұлу деген ханымының сәулесімен түнде шырақ жағу керек болмайды деп естідім. Соны алсаңыз етті», деп жасырын сөз тастайды» делінген (255 б.).

Ал Рашид-ад-Дин «Тауарихында»: «У Джакамбу была еще одна дочь, которую он выдал за государя тангутов. Она была чрезвычайно красива и чиста лицом. Когда Чингиз-хан захватил страну Тангут и убил их государя, он чрезвычайно старательно разыскивал эту женщину, но не нашел» ( І.т.2 к. 109 б.). деген. Бұл сөзден Гүрбелшін сұлудың «қытайдың Уангинан зәңгісіне  қарасты Номтай шешеннің қызы» емес, Керейіт ханы Тұғырылдың (Ван хан) бір кездері Таңғұтта тұрған інісі Керейтайдың кенже қызы екені анықталады. (Керейтайды бала кезінде таңғұттар тұтқындап әкетіп, оны ақылдылығы үшін Джақамбу (тибет тілінде джа– өлке, камбу– ұлы әмірші) деген лақаб ат берген). Жақамбудың үлкен қызы Әбке-бегімді  Шыңғыс хан алып, бірақ түс көргендіктен әскербасына сыйға тартқан. Сондықтан Таңғұт билеушісінің осы әйелі – Шыңғыс ханға  балдыз. Екіншіден, Таңғұт билеушісінің Шыңғыс хан әлі қайтыс болмай тұрған кезде өлтірілгені және оның әйеліне Шыңғыс ханның қызығып, іздегені белгілі болады. Әрине, елдің бәрі танитын  хан әйелі жоғалып кетуі мүмкін емес. Бұл жерде тарихшы: «Шыңғыс хан ол әйелді таба алмады» деп, сыпайылыққа барып отырған сияқты.

Рашид-ад-Дин «Тауарихының»  І.т.1 к. 131 бетінде:  «Последнюю дочь  Джакамбу отдал в жены сыну государя онгутов. Расссказывают, что, когда Чингиз-хан захватил онгутов  и они покорились, он хотел захватить эту дочь Джакамбу и завладеть ею; но сколько ее не искал, не нашел» дейтін жері де бар. Бірақ  Оңғыт  (Уақ) ханы Шыңғыс ханға өз еркімен бағынып, оның әскерін қорғаннның Өткегінен де өткізгені белгілі. Бұл жазу – осы ұжымдық еңбекті  құрастырушылардың бірінің қатесі болса керек.

Хара-Даван  «Шыңғыс хан айтыпты» деп: «Наслаждение и удовольствие для мужа состоит в том, чтобы подавить возмутившегося  и победить врага, заставить его замужних женщин обливаться слезами, сесть на его хорошего хода с гладкими крупами меринов, превратить животы его прекрасноликих супруг в ночное платье для сна и подстилку..» деген ( «Жамиғ-ат-Тауарих», І т.2 к. 265 б.) мысал келтіреді. Хара-Даван кітабына жазған пікірінде Л.Гумилев осы туралы: «Приписываемые Чингис-хану слова и поведенчески, и психологически гораздо более соответствуют личности его заклятого врага – хорезмшаха Мухаммеда» дейді. Ия, Шыңғыс ханға қатысты көптеген тарихи еңбектермен танысқанда оның мінезі жайында Л.Гумилевтің қорытындысы дұрыс. Мысалы, Шыңғыс хан атты қамшымен ұрмай, сипау арқылы жүргізіп  үйреткен екен. Ол Бақыршы ноянға Жеке бөрі деген атын беріп тұрып: «Егер қатты шапсын десең, оның жалынан  қамшымен тек сипа, бірақ ұрма!» деп ескерткен  («Жамиғ-ат-Тауарих», І т. 2 к. 115 б.).

(Шыңғыс ханның өте қарапайым өмір сүргені, боқ дүниеге қызықпағаны барлық шежіре, тарихтарда жазылған. Соған қарамастан бұл күндері әр елден шыққан біреулер «зерттейміз» деген сылтаумен Шыңғыс ханның жерленген орнын іздеп әуре. Онымен бірге мол қымбатты бұйымдар көміліпті деген дақпыртқа желігіп, Шыңғыс ханның көрін қазбақшы. Ұлы қағанның көрін қопартуға жол берілмеуге тиіс).

Әйтсе де, қарсыласын толық жеңгенін барша жұрт мойындау  үшін жеңілген жаудың басшысының әйелін алу – сол заманның дәстүрі болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл – әйелді жесір қалдырмайтын түркі халқына тән салт десек, Ханның әйелін хан алмай, қара алса, оған үйреншікті жағдайын жасай ала ма?! «Ханның басын–хан алар» дегендей, егер хан жесірін қарашы алса – бұл барлық елдердің билеушілерінің беделіне нұқсан ғой! Осы себептен Шыңғыс хан найманның Таян ханы өлгенде, жесірі Гүрбесу  ханымды өзі алғаны белгілі.

Ал Шыңғыс хан Керейтай-Жақамбудың қызы Күрбелжің балдызын тапты ма, таба алмады ма деген сұраққа жауапты «Алтын топшы» кітабының 263- бетіндегі, Шыңғыс хан қайтыс болған соң оны еліне алып бара жатқан арбаның доңғалағы балшыққа кіріп ілгері жүре алмағанда  Көгедей батырдың айтқан:

Қатын Кербелжіңді сұлу деп,

Бөтен Таңғұт ұлысын зор деп,

Көне Моңғолыңды осылай қидың ба сен, Еженім!»

– деген жоқтау-өлеңінен байқауға болады.

Бірақ соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері тек осы дерекке сүйеніп келеді. Кей шежірелерде Шыңғыс ханның аң аулау кезінде аттан құлап ауырып қайтыс болғаны айтылады. Бірақ ол халықтың аңды жазда емес, тек қыс кезінде аулайтынын ескерген тарихшы Хара-Даван өз кітабында: «Еще зимой 1226-1227 г.г. на облавной охоте на диких лошадей, он упал с коня, который чего-то испугавшись, шарахнулся, и уже после этого случая старый хан почувствовал себя плохо. Созванный военный совет решил приостановить поход, до выздоровления императора...Но Чингис-хан с этим решением не согласился: «Лучше я умру, но потребую отчета от тангутского царя!»– воскликнул он» дейді. Бірақ науқасы күшейіп, қайтыс боларын білген соң өзі өлген соң Таңғұттарды жоюды тапсырғанан жазады (164 б.).

Рашид-ад-Дин жазуынша Теміршің тайшуыт тұтқынынан қашып үйіне  жақындағанда оның кенже ұлы Тулуй: «Әкем келеді» деп қайталай беріпті» дейді. Егер үлкен ұлы Жошы Бөрте Меркіт тұтқынынан қайтарында туылса, ал кенжесі Төле Теміршіңнің тайшуыт тұтқынынан қашып шыққанын сезгенін ескерсек, онда тайшуыттардың Теміршіңді тұтқындауы Меркіттерден Бөртенің оралуынан көп кейін болғаны ма?

Сол өлкедегі халықтың 1240 жылдары тілінде болмаған сөздердің осы  шығармада тым көп қолданылуы кітаптың аталған кезден кеш жазылғанын көрсетеді. Лубсан Данзан 1627 жылы жазды делінетін «Алтын тобшы» шығармасымен де сөздері бірдей. Сонда «1240 жылдан 1627 жыл аралығындағы 4 ғасырда өлке тұрғындарының тілі өзгеріске ұшырамаған ба?!» деген сұрақ туады.

941 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы