• Әдебиет әлемі
  • 30 Шілде, 2012

Жер мен көктің арасында сезім жүр

Толқын Қабылшаева «Шабыт» Халықаралық Шығармашылық Фестивалінің жүлдегері «Жаныммен жалғыз кешкем мұң» жыр жинағының авторы «Қазақстан-Қызылорда » телеарнасының редактор-тележүргізушісі. Өлеңдері республикалық басылымдар арасында алғаш «Үркер» журналында жарияланған. Түйсіктегі сағыныш Жолықтың маған Ғарыштан күнім, аспаннан Жанардан бәлкім жас тамған Кіршікісіз үміт кірпіктерімде дірілдеп Жердегі мұңнан Мендегі сырдан жасқанғам. Жасқанғам солай Рухынан тылсым жаныңның Жабыққан мендік әлемнен қалай табылдың? Бақ пенен сорды құшақтап жүріп, күткен ем... Арасын кезіп сағымның... Сағындым,қанша, сағындым... Түйсігімдегі сағыныш болып кезіктің Санамнан мөлдір ықпалын қуып сезіктің. Жеті қат жер мен ғаламат мынау ғаламның Елшісі сенсің, тез ұқтым... Тағдырға тосын төзіп мың... Елегізідім бе, Үніңді сосын естідім, Құстар қайтатын қарбалас сәтте кешқұрым. Қол созым бақтың тани алмаған кескінін Бейбақты мендей кеш, күнім! Болмайсың, білем ешкімім!... Тәтті түс Жанарымнан жалын емес, мұң көрдің... Арасында жүргем едім гүлдердің. Таңғы шық боп тамшылаған шоқ гүлге, Тұнық мұңға сыр жасырып үлгердім Түн қойнында ендің сосын түсіме, Түс тылсымын алдың ба екен түсіне Жақын келіп, тіл қатып ең, жоғалдым Ұқсағым кеп кісікиік кісіге. Жалт еткендей жанарыңнан жыр киік, Үнсіздікке еніп кеттім тұңғиық. Ұмсындың сен, үнсіз қалды ұлы үміт Қол созды да кеңістікке тым биік... Қарашыққа қадалған сәт қас-қағым Құстай шолып арманымның аспанын Күрсіндің де ғайып болдың ғарышқа, Бақытына айналдым мен басқаның... Қиялымда қалды сол бір шақ тұнып, Көріндің бе, сыйлағың кеп тәтті үміт. Көзімді ашсам, түсім екен , қия алмай Сағынышым бара жатты асқынып. ЖЕР МЕН КӨКТІҢ АРАСЫНДА ӨЛЕҢ ЖҮР Жер мен көктің арасында сезім жүр Қозғаушысы хақ тәңір. Сәулесінен сығалайды төзім- нұр Төзім болса, Шығады екен тасқа гүл. Жер мен көктің арасында өлең жүр Өрнек іздеп аспаннан. Айдынында сол аспанның кемем жүр – Ғарыш кемем, Енді мен де, жасқанбан... Жер мен көктің арасында арман бар Нұрға малған қанатын. Сол қанатқа, мендік арман жалғанған, Біздер құсқа айналғанда Артымызда аңыз болып қалатын. Қорқынышсыз енді, маған қара түн, Құс жолым бар, Сағынғанда, өзім іздеп баратын. Әуенім бар, көк аспанда салатын, Өлеңім бар Өрнек салған өмірден, Менің – алып қанатым... СЕН МЕНІҢ ЖАНАРЫМНЫҢ ІШІНДЕСІҢ Жазмыштың жалқылығын түсінгесін, Сен менің жанарымның ішіндесің. Жаныңмен жаным нұр боп қауышады, Жақын кеп, жұбатқанда түсімде шын... Өзің шексіз сүйетін мына ғалам Дейсің бе әлде, еңсемді түсірмесін. Сиынған ем Тәңірге сағынғасын Сонан бері, мөп-мөлдір жанымдасың. Сүйген, күйген сұңғыла журегіңмен Сен кей-кейде мұң көрпе жамылғансың. Тағатсыздау тағдырды алдандырып Бір сәт менің жанымда дамылдарсың.. Сезім дейтін ең сұлу лағылдан шын, Ай кеудеме алқа боп тағылғансың. Қоламтасын көңілдің қайта үрлеп, Көкіректен от болып,жағылғансың. Ғұмырымның соқпақты жолдарынан Саф алтындай жарқ етіп, табылғансың. Сен менің алабұртқан жүзімдесің, Жадырасам жүзім боп үзілгенсің. Жақұтынан жанымның маржан сүзіп, Моншақ-моншақ жыр болып, тізілгенсің. Қою түнің кірпігін қаққан кезде Менің мақпал тәнімде көз ілгенсің. Өлең дейтін өртенген өмірденсің, Қарашықтан сыр болып,төгілгенсің. Махаббаты ұмытқан жылдарымның Музасы болу үшін,көрінгесің.. Күн секілді жылытып жүректерді Шуақ шашып тұра бер, көгімнен шын.. Рұқсат бер Жүректің жазықсыз дүрсілінен Қимастық кернеген күрсінуден, Арманға асыққан таңдарымнан, Көктемнің алғашқы бүршігінен, Жанымның нәп-нәзік бөлшегінен, Ғұмырдың мазмұнды өлшемінен, Еліткен тәп-тәтті ертеңімнен, Ең тұнық бұлақтан ерте күлген, Бақтағы бұлбұлдың үндерінен, Сағыныш кернеген түндерімнен, Көңілдің жайқалған гүлдерінен Жыр десте өріп берейінші, жаным! Көктегі кербез ай сәлемінен, Кеудемнің тек сендік әлемінен, Үнсіздік құшатын үмітімнен, Жапырақ мұңдардан үгітілген, Жанардың тұп-тұнық қарашығынан, Ақ таңның ең мөлдір таза шығынан, Өлеңдей ең жақын жанашырымнан Өмір боп туатын жаңа жырымнан Гүл десте тағып берейінші, жаным! Күз болып қауышқан сағыныштардан, Жүректе туатын жарылыстардан, Күн бейнем жүзіңе шағылысқанда Ақ қанат арманым алып-ұшқанда, Кей кейде тым батыл көзсіз мұңымның Еріндер сыбырлап ессіз күбірін Жыр болып түсіңде өбейінші, жаным! Рұқсат бер! Неге сонша сүйемін? Нәзіктігін нәркес мұң серік еткен неге сонша сүйемін сені көктем..? Қауышуды тағатсыз тосқан сәтте менің мөлдір жанымнан жерімеп пе ең? Неге сонша сағынам, Аптығамын.. Тамылжыған естірдей бақтың әнін.. Қарлығашым көктем боп оралардай Құр үмітті кеудеме қапсырамын... Тәңір келіп төсердей бақ құрағын неге сонша асығам, аптығамын? Іркіп жүрген іңкәрлік үздіккенде, Үзілуге төзімсіз шақ тұрамын.. Бүршік жарған бейкүнә мұң бұтаның... Тыңдар ма едің, тал- терек тұңғыш әнін..?! Көкжиектен күн құшып, қуантпаса, Талықсыған қайтейін түн құшағын Сезіледі салқындық келбетіңнен, Жылылығым дейсің бе жер бетінде. Көктем сені күткен ем дәрмені жоқ қамкөңілдеу жанымды емдетуге... Кінәлама... Кірпияз көңілшегім, Өзегіңде өрбісін өмір сенің.. Сағынышым деп қана ұғынарсың, Көздерімнен кіршіксіз төгілсе мұң...

350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы