• Білім-ғылым
  • 26 Сәуір, 2016

БАСПА ІСІНДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

Қарлығаш МЕРГЕНБАЕВА,  
баспагерлік-редакторлық және 
дизайнерлік өнер кафедрасы 
меңгерушісінің оқу-әдістемелік 
және тәрбие жұмысы
жөніндегі орынбасары, аға оқытушысы

Біздің мамандық бойынша, білім берудің  негізгі мақсат  – баспа ісін тәжірибе жүзінде оқып үйренуге мүмкіндік жасау, сондай-ақ зертханалық жұмыста баспалық компьютер бағдарламаларымен жұмыс істей білуге үйрету және толығымен меңгеру, яғни әрбір зертханалық жұмыс үшін дайындықты тексеру сұрақтары, теориядан мағлұмат, жұмыстың орындалу тәртібі және жұмысты тапсыру сұрақтары беріледі. Зертханалық жұмысты орындау барысында қойылатын талаптар жалпы әдістемелік нұсқау бойынша білім беріледі. 


Біріншіден, сабақтың типі  – сабақ типінің бір-біріне ұқсамайтын бірнеше жолдарына, сабақтың дидактикалық мақсатына, сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне,  материал мазмұнына,  оқыту әдістері мен студенттердің оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне байланысты бірнеше түрлерін қолданамыз.  Яғни, жаңа білімдерді хабарлау, меңгерту; білімдерді бекіту, дамыту, білімдік, біліктік дағдыны қалыптастыру; қайталау, пысықтау, дағдыларды бекіту; бақылау, тексеру; аралас; жинақтап қорыту және оқыған материалдарды жүйеге келтіру  сабақтары қарастырылады.
Сабақтың  түрі жіктемесі бойынша, әрбір сабақ тұтас педагогтік процестің функциясын орындайды. Соның нәтижесінде сабақ –  көп жоспарлы, құрылымы әр түрлі болып жіктеледі. Сабақтар дидактикалық мақсатына және сабақ үрдісінің негізгі кезеңдеріне қарай дидактикалық міндеттеріне, оның сабақта шешілуіне орай, оқытудың әдістері мен студенттердің  оқу еңбегін ұйымдастыру тәсілдеріне қатысты жіктеледі. Яғни, жаңа оқу материалын өту, білім, дағдыны, қабілетті жетілдіру, жинақтау және жүйелеу, аралас, бақылау және білімге, дағдыға, қабілетке түзету енгізу сабақтары қолданылса, сабақтың дәстүрлі түрі: кіріспе сабақ, бақылау, бекіту, өзіндік жұмыс, техникалық  құралдармен жұмыс, практикалық жұмыс болса, сабақтың дәстүрден тыс түрі: пікір-сайыс, саяхат сабағы, театрландырылған сабақ, конференция сабағы, семинар, баспасөз, дебат, жарыс, ашық сабақ, эврикалық сабақ, ойын сабақ,  аукцион сабақтары өткізіледі. 
Әдеттегідей, сабақтың әдістері, сөздік: әңгіме, түсіндіру, дәріс, анықтау, сұхбат, нұсқау, дискуссия,  диспут; білімді, білікті және дағдыны жетілдіру мен бекітуді оқыту әдістері: үлгі жұмыс бойынша жаттығу, түсінік беретін жаттығулар, нұсқалы жаттығулар, жеке дара, топтық, ұжымдық,  шығармашылықтық практикалық жұмыстар, практикалық оқыту әдісі:  өндірістік оқу лабораториялары, іс-тәжірибе, жаттығу, оқу - өндірістік еңбек; Өндірістік құралдармен жұмыс істеу, бақылау, көрнекілік әдісі: иллюстрациялау (плакаттар, карталар, картиналар, портреттер),  демонстрациялау (компьютермен жұмыс, іс-тәжірибе жасау, техникалық құралдар, препараттар), бейнефильмдерді демонстрациялау, оқу телекөрсетілімін пайдалану, кітаппен жұмыс әдісі: оқу, жалпы қарап шығу, цитаттау, мазмұндау жоспар құру, конспектілеу; реферат, эссе жазу, кесте, нұсқа, индуктивтік және дедуктивтік оқыту әдістері; репродуктивтік және оқытудың проблемалы-ізденіс әдісі;  оқытушының басшылығымен және өздік жұмыс әдістері; эксперименталды сабақ әдісі: ізденіс әдістері; коммуникативтік әдістер,  интерактивтік оқыту әдістері кеңінен тиімді түрде пайдаланады.
Сабақ – оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасында, студент оқытылып отырған пәнді жүйелі де дәйекті түрде баяндап беруге студенттердің ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, олардың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сабақта студенттер білім жүйелерімен ғана емес, сондай-ақ танымдық әрекет әдістерін игереді. Бұл – білім алуда студенттерді дербес жұмысқа тартудың аса маңызды шарты. Сабақты ұйымдастыру формасы: экскурсия, семинар, конференция, бригадалық,  жарыс,  сайыс, іскерлік іс, электрондық оқыту, эвристикалық сабақ,  шығармашылық, өзара оқыту, рольдік ойындар,  мәселе қойып оқыту, презентация, ұжымдық, біріктірілген, тренинг, фронтальдық, жеке жұмысты ұйымдастру, топтық жұмысты ұйымдастыру, жаңалық ашу т.б. түрлерін қолдану маңызды. Сондай-ақ, дәрісте негізгі оқу бағдарлама бойынша тақырыпты, силлабустағы тақырыбын, сабақты оқыту мақсатын хабарлау міндетті болып табылады. 
Алайда, өткен тақырып бойынша сұрақтар қоя отырып,  жаңа сабақты түсіндіру де бар. Міндетті түрде мамандықты игеру үшін тақырыптың маңыздылығы, біліктілік пен дағдыны қалыптастыру үшін жасалатын жұмыстар тізбегі, дайын өнімдерді үлгі ретінде көрсету, схемалар мен сызбаларды, плакаттарды көрсету, компьютерден, интерактивті тақталардан, монитордан, бейнефильмдерден көрініс көрсету, нұсқау карточкаларының реттік қолдануын пайдалана отырып жұмыс жасау, жұмысты жасауға арналған жабдықтар мен құрал саймандарды пайдалану, жұмысты асықпай жасап көрсету, студенттің өзі жасап көруі мен өзін-өзі тексерудің жолдарын баяндау, жұмыс арасындағы операцияларды тексеруді баяндау, алдыңғы қатарлы жұмыс үлгілері мен әдістері туралы баяндау, жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру туралы баяндау, кемшілік, қате болуының алдын алу туралы айтылады. 
Студенттердің жаңа тақырыпты меңгергенін  пысықтау, зертханалық жұмыстарда,  сұрақтар қою, жауап алу, олардың  жаңа жұмысты орындап, көрсетуі арқылы нәтижелері көрінеді. Зертханалық жұмыстарда, студенттер өздері жасайтын жұмыстар мен  жаттығулар  тізбегін беріп, оқытушы жұмыс орнын әзірлеуді, техника қауіпсіздігін сақтау тәртібін, біліктіліктерін бекітуді, дағдыларын қалыптастыруларын, жабдықтарды, құрал-саймандарды дұрыс қолдануларын,  схема, сызба, плакаттарды, технологиялық нұсқауларды дұрыс қолданғанын тексереді. Зертханалық жұмыстың соңында, қорытынды шығарылып, студенттердің жұмысының сапасына қойылған баллды хабарлап, кездескен қателерді талданып  талқыланады. Кейде сабақтың соңында студенттерге өздерін бағалауға, берілген әрбір тапсырма бойынша өзін-өзі бағалауы, топтың жұмысын бағалайды. Осылайша әртүрлі әдістерді  қолдануда, студенттердің ойлау жүйесін дамытуда, білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап,өз биігіне көтеретін, табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттері ашылған, өздігінен танып, ізденіп, іс әрекет жасайтын, өз бетімен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыруымызға болады.
Осы орайда жоғарыдағыдай әдіс-тәсілдермен өткізілген жаңа сабақ, мақсатына жетсе, студентердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Оқытушының ойлауы, өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Бұл сыни тұрғыдан ойлауға, ойлануға мүмкіндік береді. Оқытушы сабақ барысында әрбір студенттің неге қабілетті және неге деп танылған 30 мемлекеттің қатарына кіруді мақсат еттік. Ал бұл мақсатты білім-ғылымсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Десек те, әлемдік білім стандартына сай білім беретін, дүниежүзіндегі ең үздік деп танылған Топ  300-дің қатарына кірген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті туралы бүгінгі жастар, әсіресе мектеп бітіргелі жатқан түлектер аз-кем болса да білсе екен деймін.  Біріншіден, аталмыш оқу орнының тарихы сексен жылдан асып жығылады. Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Зейнолла Қабдолов сынды ұлы тұлғалар еңбек етіп, қазақтың ұлттық интеллигенциясының қалыптасуына ұйытқы болған бірден-бір іргелі оқу орны. Қазақ интеллигенциясының қара шаңырағы деп  те атайды. Өйткені елге еңбегі сіңген ірі қайраткерлер мен ғалым-жазушылардың басым бөлігі осы оқу орнының түлектері болып табылады. Мәселен, 1965 жылы бітірген түлектерін алайықшы: Қабдеш Жұмаділов, Төлен Әбдіков, Бексұлтан Нұржекеев, Адам Мекебаев, Жарылқасын Нұсқабаев, Ахат Жақсыбаев және тағы басқалары. Бұны жалғастыра беруге болады. Олар кімдер?  Олар елге еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, жазушылар, ғалымдар, баспагерлер. Екіншіден, әл-Фараби атындағы университет Қазақстандағы білім мен ғылымның ірі орталығы. Мына мәселеге назар аударсам деймін. Аталмыш оқу орнының ғалым-оқытушылары жазған кітаптарын еліміздегі бүкіл оқу орны пайдаланады екен. Сонымен қатар Халықаралық деңгейде инновациялық жобалар жүзеге асырылатын, жаңа технологиялар жасалатын, ғылым әлеміне жолдама беретін оқу орны. Әрбір үшінші үздік балл алған мектеп бітіруші ұлттық университеттің шәкірті атанады. Қазақстандағы оқушылар жағынан бірінші орында тұрған жоғары оқу орны. Жыл сайын мыңнан астам шәкірт үлкен өмірге жолдама алып, әр түрлі салада жұмысқа орналасып, тапшы мамандықтың орнын толтыруда.  Аталмыш  оқу орнында шәкірттің сапалы білім мен саналы тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалған. Ұлттық университеттің қалашығында: кітапхана, кинотеатр, әр факультеттің шәкірттеріне арналған жеке-жеке жатақханалар, түрлі шығармашылық кештер өткізуге арналған орындар,  Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы – бәрі-бәрі бар.  Осылардың бәрі оқушы жастардың рухани жетіліп, азамат болып қалыптасуы үшін жасақталған.  Қысқасы, бүгінгі жас үздіктер қатарынан көрінгісі келсе, жақсы дос тауып, рухани ортаны қаласа, болашақта білікті маман болуды көздесе онда біздің университетке қош келіңдер демекпін.

365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы