• Қоғам
  • 26 Тамыз, 2015

ДАМУДЫҢ ЖҮЗ ҚАДАМЫ - КЕЛЕШЕККЕ ДАҢҒЫЛ ЖОЛ

Аллаберген Қонарбаев

Маңғыстау аудандық «Жас Отан» Жастар Қанаты филиалының   төрағасы

Баршаға   мәлім   жуырда    көрегенді   көсемсөз, даналы ойдың иесі  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетіміздің ұзақ мерзімді дамуының жаңа маңызды стратегиялық сүбелі де іргелі маңызды құжатын  ел назарына  ұсынған болатын. Бұл «нақты 100 қадам» мен «Қазақстан 2050» стратегиясы егіз ұғым. Елдің ертеңін айқындаған аталмыш  бағдарламалық құжатты жүзеге асыру арқылы еліміз қарыштап күн сайын, тіпті сағат сайын қарқынды түрде  дамудың даңғыл  жолына түскені анық.

Бақыты баянды Қазақстан халқының күш-жігері мен ауызбіршілігі,ыстық ықыласы жарасқан ынтымағы  мен тартымды татулығы  арқасында «Қазақстан 2050» Стратегиясындағы негізгі де маңызды міндеттердің басым көпшілігі сәтті жүзеге асып, қазақстандықтардың көңілі көктемдей жарқырай жайнап,  әлеуметтік хал-ахуалы жақсарып, өсу деңгейі қай жағынан болмасын оң жетістіктерге қол жеткізіп келеді.  Сол тарихқа бергісіз 25 жылда ұлт көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылдың басты уақиғасы 100 қадаммен  халыққа берген межелі міндеттері   арқылы дамудың жаңа бет пердесі мен басым бағыттарын анықтап, айшықтап бергені шынтуайтына келгенде барша ел тұрғындарын бір серпілтіп тастады.  Аталмыш  басты құжаттағы негізгі басымдық пен басты рөл бізге, жастарға бөлініп отырғаны шындық дүние. Ыстық Отанымыздың алақандай қорғаны мен адуынды тірегі, жұдырықтай жүрегі мен көңілі, бүтін тілегі анығына келгенде бет-бейнесі  және оны келер  ұрпаққа қалай, қандай күйде тапсыра алуымыз бүгінгі  жастар  мен жеткіншектердің, қоғамның келешек  мәуелі бәйтерегі саналатын өзіндік үні бар  ұрпақтың бойындағы белсенділігіне тәуелді. Бүгінгі  таңда жастар өз дамуында үлкен белестерді бағындырып, талай асулар мен жетістіктерге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасында қол жектізді. Отанымызда ел ертеңі - кемелді келешек үшін білімді ұрпақтың саны артып,  жаңа мектептер бой түзеуде.Ал казіргі  таңда Қазақстанда жұмыс жасап тұрған мектептердің саны 7465-ке жетіп отыр. Бұл  мектептердің 70 пайызға жуығы қазақ тілді мектептер, ал кеңес өкіметі кезінде бұл көрсеткіш тіпті 30-ға жетер жетпес пайызды құрады. Тәуелсіз елімізде жастардың  білім сапасы артып, елімізде бүгін 140 жоғары оқу орны, соның ішінде  896 техникалық кәсіптік білім беру  ұйымдары іркіліссіз жұмыс жасап келеді. Құдайға тәубе, Жыл сайын 34 мыңнан астам білім гранттары бөлінуде. Тағы бір толағай жетістігіміз дана Президентіміздің парасаты арқасында осы күнге дейін «Болашақ» бағдарламасы арқылы 8000-нан астам жастар шет елде білім алды. Бұл жерде айта кеткен жөн болар ТМД елдері ішінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана жастарға шынайы көңіл бөліп, болашағын бағамдауға үлес қосып, шетелдерде оқуға мүмкіндік беретін «Болашақ» бағдарламасы  жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Мақтанышпен ауыз толтырып айтатын тағы бір сүбелі дүние  бұл  соңғы 5 жылдың ішінде қазақстандық 20 мыңнан астам жастар «Дип-ломмен — ауылға!» жобасы аясында ауылдық елді-мекендерде  өздерінің бойларына жинаған терең  білімдерімен ауылы алтын бесігіне барып, ерен  еңбек ету үстінде. Казіргі таңда кез келген жастың басты мәселесі ол баспаналы болу. Осы ретте де Қазақстанда  «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында жас отбасыларға баспана алудың жыл сайынғы квотасы қарастырылып, жас отбасыларды тұрғын үймен қамту жағы да оңтайлы әрі ұтымды ұйымдастырылуда. Бұл мәселенің толық шешілуі жақын күндердің еншісінде. Екі қолға бір күрек таба алатын қазақ елінде күрмеуі қиын мәселенің бірі жұмыспен қамту  еді. Бұл жағынан да мемлекет жастарды өз қамқорлығына алуда. «Жастар тәжірибесі» жобасы бойынша тәжірибеден өтуге жіберілген жастардың саны 2010 жылы 32 436 адамды, 2011 жылы 22 836 адамды құрады, соңғы үш жылда 50 000 астам түлек тұрақты жұмыс орнына тұрғызылып, аз да болса әлеуметтік мәселелер өз шешімін табуда. Елдегі студенттердің де өз отбасыларына қол ұшын беріп көмектесуі оңды жолға қойылды. Бұрын кеңес өкіметі кезінде «строй отряд» жасақтары қарқынды жұмыс жасаса,  енді бұның аты да заты да өзгеріп   «Жасыл Ел» бағдарламасы өз мойнына бұл жүктемені алды. Осы жоба аясында   жұмысқа 187 017 жас тартылды, олардың күшімен республика бойынша 43,54 миллион көшет отырғызылып, жалпы көлемі 101 329 гадан астам жерде жұмыс атқарылды. Бұл  бағытта Ақтөбе, Алматы облыстары көш бастап тұр.Елбасының бастамасымен құрылған жасылелдіктер жасағының ұраны қазақ елін жасыл елге айналдырып, табиғат ананы аялауға жастарды шақыру болып табылады. 21 ғасыр технологиялар ғасыры деп бекерге айтылмағаны анық. Осы орайда жастарды ақпараттық қолдау  үшін республиканың түкпір түкпірінен 80 ресурстық орталықтар өз жұмыстарын бастап кетті.  Мұның өзі жастарды заманауи талабына сай қажетті ақпараттармен қамтып, оларға жәрдем қолын созудың бір үрдісі іспетті. Сондықтан мен  және менің замандастарым ұлт көшбасшысының «Қазақстан-2050» жаңа Стратегиясы шынына келгенде болашақ  Қазақ елінің сан тараулы тарихының келелі келбеті мен әсем кезеңін белгілеп айқындап  беріп отыр. Елбасының биылғы Жолдауы — бұл мерейі үстем мемлекет пен азаматтық қоғам дамуының жаңашыл, позитивті  ауқымы кең салауатты  стратегиясына айналды, нұрлы  Отанымыздың жарқын болашағы мен кемелді келешегіндегі  дара жолындағы саралы  іс-әрекеттеріміздің нақты әрі жүйелі  жоспары екені даусыз. Өзіміз жастар  болып Қазақстанның  ұлт көшбасшысы, , дана президентіміз Елбасының стратегиялық айқын бастамаларын қуаттай қолдай отырып, алдымызға қойған жоба жоспарларды орындауға дайын екенімізді дәлелдеп, барлық жастарды Елбасының саралы жолында бірігіп бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға   шақырамын. Біз тек қана бірлікте болып, ынтымағы жарасқан уақытта ғана гүлденген нұрланған, дамыған  Қазақстанға қол жеткіземіз, жетеміз! Алға қазақ елі, алға жалынды жастар!

Жүз қадам нақтылықтың белгісіндей,
Жүз қадам келешектің өрісіндей.
Дамудың даңғыл жолы салынды ғой...
Кемелді келешектің іргесіндей.

Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы.

419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы