• Білім-ғылым
  • 20 Қаңтар, 2015

Жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси журналы болып табылатын «Үркердің» кезекті №12 (75) саны жарыққа шықты.

Басылымның алғашқы бетінде «Үркер» Жолдауға үн қосады айдарымен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол » деп аталатын Елбасының халыққа арналған Жолдаудың еліміздің қарыштап дамуына қосатын үлесі туралы айтылған. Журналист Жамалбек Өзбековтің Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданының әкімі Қанатбек Мәдібектен алған сұқбаты берілген. «Жаңа техника – сапалы өнім кепілі» деген мақалада  аудан әкімі өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етеді.

Жас дарынды ақын Мәрлен Ғилымханов пен Құрмет Бажикеевтің бірнеше өлеңдері берілген. Журналист Нұрлан Құмардың «Аламан бәйге – ауыл баласының арманы» деген мақалада ауылдағы дарынды қазақ балаларының спортқа не себептен тартылмайтындығы, жастарды денешынықтыруға баулу жолындағы сауаттылықты үйретуде жан-жақты қамтылған. Қазақстанның құрметті журналисі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері Қуандық Оразбекұлының «Тылсым жағдайларда бәрің жақсылыққа жору керек» атты мақалада қазақ халқының ырымдары мен тыйымдарын қалай жору керектігі берілген.

Сонымен қатар «Үркер» журналының №12 санында көптеген танымдық қызықты мақалаларды оқуға болады.

Салтанат ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

311 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы