• Білім-ғылым
  • 26 Сәуір, 2016

МЕН ТАҢДАҒАН МАМАНДЫҚ

Адам өмірде екі нәрсені таңдауда қателеспеу керек дейді. Алғашқысы мамандық таңдау болса, екіншісі өмірлік жар таңдау. Аталмыш таңтаудың алғашқысын еш жаңылмай таңдадым десем артық айтқандығым емес. Мен еліміздегі нөмірі бірінші ұлттық университеттің қабырғасында жүріп, соның ішінде талайларға арман болған журналистика факультетінде білім алып жатқаным үшін бақыттымын. Менің мамандығым « Баспа ісі және дизайн». Бұл мамандық болашақ баспагер, редактор, корректор, телередактор, радиоредакторларды даярлайды. Қазіргі таңда ақпараттық қоғамдық құралдарның (интернет ,компьютер, телефон т.б.) қарқынды дамыған кезеңі. Бұқараның көпшілігі кітап атаулы дүниеден расымен де алшақтай бастаған заманда, біздің кітапқа, жазуға деген қызығушылығымызды, махаббатымызды арттырыуға бірден бір септігін тигізген дәл осы мамандық. Бүкіл он сегіз мың ғаламды біліммен нәрлендіріп, жан дүниемізді рухани байлықпен азықтандыратын кітаптың қалай жазылып, түптеліп, өңделіп оқырман қауымға қалай жол тартатынын бірі білсе, бірі біле бермейді. Осындай көпшілік біле бермейтін процестерді көзіңмен көріп, қолыңмен ұстап, сезіне білудің өзі бір ғанибет.
Біз – болашақ редакторлармыз! Бұл маман иесі нағыз шығармашылық тұлға. Бүкіл ұлтты, барша қауымды тәрбиелейтін басылымдарды редакциялап, автор келісімімен өзгеріс енгізіп, халыққа ыңғайлы жағдай жасау біздің қолымызда. Сол себепті елге елеулі, халыққа қалаулы азамат болып, өз мамандығымыздың нағыз шебері атану үшін қазірден бастап жемісті нәтиже көрсетуге тырысуымыз керек. Мен бізді жарқын болашақ күтіп тұр деп ойлаймын. Мен өз мамандығыммен мақтанамын! Мамандығым – мәртебем! 

401 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы