• Әдебиет әлемі
  • 26 Наурыз, 2012

Бала боп мәңгі қалады келгім...

Ләззат МАҚАШЕВА 1995 жылдың 19 шілдесінде Орал қаласы Жәнібек ауданында дүниеге келген. Бүгінде сол жердегі Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сыныбында оқиды. Сiздi... Күздi аңсау... Жарақатын жүректiң кiм емдеуде, Жанымды бiр жылатпай қоймайтын күз. Сiз екеумiз әу бастан рөлдерде, Өзгелерге сыңар боп ойнайтынбыз.  Шыдағанмен сезiмнiң бар қысына, Болушы едiм бақытты жарты күндей. Содан кейiн күнiмнiң жартысына, Жүретiнсiз тәттi мұң тартып ылғи. Неге адамдар жабығар күз келгенде, Сайран салып, сауықты құратын кiм? Сахнаның сәнi боп сiз жүргенде, Мен сыртында мұңайып тұратынмын. Қоңыр күз жоқ боп жатқан бiзге алаң, Бiз жайында ойлауды қойғаны шын. Амалсыздан сiз жаққа күнде барам, Сол сүйкiмсiз рөлдi ойнау үшiн. Жара сыздап, жылайды бүгiн кеудем, Қашан менi қарсы алар күлiмдеп күз. Әртiстердiң сапына iлiнгенмен, Сүйген жандар сапына iлiнбеппiз... Кереғарыс... *** Қанша болды кеткелі бізден ерік, Жылай-жылай үмітті үзген едік. Сезімге жыр жазбаймын дегеніммен, Қайта айналып тоқталам сізге келіп. Жарақатын жасанды гүл емдейді, Мұнайса да бұл жүрек күлем дейді. Сіз өзгеге жымиып тұрсаңызда, Жылауға да намысым жібермейді. Шаттығынан тәтті мұң мол көзімді, Аяйды да, жарар деп бол төзімді. Жылап алып соңғы рет сіз ұсынған, Жерлеп қайттық біз кеше сол сезімді. Жаныма жақсылықты жолдас қылып, Енді оңай сезім де салмас құрық. Жүрегім жанардағы мөлдір жасты, Шаттығымен жіберді алмастырып... Мен енді жыламаймын... Ақымақ жүрек Түсірдіңіз бейкүнә жаныма мұң, Талай түндер жыларым тағы мәлім. Сіз мені ойлап титтей де сағынбайсыз, Ал мен сізді өлердей сағынамын. Шыршық қыздың сынына шыдам бейім, Дәрменсіз боп көрмеп ем бұған дейін. Жылатасыз өкіртіп мына мені, Жұбатасыз өтірік сонан кейін. Өшкен үміт алауын жағатындай, Үзілген ән жалғасын табатындай. Сіз жасанды жымиып, алдайсыз кеп, Мен құдды бір алдана қалатындай… Еттіңіз-ау, қайтейін, бізді күпті, Мені тағы Сіз емес, күз күтіпті. Сенесіз бе, сонда да мына жүрек, Менен артық сүйеді Сізді тіпті… Қорлығыңыз өтті-ау… Өзгелікпіз… Қалды тағы кеудеме қыстап қайғым, Жетер енді, мен сені қыстатпаймын. Сен өзгеге қолыңды ұсынғанда, Мен өзгеге қолымды ұстатпаймын. Қаяу салса көңілге шуақ тұман, Санамдағы сорақы сұрақты ұғам. Сен өзгені алғанда құшағыңа, Мен өзгені жатсынып жылап тұрам. Жылаймын да, сол баққа бара берем, Оңайлықпен жазылмас жара деген. Сен өзгеге кетесің бақыт сыйлап, Мен өзгеге сыңар боп қала берем… Кеудесінде сезім жоқ жетім пенде, Жүрек сынға шыдауға бекінген бе?! Сен өзгені сүйгенде, мен тұрамын, Өзге жанға сүйгізбей бетімнен де… Есте қалдың жазылған күнделік боп, Арамызға от салды күз желік боп. Бұйыртса, біз тағы да кездесерміз, Кездесерміз…тек…бірақ…өзгелік боп… Солай ғой?!… Жылама жүрек Қоңыр күздің сүреңсіз кеші мүлде, Сізді күттім, сүйеніп есігімде. Келмедіңіз…біліп ем, енді менен, Сұрамай-ақ қойыңыз кешірім де. Мойындаймын тек үнсіз мен кінәні, Менің жырым – сүйкімсіз желдің әні. Жанарыңыз мөлдірей күлімсіреп, Қарамаңыз Сіз маған ендігәрі. Білесіз ғой, әмірге көнбейтінін, Түніменен жылады бермей тыным. Жетер, жүрек, қайтесің, сезесің ғой, Жұбатуға ешкімнің келмейтінін… Қош болыңыз!.. Сүреңсіз уақыт Бала күндегі аз өкпе-нала, Жүрек түбінде жанарым жұмбақ. Уақыт та құрғыр бір сәтке ғана, Тоқтамай өтіп барады зырлап. Алдамшы сәттен қорқамын үркіп, Уақыттың мысы басты ма хәлді? Сол иығымнан шайтаным түртіп, «Бол-болдың» тағы астына алды. Көбелек қуып, еріккен желіп, Қалай қиямын балалығымды? Оң иығымнан періштем келіп, «Уақыт болды» деп шала бүлінді. Әлі де сауық құра тұрсаңшы, Түндерде жаттым армандап қанша?! Жалмауыз уақыт, тұра тұрсаңшы, Не боп барады жалмаңдап сонша?! Жо-жо-жоқ! Менің келмейді өскім, Бала қиялдай бағымыз, жолық! Мейлі, жүрейін соңында көштің, Кішкентай ғана сары қыз болып. Балалық деген – өзегі жанның, Құрбандық болды жолында бақыт. Бала боп мәңгі келеді қалғым, Бірақ тұрмайды орнында уақыт. Өткен күн өтер уақытпен жылжи, Оралмайды, ал не істейсің? Жыла! Тағдырды «қатал» деуші едім ылғи, Уақыт та «қатал» екен-ау мына... Жегідей жеп те мүжіп жанымды, Жаулап барады кек деген мені. Өшірген бала қызықтарымды, Сүреңсіз уақыт, жек көрем сені!

511 рет

көрсетілді

2

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы