• Білім-ғылым
  • 29 Қыркүйек, 2014

Су – өмір нәрі

Қоныскүл Имашова,

Судың қасиеттерімен кішкентай бүлдіршіндерді таныстыруды мақсат еттік.
Жылулық шеңбері.  Армысың алтын күн,
    Армысың айдын көл.
    Армысың жер ана,
    Армысың кең дала.


Жұмбақ жасыру.     Сылдырлай ағып жол жатыр
    Баға жетпес қазына
    Тіршілік нәрі, тірегі
    Ол не?


Балалар мен сендерге бірнеше сұрақ қоямын.
Су не үшін қажет?
Жауабы: біз ішеміз, жуынамыз, өндіріске қолданамыз.
Суды жан-жануарлар, құстар, өсімдіктер де қажет етеді.
Тәжірибе жасау
Стол үстінде екі шыны ыдыс тұрады, біреуінде сүт, ал екіншісінде су. Екі ыдысқа да қасық саламыз. Балалар қай ыдыстың ішінде қасық анық көрінетінін байқап, табуы керек.
Балалардың жауабы: судың ішіндегі қасық анық көрінеді.
– Сонда судың түсі қандай?
– Таза, мөлдір.
«Суда дәм жоқ». Әр балаға ыдысқа құйылған су және түтікше береміз, балалар дәмін көреді.
Балалардың жауабы: судың дәмі жоқ.
«Судың иісі бола ма?», дәл осы тәсілмен суды иіскеп көру.
Демек, судың иісі жоқ.
«Суда не ериді, не ерімейді» осыны байқау. Бір ыдысқа құм салу, ал екінші ыдысқа қант салу.
Балалардың жауабы: құм ерімейді, қант ериді.
Жұмбақ жасыру.
Аспанда көлеңке, жерге суын шашады.
/Бұлт, жаңбыр/
Өзі судан жаралған, бірақ судан қорқады.
/Мұз/
Аппақ болып ақ көбелек айналды.
/Жауған қар/
Құлағы мен көзі де, тіпті қолы мен аяғыда жоқ.
/Қырау/
Ойын. Көздерін жұмады, олардың көздеріне не елестейді?
Балалар жауабы: жаңбыр, тұман, мұз.
Сергіту сәті.        
Ал, балалар тұрайық,
Мойнымызды бұрайық.
Су ішінде қалықтап,
Қане, жүзіп алайық.
Оңға, солға бір қарап
Денемізді бұрайық.
– Судың жанында қандай жәндіктер ұшып жүреді?
Балалардың жауабы: Маса, ара, шыбын.
Олар қандай дыбыс шығаратынын ауыз арқылы көрсету.
Мысалы:
Ара: З-З-З-З-З деп ызыңдап ұшады.
Су өмір бойы айналымда болады, арық болып ағып, өзенге құяды, күн шығуымен бу болып, аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып қайта оралады.

Дәптер бетінде «Судың айналымы» туралы сызба құрастыру.
Су адамға не үшін қажет?
Өсімдік сусыз өмір сүре ме?
–Суды орынсыз төгуге бола ма?
–Ендеше суға түкірме, суды ластама, түнде суға барма, кір суды баспа дейтін тыйым сөздерді қайталап үйренейік. балалар өз ойларын айтады.
–Суға шомылғанда қандай қауіпсіздік ережесін білеміз?
– Суда арнайы жерге ғана шомылуға рұқсат, үлкендердің байқауымен жүру, қатты ағысы бар жерге жоламау керек.
Балалардың жауабы.
Су – күмістен де бағалы
Су – алтыннан да артық
Су – мөлдір
Сусыз тіршілік жоқ.
Балалар жаттығу жасайды.

Қоныскүл Имашова,
№ 152 бала-бақшасының тәрбиешісі Алматы қаласы

 

453 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы