• Мәдениет
  • 01 Сәуір, 2016

«ЖЕҢІС – ОРТАҚ, БАТЫР – ЖАЛҒЫЗ»

Аңызға айналған команда

«Динамо» Денешынықтыру және Спорт қоғамының  90 жылдығына орай бір үзік сыр.

 

Ақын Ордабайұлы
 
1980 жылы  Жамбыл облысында туған. «Рахат» телеарнасының спорт шолушысы, С.Бердіқұлов атындағы жүлденің иегері, Яхонтев атындағы халықаралық сөз өнері сайысының жүлдегері. Ауыл спорты тақырыбын жиі көтеріп жүр. Қазақ күресі халықаралық бірлестігінің алқа мүшесі, тексеру комитетінің төрағасы.

Допты хоккейден «Динамо» командасының жетістіктерін сөз еткенде,міндетті түрде Еуропаның  төрінде атой салып,жүлде салған кезеңдер еске оралады. Себебі, «Динамо» командасы өз тарихында Еуропа чемпионаттарының арасындағы кубокті екі рет жеңіп алса,КСРО чемпионатында екі рет жеңімпаз атанып,көптеген халықаралық жарыстарда топ жарды.

Қазақстан бендиден бүгінгі таңда да ТМД елдері былай тұрсын,әлемдегі ең азулы деген командалармен иық теңестіре алады. Үш бірдей әлем чемпионаттарының қола жүлдесін иелену,кез келген  елдің маңдайына  бұйыра бермейтін бақ. Әрине, бұл еліміздегі бендидің қалыптасқан тарихы мен үлкен мектебі бар екенін көрсетеді. Әсіресе тарих қойнауына сіңген жылдардағы саңылақ спортшылардың ойын өрнегі мен білікті бапкерлердің қажырлы еңбегі отандық бендиді биік белестерге жетеледі.
1980 жылы Мәскеу олимпиадасында атақты бапкер Эдуард Айрих жаттықтыратын Кеңес Одағының бас командасы жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Сол құраманың сапындағы ойыншылардың көпшілігі алматылық команданың ойыншылары  еді. Сол жылдары Евгений Агуреев қарсыластардың қақпаларына 518 доп соғып, Кеңес Одағы тарихында допты хоккейден ең үздік сұрмергені атанады. Ондаған алматылықтар халықаралық дәрежедегі спортшы атағы мен Кеңес Одағына еңбегі сіңген спорт шебері деген атақпен мрапатталған.Допты хоккейден КСРО құрама сапында сол уақыттарда Евгений Агуреев, Николай Шмик, Геннадий Любченко, Александр Осокин, Вячеслав Горчков, Владимир Корытин, Андрей Маряшин, Олег Чернов,Ринат Шамсутов және де өзге ойыншылар тамаша жетістіктермен ел есінде қалды.
Сонымен қатар, «Динамо» командасының өркендей түсуіне  аты машhүр бапкер Қазбек Дәулетқұлұлы Байболовтың да сіңірген еңбегі орасан зор.
Мысалы, Қазбек Дәулетқұлұлы өз ойыншыларымен жаттығу жасағанда айналаға қызықтаушы  адамдар толып кетіп, кәдімгі көрігі қайнаған жарыста отырғандай сезініп тамашалайды екен. Әйгілі бапкер шәкірттерімен оқу-жаттығу жиындарын аяқтап болған сәтте оның маңайына жиналған былайғы жұрт: «Сіз жаттығу ғана жасаған жоқсыз,жанымызға қуаныш тарту етіп, концерт бергендей болдыңыз», – деп рахметтерін жаудырып кетеді екен.
Ал, Қазбек Байболов  болса, шәкірттеріне:  – Егер сендер екі тайм ойнап,қосымша уақытта дәл осындай шыдап берсеңдер,сендерге қарсы ешкім тең келмейді - деп, ізбасарларын қайрап,қанаттандыратын болған. 
Бұл шәкірттерін физикалық тұрғыдан ғана шынықтырып қоймай,рухани тұрғыдан дем беретін кәнігі бапкер Қазбек Байболовтың ғана қолынан келетін жаттықтыру әдістерінің бір қыры ғана еді. Білікті маман өз қырандарының  намысын оятып, жандүниесін қалыпқа келтіре білетін  психолг та болғандығын байқаймыз.
Қазірге кезде Қазбек Дәулетқұлұлы секілді шәкірттерін шеберлік деңгейін шыңдап қана қоймай рухани-психологиялық жақтарын қосымша дайындап беретін жаттықтырушыларды көп кездестіре алмайсың. Талантты бапкердің  кәсіби – методикалық жаттығу тәсілдері жазылған  кітапшалары шығарылып, ұлттық құрама тізгінін ұстаған жандарға ғана емес, дарынды балаларға арналған спорт мектептеріне оқу-жаттығу құралы ретінде  кеңінен енгізіліп жатса абзал болмақ еді. 
Мысалы, Қазбек Байболовтың  командасындағы ойыншылар ойын деңгейімен қатар, моральдық-психологиялық тұрғыда  дайын болғандықтары соншалықты, мұз айдынында қарсыластарын   бет қаратпай  жеңістен жеңіске  жетіп отырған. Көне көз  жанкүйерлердің айтуынша, сол жылдары «Динамо» командасын сүріндіріп ұпай алу былай тұрсын  тоқтатудың  өзі    аузын айға білеген КСРО  аймағындағы командаларға оңай болмаған екен.
Тіпті, қақпасына қарша бораған голдан қорыққан командалар шарасыздықтан ойынның тез аяқталуын күткен деген әңгіме де бар. Мәселен, ойын соңынан дәлізге демін алуға шыққан кейбір ойыншылар : «Бүгін әйтеуір құдайдың көзі түзу болып қақпамызға аз гол соғылды»- деп,  дәрменсіздіктен қуанатын болған деседі. Керек десеңіз, сол кездері динамолықтардың соққан голдарынан сескенген қарсылас командалардың өкілдері ойын ортасында таяу келіп:  «Жігіттер, гол соқпай-ақ, қойыңдаршы» - деп,өтініш айтып отырыпты. 
Міне,бір жылдары аты аңызға айналған алматылық дауылпаз  «Динамо» командасы туралы ел есінде айтылып қалған аңыз әңгімелердің бұл азғана ғана естеліктері. Бұл команданың толағай табыстары туралы айтып тауыса алмас-пыз. Ал осы команданың өрлеу жылдарында қасында болып,бар ғұмырын доп-ты хоккейдің елімізде дамуына орасан үлесін қосқан,аты әйгілі бапкер Қазбек Байболов туралы екпінді  насихаттап,жасұрпақтың бойына сіңіре білу  ертеңгі күннің  үлесінде.Өйткені үлкен  спортқа бел байлаған ұландарымызды тұлғалар арқылы тәрбиелеудің маңызы айырықша.

 

364 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы