• Әдебиет әлемі
  • 28 Сәуір, 2012

Бір күні сен келетін сияқтысың...

Жеткеншек Меңдіғалиұлы 2007 жылы балаларға арналған халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің ІІ орын жүлдегері, 2008 жылы «Абай әлемі» атты халықаралық студенттік өнер фестивалінің «Абай өлеңдері» номинациясы бойынша ІІІ орын жүлдегері. 

Қазақ қызы Қазақ қызы өзіңді ұнатамын, Алаурап келе жатыр бұла таңым. Ғашықтыққа айналған нәзік сезім, Бақытымды барқатқа ұзатамын... Келмейді бір өзіңе тұзақ салғым, Халімды айтып өзіңе сыр ақтардым. Көкейімде тұр әлі қаншамасы, Жауабы шешілмеген сұрақтардың... Сезесің бе өзіңе сұрақ барын? Келеді махаббатқа тұрақтағым. Сен болдың «көздегенім»! Бір қалыпқа түсемін өзгеремін. Қан жүрегім кеудемде ырық бермес, Бола қоймас ол жерде өз дегенім. Мен енді өзгеремін... Бейтаныс қыз Жаңылыстым... сәтімнен қалыс қалдым, Өзіңмен қалай ғана таныспадым. Көңілім бір елітіп тұрсадағы, Өзіммен өзім болып алысқаным... Бейтаныс қыз өзіңмен таныспадым. Бата алмадым... Жанарыңмен білмеймін жасыттың ба?! Әлде өзімде бұрыннан жасықпын ба?! Өкінішпен өртеніп өзегімде, Қынжылып тұр көңілім тасып мұңға, Жанарыңмен сен мені жасыттыңба?!. Аңсарым әбден ауған ... Бірақ та таныспадым. Жөн бола қоярма еді танысқаным, Арман құсым қайдасың алыстағы, Ғашықтықпен есімнен ауысқаным... Көңіл салқын,соғады жүрек солғын, Қағысы білініп тұр алқын-олқын. Мөлдіреп тұңғиыққа бара жатыр, Жағасына жете алмай әлсіз толқын. Аңсарым ауған, көңілім бар құлаған... Кеудемді төс балғалар ұрғылаған. Бір күні cен келетін сияқтысың, Ау, ару қыз көрінші танысайық, Жай отындай жылт етіп шұғыладан... Бейтаныс қыз ... жанары көз алдымда, Білмеймін таныспауға төзе алдым ба?.. Жанары көз алдымда... Ұмтылыс бар Жатқызбайды кеудемде бұлқыныстар, Бұлқыныстар – өмірге құлшыныстар. Қарауытқан тұманмен жағаласам, Үміт оты сөнбеген ұмтылыс бар. Маужыратып, ада қып құлшыныстан, Қараңғыны ап келді түнгі мыстан. Кешір мені тылсым түн ұйықтамаймын, Күнім туып келеді қүншығыстан. Күнді сүйем, күн менің-Болашағым, Қуат алам күнімнен жол ашамын... Үкілі үміт үрлейді ұмтылысқа, Тарттырады қиынды жол азабын. Қажымайтын құлшыныс керек маған, Шақырады қол бұлғап Болашағым. Өліктейсің тірідей ұйықтағанда, Құлшынысым тоқтама «соттағанға». Құлап түспей ұмтылыс тоқтаған ба?, Мәңгілік мекеніңде тынығарсың, Қан-жүрек соқпағанда ... Мұқағали рухына Сен – мәңгісің. Мәңгіге жаратылдың, Ығында қалып қоймай қара түннің. Қырқылуына жол бермей қанатыңның. О, адамзат ұрпағы! Жүз жылда сен, Алып болып, анадан дара тудың! Сыйға тартып, сыбаға жыр тағылым, Жырда сырың, жүрегің жүр таңылып. Көздеп атқан жүрекке жыр жебесін, Құламерген, Тыңда, саған арналған ұрпақ үнін! Сенен ғана көруге болар бүгін, Жиналған мың - сан миллион жұрт ағымын... Көңіліңнің қуанып, күрсінгені; Жүрегіңнің ырғағы, дүрсілдері... Мәңгілік жасай бермек ұрпағыңмен Қақшыған қара жерге жыр сіңбеді. Тербетіп сезіміңмен сан жүректі, Тергетіп төзіміңмен тұрсың мені. Қаза қылмай күндерің , уақытыңды, Сыйладың ба, жауқазын жақұтыңды?! Қапияда өттің-ау, ақиығым, Кездестірмей барқатты бақытыңды . Айлар, жылдар, ғасырлар ұзақты күн, Кете алмай жүр жырыңнан ұзап бүгін... Ақын жүрек шынымен сезіп пе едің?! Екінші өміріңнің ұзақтығын. Ақын аға! Жылаттырды... Асылың – қол жетерің, Жасын жырдан шықтарға толды етегім. Амандығын берсе егер, Алла маған, Мен сенің әз үніңді ақын аға, Әлемнің бар тілінде сөйлетемін! Жүрекке әжім түспейді Кейбіреу сенбей сезімге... Махаббат- сағым, түс дейді. Сезінген адам төзуде, Сарыла күтіп ғашығын Келсе де сары күз мейлі. Айнала сары өзгерген, Күп-күрең күзеу күз келген. Күтіп жүр дейді әлгі адам Көңілге кірбің алса да Күтіп жүр дейді көз көрген. Бәрінен үміт үзсе де, Сезімнен сенім үзбейді. Ұқсатпақ емес түске де Бір ауық ойдан түспейді. Оралар қайта ғашығы, Жүректе болса асылы. М-а-х-а-б-б-а-т – Аясы терең бұл сөздің Мағына үлкен үстейді. Махаббат барда – жүрек бар Көңілге кірбің түскенмен, Жүрекке әжім түспейді.

386 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы