• Білім-ғылым
  • 26 Сәуір, 2016

ЮНЕСКО, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ МЕДИА КАФЕДРАСЫ

Мақсаты:

бакалавриатта - 

Мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардың қоғаммен байланыс
жөніндегі департаменттері мен бөлімдерінде, жарнама агенттіктері мен продюсер
орталықтарында жұмыс істейтін қоғаммен байланыс (PR) жөніндегі жоғары білікті
мамандарды, баспасөз хатшыларын, имиджмейкерлерді, продюсерлерді, PR-
кеңесшілерді және көптеген басқа қызметкерлерді даярлау.

Магистратурада

Қоғаммен байланыс саласындағы зерттеушілерді, PR бойынша сарапшылар-
ды, жоғары оқу орындарының қоғаммен байланыс оқытушыларын, сондай-ақ
шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында, шет елдердегі отандық БАҚ-тардың
тілшілік қосындарында, ҚР СІМ ақпараттық құрылымдарында, елшіліктер мен
дипломатиялық қызметтердің баспасөз қызметтерінде, зерттеу құрылымдарында
жұмыс істейтін халықаралық журналистика жөніндегі мамандарды даярлау.
Мамандықтар:

Бакалавриат
5В051400 – «Қоғаммен байланыс»
Оқу мерзімі: 4 жыл.
Магистратура 
(ғылыми және педагогикалық бағыт)
6М051400 – «Қоғаммен байланыс»
6М051600 – «Халықаралық журналистика»
Оқу мерзімі: 2 жыл.

Кафедрада:
– өз ісіне берілген кәсіби оқытушылар қызмет атқарады;
– баспасөз қызметтері мен баспасөз орталықтарының болашақ басшылары, PR-кеңесшілер, жарнама ма-
мандары мен халықаралық журналистер – белсенді де креативті, көпшіл студенттер білім алады;
– мамандандырылған Студенттік баспасөз клубы, теле, радио және баспасөз оқу зертханалары жұмыс істейді;
– инновациялық оқу, әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмысы жүргізіледі;
– «PR-шы», «Баспасөз хатшылары клубы», «PR мектебі», «Жас көшбасшылар клубы», «InterPRess»,
«Конвергенттік журналистика» және басқа студенттік клубтар жұмыс істейді;
– «Мүшайра» республикалық жас ақындар сайысы, республикалық үздік PR-жобалар конкурсы, мектеп
оқушыларына арналған «Өзіңе өзің режиссерсің», «Үздік шығарма» байқаулары өткізіледі.

Оқу-зертханалық базасы:
Факультеттің әлеуметтік маңызды әрі ауқымды шараларына ақпараттық қолдау
көрсету, сондай-ақ авторлар, модераторлар, спичрайтерлер, фотографтар, редактор-
лар, PR-кеңесшілер, халықаралық журналистер және басқа мамандар ретінде тарты-
латын студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту мақсатымен оқу пәндерінің
жұмыс бағдарламаларында көзделген зертханалық және практикалық сабақтар арнайы
мамандандырылған оқу Баспасөз орталығында өткізіледі.
Кафедра түлектерінің кәсіби қызметінің салалары мен нысандары:
Бакалавриат
5В051400 – Қоғаммен байланыс:
– қазіргі заманғы баспасөз қызметі;
– мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардағы қоғаммен байланыс;
– коммерциялық құрылымдардағы қоғаммен байланыс;
– коммуникациялық менеджмент;
– экономика саласындағы қоғаммен байланыс;
– басқару саласындағы қоғаммен байланыс;
– саяси саладағы қоғаммен байланыс;
– әлеуметтік саладағы қоғаммен байланыс;
– мәдениет саласындағы қоғаммен байланыс;
– қаржы және банк салаларындағы қоғаммен байланыс;
– коммуникациялық науқан ұйымдастырып, өткізу;
– қоғаммен байланыс жөніндегі агенттіктер жұмысын ұйымдастыру;
– корпорацияларда қоғаммен байланыс бөлімінің жұмысын ұйымдастыру;
– коммуникациялық үдерістегі қоғаммен байланыс пен жарнама;
– бұқаралық дене мәдениеті, туризм және спорт саласындағы қоғаммен байланыс.
Магистратура 6М051400 – Қоғаммен байланыс:
– ҚР-дағы және шет елдердегі мемлекеттік және жеке құрылымдардың
қоғаммен байланыс бөлімшелері;
– PR-агенттіктер;
– ҚР-ның және шет елдердің саяси, социологиялық, зерттеу және
консалтингтік құрылымдары;
– жарнамалық, консалтингтік және коммуникациялық агенттіктер;
– жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары.
6М051600 – Халықаралық  журналистика:

– бұқаралық ақпарат және коммуникация құралдары (теледидар, радио,
интернет-басылымдар, газеттер мен журналдар, кино);
– елшіліктер мен дипломатиялық қызметтердің баспасөз
қызметтері;
– шетелдік БАҚ-тардың тілшілік тіректері;
– СІМ-нің ақпараттық құрылымдары,
– жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу

102 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

URKER №9

28 Қыркүйек, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы