• Білім-ғылым
  • 16 Қазан, 2014

Студенттердің өзін-өзі дамыту әдістемесі

Қазіргі кезеңде қалыпты сабақ беру әдісін жаңа мазмұнда ұйымдастыру, жаңа технологияны пайдалана отырып түрлендіру студенттер үшін өте маңызды. Заман ағымына ілесу, тіпті алғы күнмен өмір сүру барлық білім беру жүйесіндегі басты бағыттардың бірі. Психологиялық, әдістемелік білім алу бағдарламасында студенттердің ақыл-ойын, қабілетін дамыту – дамыта оқыту деп аталады.
 
Дамыта оқыту коммуникативтік әдіс, модульдік жүйе, жаңа технологияны құрайды. 
Осының бәрі сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау-ды дамыту – педагогикалық технология. Бұл дамыту бағдарламасы студенттердің аналитикалық позитивті сыни және шығармашылықты ойлау-ын ұштауға, демократиялық ахуалды тудыруға, сұрақ қоя білуге бағытталған пікірлерді тудырып, сонымен бірге түрлі ақпарат көздерінен белгілі тақырыпта жаңа ақпарат таба білуіне ықпал жасаушы бірқатар әдістемелер ұсынады. Осы әдістемені дамытуда әлемнің түкпір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбектері баршылық. 
Мақсаты: барлық білім алушыларға сыни тұрғыдан қарап, ұйғарымдар арасынан біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. 
Сын тұрғыдан үйретудің әдістері. 
 
Білім алушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. 
Қайбір студентті қолайсыз жағдайларда әжуаға айналдырмау. 
Үйрену барысындағы студенттердің белсенді әрекетін қолдау. 
Студенттердің ойланып толғануына, ойын ашық айтуға рұқсат беру. 
Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт пайдалану. 
Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау. 
Сын тұрғысынан ойлауды бағалау. 
Ал студенттерден осыған байланысты сенімділікпен жұмыс жасау, бар ынтасымен оқуға берілу, пікірлерді таңдау, құрметтеу, өз пікірлерін ашық білдіруді талап ету қажет. 
Тек сонда ғана олар: мен осы мәселе туралы не ойлаймын, осы бағытта алған ақпарат менің бұрынғы біліміме сәйкес пе, маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? – деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді. 
 
Осы көрсетілген мультимедиялық технологиялар үш сатылы сабақ жоспарымен көрсетіледі. 
Бірінші кезең қызығушылықты ояту топтау әдісі. Студенттер өздері мультимедиялық экранға қарап мәтін құрып, монологиялық сөйлеу қабілетін дамытады. 
Мультимедиялық экранды жылжыту арқылы топтау әдісінің басқа да бірнеше түрлерін пайдалануға болады. 
Екінші кезең – мағынаны тану. Бұл кезеңде тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін бірнеше стратегиялар бар, өлең, т.б. әдістер пайдаланылады. Мысал ретінде INSET әдісі тақырыппен танысу барысында белгілерді қойып отырып, оқығанын түсінуге, өз ойы бойынша басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін құрал. 
Үшінші кезең – ой-толғаныс. Бұл аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Не үйренгенін саралап, оны қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезеді, тәрбиелік даналыққа бастау алады. Бұл кезеңде тиімді етуге лайықталған «Венн диаграммасы», «Сематикалық карта», «Т» кестесі сияқты стратегиялар қолданылады. Ол студенттердің бір-бірімен ой алмастыруын қамтамасыз етеді. Әр студент өз шығармашылығын көрсете алады. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бізді несімен қызықтырады? 
Біріншіден, сапалы сабақ беруге мүмкіндік береді. 
Екіншіден, осы әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп, мәтінді жан-жақты және әр тұрғыдан жолдауды үйретеді. 
Үшіншіден, Білім беру жүйесі тиімділігінің басты көрсеткіштерінің бірі – интеллектуалдық, кәсіптік және басқа адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. 
Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. 
 
Аяулым ЗӘБІРОВА
Абылайхан  атындағы Әлем тілдері университетінің магистранты      

418 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы