• Білім-ғылым
  • 15 Қазан, 2014

Әуе нарығындағы жаңа компания

Еліміздің әуе нарығы тағы бір халықаралық әуе компаниясымен толықты. Енді біздің азаматтарымыз «Pegas Touristik» («Пегас туристик» ЖШС, PGS ltd) компаниясының қызметін пайдалана алады. Әуе нарығына жуықта ғана енген алпауыт компания «Pegas Touristik» компаниясының құрылғанына жиырма жылдан асқан. «Пегас Туристик» алғашқы кеңсесін Ресей астанасы Мәскеуден ашқан. «Пегас Туристик» компаниясы жиырма жыл бұрын Ресей мен Түркия арасындағы жаңа бағытты алғашқылардың бірі болып ашады. Арада үш жыл өткенде Египет, Тунис, Гоа, Уфа, Самара, Киев (Украина), Минск (Беларусь), Таиландқа ұшақ қатынасын қолға алады.

Қазан мен Магнитогорск, Санкт-Петербордан жаңа кеңсе ашқан «Пегас Туристик» 2007-2010 жылдар аралығында Вьетнам, Грекия, Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезия, Қытай, Доминикана, Андорра, Испания, Кипр, Куба, Мексика азаматтарына қызмет көрсете бастайды.

Сенім мен сапа, кепілдік пен жайлылықты қағидасына айналдырған «Пегас Туристик» арада сәл уақыт өткенде Кипр, Куба, Мексика, Иордания, Маврикий, Италия, Болгария мен Грузияға жол салады.

«Пегас Туристик» компаниясының қызмет түрлері – елдің ішіндегі және сырттағы туризм, FIT (жеке тұлғаларға арналған туризм), МІСЕ (корпоративтік туризм).

Іргетасы 1994 жылы қаланған «Пегас Туристик» бүгінде Nordwind Airlines (32 ұшағы бар, IATA сертификатына ие, «2013 жылы «Крылья России» сыйлығын жеңіп алған), IKAR Airlines (9 ұшақ), Kharkiv Airlines (2 ұшақ бар). Қонақүйлер желісі: PGS Hotels (7 қонақүй бар), Dessole Resorts & Hotels (32 қонаүйі бар) алпауыт компанияға айналып отыр.

Жер шарының түкпір-түкпіріне ұшақ қатынатуды мақсат ететін «Пегас Туристик» компаниясының Қазақстан, Ресей, Беларусь, Грузия, Түркия, Египет, Таиланд, Біріккен Араб Әмірліктері, Вьетнам, Грекияда өкілдіктері бар. Жақын келешекте өкілдіктер тізімін барынша кеңейтуді көздейтін компания 20 жылдың ішінде 17 миллионннан астам туристі қалаған жеріне апарған. 2013-2014 жж. Ресей Федерациясындағы «Emirates сатылымындағы ең үздік туроператор», «Марка доверия-2013» т.б. сыйлықтың иегері. Forbesверсиясы бойынша 2012 жылы – 31,5 млрд. рубль, 2013 – 34,6 млрд. рубль, 2014 – 38,5 млрд. рубль. Әлбетте, Орталық Азиядағы ең маңызды мемлекет – Қазақстаннан өкілдігін енді ашқан «Пегас Туристик» компаниясы алдағы уақытта еліміздегі клиенттер саны мен қызмет сапасын арттыра түсетіні сөзсіз.

Сұлтан Қадырбек

313 рет

көрсетілді

4

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы