• Білім-ғылым
  • 26 Сәуір, 2016

БАСПАГЕРЛІК- РЕДАКТОРЛЫҚ ЖӘНЕ ДИЗАЙНЕРЛІК ӨНЕР КАФЕДРАСЫ

МАҚСАТЫ
Бакалавриатта:
Баспаларға, полиграфияларға, Кітап палатасына, бұқаралық ақпарат құралдарына, жарнама агенттіктеріне, барлық деңгейдегі мекемелердің баспасөз қызметтеріне, интернеттік басылымдарға аса қажет білікті, кәсіби құзыретті редакторлар даярлау;

Магитратурада:
«Баспа ісі» және «Дизайн», «Кітаптану» мамандықтары бойынша баспа және полиграфия саласын басқару, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге құзыретті мамандар мен жоғары оқу орындарында сабақ беретін теориялық және практикалық білігі жоғары педагогтар даярлау;
Мамандықтар:
Бакалавриат (кәсіби құзыреттілік бағытында)
5В042200 - «Баспа ісі»;
Оқу мерзімі -4 жыл
5В042100 -»Дизайн»
Оқу мерзімі -5 жыл
Магистратура (кәсіби құзыреттілік, ғылыми және педагогикалық бағытта)
5М0042200 -»Баспа ісі»
Оқу мерзімі - 2 жыл
Оқу - зертханалық базасы:
Кафедрада теориялық және практикалық дәрістер мен сабақтарды, ғылыми- зерттеу жұмыстарын, инновациялық ізденістерді оқу бағдарламаларына сәйкес жүргізуге
толық мүмкіндік беретін материалдық-техникалық базасы заманауи техникалармен
жабдықталған( дәрісханалық қор, компьютерлік кластар, зертхана, шеберхана, оқу және
тәжірибе жүргізуге қажетті материалдар);
Білім алу барысында студент:
5В0042200 - «Баспа ісі» мамандығы бойынша -
- баспаның әдеби редакторы, терімшісі, беттеуші-қалыптаушысы,техникалық редак-
торы, корректоры; менеджері;
- газеттің әдеби редакторы; терімшісі, беттеуші-қалыптаушысы, корректоры;
- журналдың әдеби редакторы; терімшісі, беттеуші-қалыптаушысы, корректоры;
- телеарна әдеби редакторы;
- Радионың әдеби редакторы;
- жарнама агенттіктерінің әдеби редакторы;
- баспасөз қызметтерінің әдеби редакторы кәсіби біліктілігін меңгеріп шығады.
5В0042100 -»Дизайн» маманыдығы бойынша -
-баспаның көркемдік редакторы, дизайнері, техникалық редакторы;
- газеттің қалыптаушы-дизайнері; дизайнері;
- журналдың қалыптаушы-дизайнері; дизайнері;
- телеарна дизайнері;
- жарнама агенттігінің дизайнері кәсіби біліктілігін меңгеріп шығады.
Кафедрада оқып шыққан түлек:
Баспаларда, полиграфияларда, Кітап палатасында, бұқаралық ақпарат құралдарында, интернеттік басылымдарда, жарнама агенттіктерінде, барлық
деңгейдегі мекемелердің баспасөз қызметтерінде, кәсіпорындарда, корпорацияларда, білім беру орындарында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, басқару органдарында, бизнес салаларында еңбек етеді.
Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы:
М. Ұлықбек атындағы ТашМУ (Өзбекстан), М.В. Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу, Ресей), И. Федоров атындағы баспа университеті ((Мәскеу, Ресей), Вятск Мемлекеттік гуманитарлық университеті (Вятск, Ресей), Гази университеті (Түркия), Анкара университеті (Анкара, Түркия), Стамбул университеті( Стамбул, Түркия), Рединг университеті (Рединг, Ұлыбритания), Мәскеу Мемлекеттік Баспа университеті (Мәскеу, Ресей), Адам Мицкевич атындағы Познань университеті (Познань, Польша).
Кафедра студенттері мамандық бойынша өндірістік практикадан өтетін мекемелер мен ұжымдар:
- ҚР Мемлекеттік Ұлттық Кітап палатасы;
- “Атамұра” корпорациясы;
- “Мектеп” баспасы;
- “Қазақ энциклопедиясы”
- “Қазығұрт” баспасы
- “Қазақ университеті” баспасы
- “ҚазАқпарат” корпорациясы
- “ҚаламгерМедиа” орталығы
- “НұрМедиа орталығы”
- “Қазақ газеттері” ЖШС
- М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
- Жамбыл ғылыми-зерттеу орталығы.

Кәсіби бағдар беру

Кафедра 2009 жылдан бері жыл сайын мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Республикалық «Болашақ баспагер-редактор, дизайнер» байқауын өткізіп келеді. Байқауға еліміздің әр аймағынан «баспа ісі» және «дизайн» мамандығына қызығушы оқушылар қатысады.
Байқау жеңімпаздарына егер олар «баспа ісі» немесе «дизайн» мамандықтары бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетіне оқуға түссе ғана бір жылдық шәкіртақы, ал мемлекеттік бюджет есебінен оқыса да, ақылы түрде оқыса да беріледі.

368 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы