• Әдебиет әлемі
  • 31 Мамыр, 2012

Бір жақсылық құстармен жылы жақтан келеді

Бағашар Тұрсынбайұлы 1990 жылы Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген. ҚазҰУ-дың 4 курс студенті. Өлеңдері «Үркер» журналында алғаш рет жарияланып жүр. Ол сын жанрында да қалам тербеп жүрген жастардың бірі. Жұбату Зұлпыхарым өзімде, Қынабына жасырғам. Жатсам, тұрсам Өзіне – Тәңіріме бас ұрғам. Саған айтар сөзімді Жанарыма жасырғам. Жүрегімді жылатсаң, Мөлдірейді жас ырғап. Мен тоқсанда туылғам, Тарау екен бұл тоқсан. Естелік пен арнауға Жарау екен бұл тоқсан. Аңызына жуынғам, Батасына атамның. Ертегімен жылынғам, Ошағында апамның. Қызықтырған қызылдың баяуына алдандым. Тапсам түбі болғаны Тасбұлағын Тауманның. Қалып қалмай әйтеуір, Жиегінде арманның кетіп қалсам қайтемін Иегінде жалғанның? Амандосов – арманның Етегінде самғадым. Амандосов Тауманның Журфагына бармадым. Филфагымда қап қойдым, Өрлей түстім өкінбен. Біреулерге ат қойдым Өгіз болып өкірген. Мен өлеңге жарлымын, Сен өмірге жарлысың. Сыныптарда қалды үнің, Өнеге боп қалды ісің. Журналистік өнерге Салып еді бар күшін Амандосов жоқ енді, Журфак сен де зарлысың. Жұбатуға келдім мен, Зарлымын деп жылама. Жыр айтуға келдім мен Заңғар еді бұл аға. Халық едік қашанда, Сыйлап жүрген «Түкесін». Болашақтан болды енді «Таумандарды » күтесің. Бұ Тауманды тек қана, Аңыз ғылып айтасың. Зиратына зиярат, Дұға жасап қайтасың. Басқа енді қайтесің?!... Ағама Мұрат Шаймаранға Беу, менің Мұрат ағам-ай, Өлеңің – өр түп қарағай. Ойлардан маған ара түс, Аш бөріше талады-ай!!! Жетімсіредім жөн ұқтым, Жетекке алды сан қиял. «Сақиың» болдым, ал енді Ш. емес, бірақ шай құяр. Төбемнен төнген кеудеңе өрмелеп шығып жыр жазсам, Еркелеп түссем етекке әлпештер ме еді түнгі аспан? Тау десем бе екен, ағасы, Емен дейін бе ең мықты. Өлең оқышы ел жайлы, Ақтарып көңіл сандықты. Толғашы тоқсан тарау ғып, Шайқалсын көкте көңілдер. Тербеші текті өлеңмен көкейімде менің тебіндер. Өзіңе тартып өлеңің сілемге ұқсап сірескен түбімен қозғап тауларды мендеріменен тірескен. Тау-тұлғаң бізде жоқ енді бір болғанменен түбіміз. Мінезбен ұқсап бақсақ деп, Талпынған көп-ақ ініңіз. Сөз қуа беріп желіктің, Желкені желк-желк етеді. Өзіңдей Мұрат ағаға Іні бола алсақ жетеді. Балнұр қыз Бәріміз бір-бір тағдырмыз, Қызықты, қиын жол алда. Айналмай сенен Балнұр қыз, Айналмай сірә болар ма? Қимай да бізді қош айтып, Кетіп барады қоңыр күз. Өмір-өзеннің бойында Қиылысар ма екен жолымыз? Ақ, адал, аңғал жүрегің Дір етсін бұл бір күйіме. Мұқаң да сырын айтқан ғой, Бұлбұл құс – Бибігүліне. Фея десем де жараспас, Сен сұлу қайың-арусың. Найқалған қызыл гүлсің – сен, Түндегі нарттай жалынсың. Өзімді көрем көзіңнен Мөлдір су, алмас жанарың. Елтіп мені барады, Дірілдеп ай қас, қабағың. Күрең күз тербеп жанымды, Ынтыға түстім күзге де. Кетердей тамып жанарың бір қараңызшы бізге де. *** Көктем, сәлем. Қош келдің! Құшағыңа ал мені. Қысқы ұзақ кештердің қызығы артта қалды енді. Жанарымды жас буып, Жалтақтаймын өткенге. Жаратқаным, құлыңды не күтіп тұр көк белде? Мен сұлуды ойлаймын баянсыз үміт жетелеп. Қырсық шалғыр неге осы оянбағам ертерек. Аязыңды босатшы Ей, қылышты өктем қыс, Төрлет енді қымсынба, Жаны сұлу көктем қыз. Керім-көктем, сен сенші, қырсықтаумын сенен мен. Мен қоштасып аязбен! Өзіңменен көгерем. Не замандар өтеді, Сезім-адам өледі. Бір жақсылық құстармен жылы жақтан келеді. Күтемін... *** Арқалап алып сағынышымды ғасырлық, Ақ арманымды сәруар сезіммен асыл ғып. Болашақ саған жете аламын ба жырыммен, Жете алмаймын ба көшіңе жолдан қосылдық. Бүгінгі жырдың бағасын берер біз емес, Тірлікте болып жатады мың егес. Ұрпаққа айтар ақылың егер болмаса, Ұрандап жазған романдарың түк емес. Бір-бірімізді жерлеп жатамыз сөзбенен, Түзеп жатамыз жанашыр болсақ тезбенен. Қырық үйіңнен қызыңа тию болмаса, Не қайыр, аға, сөйлегеніңмен мінбеден? Жанарымыздан жүргеніменен жас тайып, Тағамыз осы бір-бірімізге босқа айып. Қияметке дейін көш бұзбай жету үшін де, Түзелу ісін шаңырағымыздан бастайық. *** Туған жер, туған ауыл, Ауылда бір жұмыс бар – суға бару. Жау келгендей шаңдары көкке ұшады, Тұрған кезде алапат құмға дауыл. Туған ауыл! Көк шалғын, боз жусаны – жейделері, Бөркінің үкісі ме жиделері? Жымыңдап шақырады қыр басына Сағым-қыз кездесуге күнде мені. Содан соң аттанамын атқа мініп, Ішімнен өлең-сезім ақтарылып. Алдымен жұпар исі қарсы алады, Алдымнан жас қамысын қақпа қылып. Туған жер, аяулысың, туған далам, Өзіңе кісі бар ма шырмалмаған? Тыңдайын әнің бар ма тыңдалмаған, Жырлайын жерің бар ма жырланбаған. Әр сайың ыстық маған, әр ағашың, Ауылдың адамдары – бәрі ағашым. Арулардың бәрі де қарындастар Әжімді әжелердің бәрі анашым! Ер болсам, елім сенер, сең бұзатын, Шығарсам жердің атын, елдің атын. Қай жерге барсаңдағы алдыменен Туған жер – сенің басты төлқұжатың!

574 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы