• Қоғам
  • 27 Сәуір, 2015

АҚСАЙДА ӨТКЕН ҚОС ШАРА

1. Оқушылар шаршы алаңда
Алматы облысы Райымбек ауданы Ақсай ауылында осы өңірдің белгілі азаматы Шаймерден Әріпбаевті еске алуға арналған бокстан оқушылар арасында жарыс өтті.Дүбірлі додаға облыстың әр аймағынан 16 команда қатысты.Спортшылардың жалпы саны ұл қыздарды қосқанда 200.Ашылу салтанатында аудан әкімі Ж.Тәжиев құттықтау сөз сөйлеп,қатысушыларға сәттілік тіледі.Сондай ақ бұл турнирге ауданымыздың,туған ауылымыздың елжанды азаматтары Талғат,Бақыт Әріпбаевтар,ауыл  әкімі Мәсеновтер барынша қолдау көрсетіп, қаржылай көмек қолын созғанын айта кеткен жөн.Әнші Тарлан тобының әншісі А.Мұхамедәлиев әннен шашу шашса,әлем чемпионы жерлесіміз Н.Қызайбайдың дүбірлі додаға қонақ болып келуі ауыл халқын ғана емес, спортшылардың да мерейін асқақтатты. Біріншіліктің жоғары деңгейде өтуіне  Ақсай орта мектебі  ұжымының ерекше еңбегі сіңді. Сонымен бұл турнирде ауыспалы кубокты Ақсай құрама командасы,екінші орынды Жамбыл ауданы, үшінші орынды Талдықорған құрама-сы еншіледі. Атап айтқанда Ақсай орта мектебі құрамындағы А.Нұржан,Т.Дидар,Е.Дарын, Д.Ернар бірінші,Т.Ақжол,Ш.Қайсар екінші,Т.Жандос,М.Елдос үшінші орынды иеленіп,мерейімізді көтерді.

image005
Сөз соңында ұйымдастыру жұмыстарымен қатар,қаржылық көмек көрсеткен Қ.Мырзалиев, Н.Дүкенбаев, Е.Қарымсақов,Н.Досымбаев,Д.Асқарбаевтарға алғысымыз зор. Ал Ақсай бокс үйірмесінің жаттықтырушысы Медет Өмішевке ауыл тұрғындарының ризашылықтарын жеткізе кетуді жөн санадық.

image010

2. Жыр жылытқан күн

 

Дүбірлі дода аясында мектебімізде М.Мақатаевты еске алуға арналған  «Соғады жүрек» атты жыр кеші де көпшіліктің көңілінен шықты.Аядай ауыл Ақсайды төрт күн бойы құрыш білекті өрендер дүбірге бөлесе,арасында жырдан шашу шашылғаны заңдылық сияқты.Мектепішілік шара болса да таудың қуысында,Алланың уысында жатқан біздің ауыл үшін бұл ерекше оқиға болды.Өмір өлеңге,өлең өмірге айналғандай.
Аталған шараға өңіріміздің тумасы, кәсіпкер А.Утанов демеушілік көрсетті. Аудан әкімінің аппарат басшысы О.Тақабаев құттықтау сөз сөйлеп,аудандық Нұр Отан партиясының жетекшісі С.Сатылғанов осы шараға демеушілік көрсеткені  үшін аудан әкімінің алғыс хатымен А.Утановты марапаттады.

image009
Он үміткер бақ сынаған жыр додасының нәтижесінде 1-орынды Ақай Алмагүл, 2-орынды Жеңіс Мәдина,3- орынды Ержанұлы Арын мен Елен Аяжандар бөлісті. Ынталандыру сыйлықтарына Данай Мақпал, Мақабіл Мәдина,Тұрдай Шолпан,  Диқанбай Жансая, Тілепбай Аружан, Дажайбек Қаршығалар ие болды.

image004
Бұл шараны ұйымдастырған ұстаздар  қауымы да сый сияпатсыз қалған жоқ. Мектеп директорының орынбасарлары Ж.Теңгебаев, М.Нұрбатырова, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері М.Иманбаева, А.Серікбаевалар мақтау қағазбен марапатталды. Бұл шараның өтуіне тікелей мұрындық болған білікті ұстаз, мектеп директорының орынбасары Дәулет Асқарбаевқа ел ықыласы ерекше. Оған аудан әкімшілігінен арнайы келген азаматтар әкім алғысын жеткізсе, демеушілер алғыс хатпен марапаттады. Біздің де ұстазымызға, жалпы мектеп басшылығына деген алғысымыз шексіз. Мұзбалақ ақын Мұқағалидың рухы оларды әр кез қолдай берсін демекпіз.


Әбілқас Нұргүл,
Жеңіс Тахмина,
Ақсай орта мектебінің оқушылары

 

442 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы