• Қоғам
  • 30 Шілде, 2012

Шырақшасы қасиетті тілімнің

Факультеттің өнегелі өткені, Шәкірттері бал шыбықтай көктеді. Құтты болсын сүйіншілеп кеп тұрған, Филфагымның елуінші көктемі. Қыран қонар биіктерде қиясы, Үңілгені бабалардың мұрасы. Елім дейтін ұл менен қыз баптаған, Филфак деген руханияттың ұясы.  Өткен күн мен жалғасы бар бүгіннің, Салмағы ауыр арқаңдағы жүгіңнің. Филфак деген әдебиеттің ордасы, Шырақшысы қасиетті тілімнің. Шәкірт болсаң намысыңды жанисың, Ұстаздардан білім алып дамисың. Тілі менен әдебиетін әлемнің, Тек филфактың шаңырағында танисың. Қоржынында қаламы мен сауыты, Ыбырайдан бастау алған бағыты. Қабілетті мұғалімдер дайындар, Филфак деген ұстаздардың зауыты. Еңбек еткен сенде талай саңлақ, Ұлт алдында маңызың зор, арың ақ. Елу жасың құтты болсын еңселі, Елге елеулі үлес қосқан шаңырақ. Аманжол Әлтай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы.

387 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы