• Шежіре
  • 14 Қазан, 2014

Мұнай өндірісінің азаматтары Шымкент қаласында Сайын даланың Сайынына құрмет көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы  өнер бөлімінің жетекшісі  Гүлмира Ихсанова Болатқызы

«Бір ел –бір кітап» акциясы бойынша С. Мұратбековтың «Жусан иісі», «Үшқараның басында ұя салған» шығармалары бойынша АҚ «ҚазТрансОйл» ұйымдастыруымен Шымкент қаласында айтулы шара дүркіреп өтті. Тілмен дінді сақтайық деп құр ұрандатқандарға сөзден гөрі істің қажет екенін тағы бір дәлдеді. Дәл солай. Аясы кең шара алдымен «Жаса, Қазақ тілі» фестивалімен басталды.  Аталмыш акционерлік қоғамның директоры (бас төрағасы)  Қабылдин Қайыргелді Мақсұтұлы мырза жазушының шығармасы туған тіліміздің мәйегі, қазақ тілінде жазылған Сайынның сұлу суреттемелері тіліміздің бай көркемдігін анықтайды. Жасөспірімдер мен

жастарымызға елдің материалдық байлығымен қатар одан да асқан байлығымыз рухани құндылықтың маңыздылығын жеткізу. Осы мақсатпен  жыл сайын аталмыш акцияны кітапханалармен мәдени орталықтармен бірлесе өткіуді үрдіске айналдырып отырмыз. Ұлттың ұлттылығын сақтауға әр қазақстанның азаматының парызы деп ойын түйді. АҚ «ҚазТрансОйл»- дың 11 облыстағы филиалдарынан құралған  алты команда өзара сайысып өнер көрсетті.Өндіріс саласында жүрген қыздар мен жігіттердің өнерін көргенде құдды театр жастарыма деп қаласың. Өте жауапкершілікпен әзірленген шараның басы қасында осы акционерлік қоғамның  Гүлмира Рысбекова, Ақайдар Ысымұлы т.б белді, білгір мамандарына қарап жастарының жан-жақты болуы заңдылықта секілді. Басқада жер байлығына жастана бермей мүйізі қарағайдай компанияларда «ҚазТрансОйл» қоғамының ең болмаса жасаған жұмыстарын қайталаса шіркін, қанекей?  Тағы бір ерекшелігі өздеріне үзенгілес емес мәдениеттің орталығы руханияттың орталығы болып саналатын кітапханаман бірлесе өткізілуі. Себебі де бар  «Бір ел –бір кітап» акциясы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының  бастаған жобасы. Биыл сегізінші жыл өтіп отыр. Ертеңіне «Отырар» облыстық ғылыми-көпшілік кітапханасында «Үшқараның басында ұя салған» кітап көрмесінің тұсау кесері болды, ғылыми конференциямен жалғасты. Айтулы шараны айтыс ақыны Байту Біржан арнаумен ашты. Кітапхананың мәжіліс залында конференцияны ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері белгілі қаламгер Байғұт Мархабат модератор болып жүргізіп отырды. Алқалы жиынға қатысты , тек қатысып қоймай оңды пікірлерден орамды ой түйгендер  «ҚазТрансОйл» АҚ-ның аппарат басшысы Оңғарсынов Алмас Асқарұлы «Ұлттығымызды сақтап қалғанда, сақтайтында   байырғы тарихымыз, тарихи тұлғалар мен қазақ әдебиеті, оған барлық жанрдағы шығармалар кіреді. Бағалап, бағадай алсақ болғаны»  және ҚР энергетика министрлігі  мұнай өнеркәсіпті дамыту департамантінің директорының орынбасары Маханов Бақыт Әбділдәұлы « Намысымыз найзаның ұшында, атаның қанында сақталғаннан кейін осындай ұлы перзенттердің дүниеге келіп, артында өлместей еңбектің қалуы тектілігімізде», Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері жазушы, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай Ералыұлы «С. Мұратбеков  жастар өмірінің энциклопедиясы» десе қалған сөз алған қонақтарда қаламгер арналған ой додасына өрнекті өлеңдерінде жасырмады. «Парасат» орденінің иегері, «Золотой Есенин» медалінің лауреаты, ОҚО қуғын-сүргін құрбандары мұражайының директоры, ақын Ханбибі Есенқарақызы,  жазушының қарындасы Мұратбекова Майра Сапарғалиқызы, «Жусан иісі» шығармасыедағы Аян прототипі Науқан Керімов және Оңтүстік облысының  ақын-жазушыларымен зиялы қауым,облыстағы барлық кітапханалар жүйесінің мамандары қатысты. Конференцияның негізгі бөлігіне жұмысына көшпес бұрын Философия ғылымдарының докторы, академик акцияның төрағасы, кітапхананың жанашыры Ғарифолла Есімнің пресс конференцияда акцияның міндеті мен мақсаты, жалпы Сайын шығармасының көркемдігі туралы айтқан сұхбаты тыңдатылды. Осы ойды жазушы Қуандық  Түменбай  «С. Мұратбеков жастар өмірінің энциклапедиясы « Райгүл», « Менің қарындасым», «Ауыл оты»  қайсібір шығармасын алсаңызда ауылдың аңқау, кіршіксіз таза, қулық-сұмдықты білмейтін аңғал-саңғал ақкөңіл Райымбек тектес жігіттерге тап боласың.  Осыдай туындылар қазақ әдебиетінің  алтын қорына қымбат қазына болып қосылды. Болашақ ұрпақтың рухани азығына айналып, толқын-толқын оқырмандармен жасай беретіні сөзсіз»  деп нұсқалы ойын ноқталады. Қаламгерден кейін өз кезегімді қарманып  алдымен жаңа үлгіде салынған «Отырар» облыстық кітапханасының жаңа ғимаратқа қоныстанған қуаныштарына ортақтасқан ҚР ҰАК бас директоры Ү.Д.Мұналбаеваның құттықтауын және акция жұмысына сәттілік тілеген телеграммасын,   кітапхана қорына сыйға тартқан баға жетпес «Қазақ халқының әндері» жинағын кітапхана басшылығына табысталды. Содан кейін   кітапханалардағы жасалып жатқан шаралармен жұмыстардан ақпарат бере отырып, кітапханадан жарық көрген «Сұңғыла сөздің сұлтаны» әдістемелік көмекші құралдың электронды нұсқасымен таныстырылды. Жазушының шығармаларын жұмыстың жаңа түрлерін пайдалана отырып насихаттау жолдары ұсынылды.Сонымен бірге конференция барысында қаламгердің шығармасы негізінде түсірілген «Возвращение сына» киносы көрсетілді. Конференциядан кейін Кітапхана мамандарына шеберлік класс өткізілді.  Жалпы қорыта келгенде  ҚР ҰАК –ның директоры Ү.Д. Мұналбаеваның «Жақсылармен жайсаңдар жиналап атқарылып жатырған бұл жұмыс- әдебиет тойы. Сөз өнерін ұлықтау. Қазақ шығармаларын насихаттау, меңгерту. Шараныңда түп мүдесі бір, мақсаты бір, болашағы бір. Ұрпақ үшін деп көтерген  елбасымыздың саясатына қолдау. Жастарға үміт арту. Арта аламызда, өйткені қазіргі жастарымыз сауатты» деген сөзі екі күнге созылған шарамыздың нақты нүктесі тәрізді. Бәріде кешегімізді құрметтей отырып бүгінгіні түгендеу, болашаққа жеткізу.

SAM_2417                                                                               

        Осындай көмек көрсеткені және әдебиетті насихаттағаны үшін «Қаз Транс Ойл» АҚ-на шын жүректен алғыс айтамыз. 

464 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы