• Білім-ғылым
  • 21 Желтоқсан, 2012

«Манас» эпосындағы тұрмыстық заттардың, ат әбзелдерінің атауы

Бағашар Тұрсынбайұлы

1990 жылы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. ҚазҰУ-дың 4 курс студенті.

Қазаққа да ортақ

Халықтың тұрмыс оның дәстүріне, салтына, мінез-құлқына терең із қалдырады. Тұрмысы дегеніміз халықтың материалдық, әлеуметтік және рухани игіліктермен қамтамасыз етілуін, оларды тұтынудың қол жеткен көлемін және игіліктерге деген адамдардың қажетін қанағаттандыру дәрежесі. Тұрмыста қолданатын заттар – мәдени категория. Олардың сан алуандығы мәдениеттің қабаттарын құрайды. Олардың әр қабатында халықтың тұрмысының даму сатысы, күрделенуі, түрленуі бейнеленеді. Ғасырлар бойы халық екшеуінен өтіп келе жатқан тұрмыстық заттар болсын, күн көрісінде, шаруашылығында пайдаланатын заттардың болсын өз құндылықтары жойылмайды.  Бірақ халықтың ұлттық ерекшелігі мен дәстүріне, тұрмыстық болмысын бойына сіңіре отырып дамыған ұлттық мәдениеттің алтын қазынасы, халық санасының оянуының айнасы болған ұлттық ерекшеліктердің қолтаңбасындай көрінетін тұрмыстық заттардың көбі қазіргі күнде өздерінің құнды қасиеттерінен қол үзіп, қазіргі заманның ыңғайына  сай күйге түсті. Көбі тек атаулары ғана арқылы таныс. Мал шаруашылығында бүгінгі күні көшпелі мәдениеттің тек сөздері, кейбір элементтері ғана қалды. Олар өз функционалдық қасиеттерін ауыстырып алған десек те болатын сияқты. Себебі о бастағы атқарған қызметі жойылғаннан кейін, бүгін соған ұқсас қазметті атқарып тұрғандықтан байырғы атауын сақтаған.

«Манас» эпосында кездескен ат әбзелдердің, тұрмыстық заттардың атауларын да тізбектеп, ғалымдарымыздың пікірлерімен, зерттеулерімен шегелеп алдық.

Нокто, жүгөн таба албай,

Ойрону чыгып бир талай,

Мойнуна курун салышып...

Ээр токумын камдашып,

Эр көңүлүни жамдашып...

Жатысы мунун кандай деп

Жемелеген андан көп [28,44]

Ноқта – ауыздығы жоқ жүген тәрізді, мал басына кигізілетін ер-тұрман әбзелі. Жүген – ат басына кигізілетін, ауыздығы бар әбзел. Бұл екі сөз де біздің лексиконымызда бар. Тұрмысымызда да дәл осылай қолданамыз.  Ээр тоқым – отыру үшін атқа салынатын тұрман. Ер тоқымның түрлері де бар. Жауыр атқа салынатын ер тоқым, тайға салынатын ер тоқым, үлкен аттарға салынатын ер тоқымдардың өз түрлері де болады. Әр ұлттың да өз ер тоқымы болатынын ерлердің қазақы ер, орыс ер деп бөлінуі дәлелдейді.

Кермеге атын байлатып,

Келгендин көөнүн жайлантып[28,52]

Керме – бір нәрсе ілу үшін, байлау үшін тартылған жіп, арқан[31]. Үйірдегі асауды ұстау үшін де екі адам екі ұшынан ұстап, кере тартып, жылқының мойын тұсына келгенде іліп, бірі екіншісіне арқанның ұшын беріп, ұстайтын жіпті керме арқан дейді. Керме тарту деп, солай ұстауды айтады. Бұл жердегі керме, ат байлау үшін ұзынынан ұзақ қойылған ағашты айтып тұр. Немесе  ат байлайтын орынның атауы. Жеке ат байлайтын ағашты мама ағаш деп атайды.

Белдемчесин байланып,

Беш кааладан айналып...

Карыпчысын байланып,

Кара шаар айналып

Калдайлар минер ат экен.[28,128]

Алтындан куйган үзеңгүү

Аягын төрө салбады.[28,139]

Қазақ тілінде белдеме селдір тоқымаға тігілген кесте, әшекейлі өрнек.  Белдемчи деген өз мағынасынан көрініп тұрғандай белге байлайтын сауыттың бір бөлшегі. Сауытты ішке тартып, ұстып тұратын бөлік. Темірден, теріден, қалың киізден жасалады.

«Үзеңгі сөзінің семантикасы «үсті», «жоғары» деген пікірді түркі тілінің этимологиялық сөздігінде кездестіреміз. Үзік деген киіз үйдің жоғары жағына, уықтың үстіне, туырлықпен астастырыла жабылатын киізді үзеңгі сөзімен төркіндес», - дейді профессор Қайдаров[42]. Себебі, екеуі де жоғары деген семантикаға жақын. Бұл түбірдегі сөздерді Ескі Түркі тілінің сөздігінде келтіреді. Сондай-ақ, В. Банг, Дерфер, Брокельман, Г. Вамбери сияқты түркітанушы ғалымдар да осы пікірде.

Аттын келер жолуна

Ак желек алсын колуна[28,159]

Желек сөзінің бірнеше мағынасы бар. 1. Жас келіншектің кәмшат бөрік сыртынан салатын орамалы. 2. Қалыңдықтың үйлену тойы кезінде киюі үшін, жұқа жібек кездемеден, шілтерден тігілетін жамылығы. 3. Тудың шашағы. Қырғыз тілінде ту, жалау, желек сөздері де ту ретінде қолданыла береді. Бұл сөз асаба деп те аталады.

Төөгө буйла тактырбай,

Жөн жайлуу киши бастырбай,

Уйга тагып мурунтук.

Кочкорго белдик байлабай,

козгалтуп көчкө айдабай.[28,32]

Бұйда түйе не өгіздің мұрындығына тағылатын бас жіп, бау.    М. Рясянен оны ескітүркілік bo+du «бекіту» деген сөздің түбірімен байланастырады. Көп сөздерде тек фонетикалық ерекшелік болмаса, аса бір айырмашылықты көріп тұрғанымыз жоқ. Тек расыменде кей сөздерді мүлде түсінбейміз. Ол сөздерді арнайы түсіндерме сөздіктерден қарауға тура келеді. Мурунтук түйенің не өгіздің екі танауының арасындағы шеміршегін тесіп өткізетін ісік ағаш. Белдик қайыстан жасалған бау.

Босогоңду кыйратып,

Боз уланын ыйлатып...

...кергеңди кыйратып..

Там-коргонуң талкалап,

Кум-коргонуң куйкалап.[28,89]

Босаға есіктің екі жақтауы. Кереге сөзінің түбірі кер деп алса болатын сияқты. Жиналып, одан кейін керіле жайылатын қабырғаны солай атаған болуы керек. Себебі бетеге деген жерге жатып өсетін өсімдіктің түбірі бет деп алған Ж. Манкеева, осы екі сөздің этимологиясын осылай анықтауға болады деген түйін айтады. Бұл батырлар жауларына ашуланғанда айтатын сөз, мұндай сөздер біздің батырлар жырында да, жырауларда да, берідегі Махамбет поэзиясында да кездеседі. Дәл осындай болмаса да, осы мағынасына жуық сөздер, қаһарманның ашуын, ызасын білдіреді [31].

Тобурчакта бир канша

Абайы үртүк жаптырган

Аземдү тумар тактырган[28,148]

Тобурчак жылқы тұқымының бір түрі. Абайы қылдан жүннен тоқылған матаның түрі. Абайы үртүк ат жабуы. Бұны біздің тілде тек қана жабу дейді. Әрине оның әр түрі болады. Бәйгеге шабатын аттардың да арнайы жабуы болады. Бұндай жамылғыларды түйе малына да жабады.

Коңгуроолу кара нар,

Кол менен көчү барабар.

Боз үйлүү кыргыз тукумун

Кылган ишин караңар!

Жебилгеси жер чийип,

Жекешан үнү баш жарып.

Асабасы жалпылдап,

Алтандан кылган айчыгы

Ай тийгендей жаркылдап.[28,79]

Қой, ешкі, сиыр, түйе малдарының ішіндегі ерекшесіне немесе кәрісіне, бастап жүретініне қоңырау тағып қоятын болған. Малмен айналысатындар әлі күнге дейін осылай жасайды. Қоңыраулы мойынында қоңырауы бар. Жебилге –  ат жабуының шашағы. Жекешан – түйенің мойнына тағылатын қоңыраудың түрі. Асаба – тудың, найзаның басына байланатын бау. Дәл осылай көшіп келе жатқан көшті, керуенді бейнелейді.

Жал-куйругы түпөктөй,

Тумшугына карасаң

Суусарга койгон күбөктөй. [28,126]

Түпөк – найзаны алуға оңай болсын деп, терең салмай ұстап тұратын қыл. Ол белгілі өлшеммен найза сабының ұшына тағылады. Күбөк – сусар аулау үшін жасалған тас қақпан. Сусар кіргенде қайта шыға алмайтындай жасалады. Аузы қуыс, түбі кеңірек, шұңқыр формасында. Сусар суда өмір сүреді. Терісі бағалы, қоңыр түсті аң.

Кериден бээсин туйлатып,

Укуругуун шиш кылып,

Унуткусыз иш кылып,

Туурдугун ичмек кылабыз,

Туташын койбой кырабыз,

Үзүгүн ичмек кылабыз[28,275]

Туырлық – киіз үйдің керегесінің іргесінен уықтың орта беліне дейінгі жерді жауып тұратын киіз. Үзүк – киіз үйдің жоғары жағына, уықтың үстіне, туырлықпен астастырыла жабылатын киіз. Бұл жерде бізге түсініксіз болып тұрған ичмек сөзі. Севортян бұл сөзді түркі диалектісі деп көретеді. Icmak, icmex, үчmek, izmak болып кездеседі. Бұл сөздің мынандай мағыналары бар деп көрсетеді.

1.  Қаракөл терісінен, түлкі, қасқыр терілерінен жасалған киім.

2.  Тоқымның астына салатын киіз, ішкілік. (ұйғыр диалектісінде)

3.  Сырылып тігілген көрпе. (татар диалектісінде)

4.  Кішкентай төсеніш. (татар диалектісінде)

5.  Тері қолғаптың ішінен киілетін жүннен тоқылған жұқа қолғапты айтады. (татар диалектісінде)

Бұлардың барлығының түбірі іші, внутрь екені сөзсіз[43]. Бұл жердегі екінші ұйғыр диалектісі деп көрсетілген мағынасы. Бұл біздің тілде де бар. Батырлар өз жауларын қорқытқанда осындай сөздерді айтқан. Біздің де байырлық жырларда, жыраулардың толғауларында, Махамбет поэзиясында кездеседі. Махамбет: «туырлығыңды кескілеп, тоқым етсем деп едім» деп жырлайды.

Атка тердик салдырып,

Ак каңқы ээр алдырып[28,287]

Тердик – атты ерттер алдында салынатын киіз. Оны терлік деп те атайды. Аттың терісіне тиіп тұрғандықтан да, терлік деп атаған болу керек. Ак каңкы ээр – алдыңғы жағы ерекше доғаланып жасалатын ер,   оның беті оюланып, күміспен күптеледі. Бұл ерді кейде қырғыз ер деп те атайды.

Калайлуу капка дарбаза

Калкыма кылып каргаша[28,30]

Дарбаза деген сөздің түбірін дар деп қарайтындар бар. Себебі дарун арабша есік деген мағына береді. Дарбазаның екі жақтауы белгілі қашықтықта орнатылып, маңдайшасы мен жақтаулары оюмен безендірілетін болған. Әзіргі күннің өзінде, халық дарбазаның жасалуына, оның әдемілігіне қатты мән береді. Өйткені көше жаққа қарап тұратындықтан қатты көңіл бөлінеді.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 2008
  2. Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречии. СП,, Т. IY, С.2193.
  3. Этимологический словарь тюркских языков. - М., 1989,
  4. Қазақ совет энциклопедиясы. 5-том.
  5. Қазақ совет энциклопедиясы. 10-том.
  6. Қазақ совет энциклопедиясы. 6-том.
  7. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі.
  8. АТС, 372-б.
  9. Толубаев М. О значении слова «кандагай» из эпоса «Манас»

Оригинальная версия: // Эпос "Манас" как историко-этнографический источник. Тезисы международного научного симпозиума, посвященного 1000-летию эпоса "Манас". - Бишкек, 1995. - С. 107-109

  1. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. - Алматы, 1995. 272-б.
  2. Қайдаров А. Т. Структура... C.295
  3. Севортян Э. В. Этимологический словарь тюркских языков. 1974.
  4. Жилкубаева А. Ш. Термины питания в казахском язык: автореф. диис. канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1991.

157 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

URKER №9

28 Қыркүйек, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы