• Мәдениет
  • 02 Қыркүйек, 2014

ШАРАНАНЫҢ ЗАРЫ (Трагедиялық пьеса)

Елдос  ТОҚТАРБАЙ
 
1993 жылы Қостанай облысы, Арқалық қаласында туған.  Ы.Алтынсарин  атындағы Арқалық Мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің 2 курс студенті. 
 
Қатысушылар:
Замира – мектеп түлегі, ҚазҰУ-нің 1 курс студенті
Айзада – Замираның  топтасы, бөлмелесі
Бекболат – ҚазҰУ-нің 3 курс студенті
Ринат – Бекболаттың топтасы, бөлмелесі
Ерік – Замираның  күйеуі
Замираның  ата-анасы
Дәрігер
Студенттер 
Періштелер
 
Жастық  шақта  жіберген  қателік – ғұмырлық  сабақ болмақ. Ақтық  демің  таусылғанша  қателігіңнің  қасіретін шегесің...
 
1 акт
1 сахна
 
Замираның  ауылы. Замира  Алматы қаласындағы  әл -Фараби  атындағы ҚазҰУ-нің  шет  тілдері  факультетінің  күндізгі  бөліміне  мемлекеттік  грантпен түседі.
30 тамыз күні  ата-анасы  Замираны Алматыға  жолға  жіберейін деп, автобус  аялдамасына  келеді. (Картиналы  сурет  арқылы  автобус  аялдамасы көрсетіледі)
Анасы: Қызым, Алматы – үлкен қала. Өзіңді  күтіп, абайлап, сақтанып  жүр. Жатақханада  заттарыңа  мұқият бол! Бастысы  сабағыңды  өте  жақсы  оқы, «Алтын»  медаль алған  оқушысың, университетті  де  «қызыл»  дипломмен  бітіруге  тиіссің!
Әкесі: Туу-уу, Сәлима-ай, менің  қызым  тәртіпті, инабатты, 11 жыл  бойы вечер, банкет, дискотекаға  бармай, үй мен  мектеп  арасында  ғана  жүрді емес пе? Енді жаман  бола қоймас...
Анасы: Ей, Сәбит! Баяғыда  енем  марқұм  «Қызым – үйде, қылығы – түзде»  деп  отыратын еді, тағы  да  қайталап  ескертіп, абайлап  жүр деп, ары  мен  намысын  таптатпауын айтып  жату – артықшылық  етпейді.
Әкесі: Жақсы, айналайын, бәйбіше! Әне  автобус  келе  жатыр, сөмкелерді  дайындай  берейік... Ал, қызым, оқуыңды  жақсы  оқы, ештеңені  уайымдамай, тек  сабағыңа  көңіл  бөл, сәтін  салып  жатса, барып  қайтамыз  ғой. Ақ  батамды  бердім, бақытты  бол, жарығым! 
Анасы: Сау бол, қызым! Жақсы  оқы, жолың  болсын, ақ  жол! (Анасы  жылап  қоя береді, әкесі  құшағына  алып  жұбатады, автобус  дауысы  қатты  гүрілдеп, Алматыға  жол тартады).
 
2 сахна
 
КазҰУ қалашығы. №16 Студенттер  үйі. Замира  комендантқа  рұхсат  қағазын  көрсетіп, бөлмесіне  бара  жатады.
Замира: О, Жаратқан, Сізге сансыз  шүкіршілік  етемін. Өзім  армандаған әсем  Алматыға, асқақ  арман – КазГУ-ге түстім. Мен – бақыттымын!
(Осы  кезде  қарсы  алдынан  бір  көрікті  жігіт  шығады)
Бекболат: О,о-о, қарындас, Сіз  біздің  общякқа  келдіңіз бе? Здесь  будете  жить?
Замира: Да, я здесь  буду  жить.
Бекболат: Позвольте, преставиться, мистер Бекболат!
(Басындағы  шляпасын  шешіп, сол  қолын  кеудесіне  қойып, бас иеді)
Замира: Менің  есім – Замира! Nice to meet you! 
Бекболат: О-о-о! Классно! Ағылшын  тілінде  оқисыз ба? (Таңданады)
Замира: Иә, 1 курсқа  түстім.
Бекболат: Керемет! Әкеліңіз,  сөмкелеріңізді комнатаңызға  жеткізіп  берейін...  (Замираның  екі үлкен  сөмкесін  иығына  көтеріп алады)  Кстати, Алматыда  туыстарыңыз  бар ма?
Замира: (Сәл жымиып барып жауап береді) Мен Шығыс  Қазақстанның  Глубокое  ауданынан  боламын. Өкінішке  орай, туыстарымыздың  барлығы  Семей  мен  Өскеменде  тұрады. 
Бекболат: Жақсы. (ақырындап) Керемет, клево!
Бекболат  Замираны  комнатасына  жеткізіп, өзі  Ринатқа  барады.
Бекболат: (Қуанып) Ри-иии- на, братуха, преставляешь, я  в  коридоре  познакомился  с красивой  девушкой. Талдырмаш,  сұлулығы  көз  сүріндіреді.  Аршыған  жұмыртқаның  аппағындай  тәп-тәтті  қыз. Әлемдегі  барлық  әдемілік  пен  сұлулықты  осы  аруға  жиып  бергендей!  
Ринат: Қуаныштымын!
Бекболат: Көресің  мен  оны өзіме  қаратып алам... (Ұзағынан  күледі)
 
3 сахна
 
Зуылдап  күндер, сырғанап  апталар  өтеді де шығады. Замираның  Алматыға  келгеніне  бір ай болады.  Замира  топтастарымен  университет  алдында  отырады.
Маржан: Зами, әне  сенің  жігітің  келе  жатыр!
Ләззат: Зами, это  правда? Ты с Бекболатом  встречаешься?
Замира: Қы-ыыы-ззз-дар! Бекболат  менің  ағам  сияқты. Мен оны  құрметтеймін. Біз  жай  ғана  доспыз!
Бекболат: Приветики, қыздар! Как жизнь? Как учеба?
Қыздар: (Хормен) У нас все  отлично! А у тебя?
Бекболат: Офигенно! Зами, бес  минутқа  сені  бола ма? (Осы  кезде  Замира  Бекболаттың  қасына  жақындап  келеді де, зер салып тыңдайды) Бүгін орталықта  дискотека  болады  екен. Айзада, сен, мен, Ринат  төртеуміз  барып  қайтсақ қалай  қарайсың? 
Замира: (Жымиып) Ой, ыңғайсыз  ғой... Маған  СРСП-ға  дайындалу  керек, реферат  жазу  дегендей...
Бекболат: Охо! Несі  ыңғайсыз? Жассың  ғой,  надо  в твоем  возрасте  веселиться, тусоваться, ну,  давай  ради  меня, ааа?! (Тізерлеп  алдына  отыра қалады)
Замира: (Ренішпен) Жарайды-ы-ы-ыыы, сенің  көңілің  үшін  ғана!
Бекболат:Хорошо. Спасибо. Через  час. В парке  встретимся. 
Замира: Жақсы, келістік.
Ринат: Браво, братан  сындырдың! Қыз – сенікі! Красава, уважаю  тебя!
Бекболат: (Масаттана) Ну, это же я-я-яяя! Давай, хата  дайындай  берейік! (Бекболат  Ринаттың  иығына  қолын қойып, дайындалуға  кетті)
4 сахна
 
Күзгі  кеш. Орталық  алаң. Би кеші. Билеп  жатқан  жастар  арасында  төртеуі де бар. Көңілді  кеш.
Бекболат: Қыздар, біз  Ринат  екеуміз, мына  жерден  квартира  жалдап ек... Соған  барып, отырып  қайтайық... Кешкі  ондар  шамасында  жатақханаға  апарып  тастаймыз.
Айзада: Керемет, барамыз, кеттік,  давайте! (Замирадан  бірінші  боп, сумаңдап,  қулана,  күліп  жауап береді)
Замира: Айз, ты что? Мы никуда  не пойдем, кеттік  жатақханаға!
Айзада: (Өтірік  жымиғансып) Ой, не волнуйся! Это  же  наши  лучшие  друзья, ничего  особенного  не будет, жүр  барайық!
Замира: Лад-ноо-ооо-оо!
           Олар  квартираға  келіп, ортада  тұрған  столдың  жан-жағына  жайғасады. Стол  үстінде  торт, шампан, жеміс-жидек, коньяк. Түнгі  шамның  қызғылт  жарығы  бөлмеге  жеңіл  төгіледі. 
 
Бекболат: (Ринаттың  құлағына  сыбырлап) Брат, короче, Айзада – сенікі, Замира – менікі! До утра мы  с тобой с этими ангелами будем веселиться.
Ринат: (Көзін қысып) Бұйырса.
Замира мен Бекболат, Ринат пен Айзада  вальс билеп, қыздар шампан, жігіттер коньяк ішіп, өлең  айтып  отырады  біраз уақыт
 
Замира: Ой, уже 22:50, нам быстро  надо  домой, иначе  нас не впустят.
(Осы  кезде  Ринат  пен  Айзада  келесі  бөлмеге  кіріп  кетеді)      Бекболат, Айз бен  Ринат  қайда  кетті, шақыршы, біз  кетейік?
Бекболат: Я вас довезу, подожди.
Замира: (бұртиып) Ну сколько еще  ждать?
Бекболат:  Замира, түсінші мені, мен саған ғашықпын! Шын ғашықпын! Білесің бе, өлердей  ғашықпын... Сені бір  сәт  көрмесем өзімді-өзім  қинаймын... Оказывается, жүрекпен сүю де, жүрекпен  сүймеу де  қасірет екен!(Дауысын  қаттырақ  шығарып)
Сезбейсің  ғой, сезбейсің  ғой  сен  мені...
Көрмейсің  ғой  кереметті  мендегі.
Түсінсеңші, сарсаң  болған  пендені,
Түсінсеңші!
Ақыл-ойым  кем бе еді?! (Мұқағалидан)
(Осы  өлеңді  оқығанда  фон  ретінде  С.Тұрысбековтің  «Көңіл  толқыны»  күйі  баяу  орындалып  тұрады)
Мен  Сені  сүйемін. Мәңгілік  сүйіп  өтемін! Мені сүйесің бе?
Замира: ( Басын төмен қаратып, үнсіз отырады)  ...
Бекболат: Үндемейсің ә?! Сыр бергің  келмейді  екен ғой... Қусың ә! Жігіттің  сырттаны, қыз-қырғынның  арманы  болып  жүрген мына  мен, (дауысы  қаттырақ  шығып, кеудесін  оң қолымен  соғып) мен кім көрінгеннің  қолынан  ұстамаймын  ғой, ха-ха-ха (Қарқылдап  күліп), Сүйгізші  ерніңнен?!
(Замира  қолға  түскен  қояндай  қарсыласты)
Замира: Қойшы, Бекболат, өтінемін... Біз  жай  доспыз ғой. Мен  сені  туған ағамдай  сыйлаймын  және  солай  болғанын  қалаймын.
Қарулы қол аш  белді  қапсыра  құшақтап, жұмсақ  ерінге  жігіт  ерні тиеді. Жігіттің  сайқал  сезімі атой  салып, дүниені  төңкеріп  бара жатады...(Аянышты  музыка  қойылып тұрады)
Бекболат: (Іш киіммен  ғана  тұрады) Ринат, бері келші?
Қарсы  бөлмеден  Ринат шығып  Бекболаттың  қасына  келеді, бұрышта  Замира жылап-сықтап отырады.
Ринат: Қалай болды, брат?
Бекболат: Қан  мен тер!!! Замира – тән сүйіспеншілігінің  шебері екен.Қаным  басыма  шауып, көзім  тұманданып тұрған  шағымда  бар  дүниені ұмытып, рахаттана  ләззат  алдым, (Екі қолын  екі жаққа  сермеп, керіледі)у-уууу-х! 
Ринат: (Бекболаттың  арқасын  қағып) Искренне  поздравляю! Жарайсың, братуха! Давай, мені  ана  жақта  тән  рахаты күтіп  жатыр, кеттім... 
Шымылдық жабылады. Сахна қараңғыланады.
 
2 акт
1 сахна 
 
Сағат  уақыт  тілін  тықылдатып  өтіп  жатыр. Осы қасіретті  түннен  кейін үш  ай өтеді. 1 семестр  соңы. Сессия. Университет  алдында  Ринат  пен  Бекболат  темекі  шегіп, ара-бері  өткен  қыздарға  сызылып  қарап отырады.
Замира: (Жалынышты кейіппен)Бекболат, бері  келші, бірдеңе  айтайыншы?
Бекболат: Оставь  меня  в покое! Екеуміздің  арамыз  енді  жер  мен  көктей, все иди, а-а-ааа!
Замира:( Жылап жібереді) Мен  сенен  бала  күтіп  жүрмін. Бала үш айлық. Сессия  бітейін деп  қалды, мен  ауылға  қалай барамын?!
Ринат: О-па-нааа! Залет, братуха! 
Бекболат: (Замираға қарап) О, Боже! О,Құдай! Менің  балам  емес! Аборт  жасат, көзін  құрт, маған  ендігәрі  жолаушы  болма! Мә, ақша енді  сені  көрмейтін  болайын...  Алдырып  таста!
\Бекболат  қолын  бір  сілтеп, түкіріп, Ринат  екеуі кетіп  қалады.
\Замира: (Аянышты  үнмен) Тоқта, тыңдашы  мені!  Самое страшное – это когда  предают люди, которым  доверял...  
\Замира жылап, жатақханаға  аяңдап  бара  жатады.
2 сахна
 
Қалалық  №12 аурухана. Акушер-гинеколог дәрігердің  кабинеті.
Замира: Апай, мен  тездетіп  жасанды  түсік  жасатуым керек...
Дәрігер: Қызым ау, жасың  қанша да?
Замира: (Ұялып) Он сегіздемін...
Дәрігер: Ойбай-ай, тым  жас  екенсің  ғой... Бала – өмір гүлі. Айналайын, дүниеге  әкеліп, қазақтың  санын  көбейтсеңші?!
Замира: Жо-жоо-жооқ! Болмайды. Мен  алаяқтың  баласын  дүниеге  әкеле  алмаймын. Сіз өз  қызметіңізді  орындаңыз! Мен Сізге  кәмпиттің  қағазын  емес, жасыл  ақша  беріп  отырмын!(Қатқыл  дауыспен ашулана)
Дәрігер: Жақсы, жақсы! Қызым, енді сенің  қайтып  бала  көтеруің  екіталай...(Ауыр күрсініспен)
Замира: Уақыт көрсетер...
Дәрігер:( УЗИ қорытындысына  қарап тұрып) Сіздің  құрсағыңызда  егіз  ұл бар екен!
Замираны  ота жасау бөліміне  апарып, наркозбен  ұйықтатады. Кенеттен экранда қорқынышты көлеңке пайда болды. Бұл – вакуум-кюретка. Шарананы өлтіріп, ауа қысымымен сорып алатын электронасостың шлангісінің басына тағылған өткір ұштық. Нәресте бөтен заттан – өзіне келер қауіпті сезгендей беймаза халге түсіп, көз ілеспес жылдамдықпен қозғалады. Вакуумұштық нәрестеге ажал қанжарындай жақындап қалғанда жан ұшыра шырылдаған періште аузын ашып, айқайлағандай болды. 
– Анашым, бізді қалай өлтіресіз? Анашым, біз енді  Сізсіз  жұмаққа  кірмейміз... Сені күтеміз!!!
Періштені қоршап, жайлы жағдай жасап тұрған құрсақтағы су пердесін қанішердің қанжары жарып өтті. Өткірұштық нәресте денесіне кірш ете кірді де, боршалап, бөлшектеп жатырдан сорып жатыр…  Бұл дүниенің жарығын көрмей қайран шарана қатыгез анасының жауыздығынан құрбан болды. 
 
3 сахна
 
Арада  он  бес  жыл  уақыт  өтеді. Замира Ерік  деген  бір үйдің  жалғыз  ұлына  тұрмысқа  шыққанына  сегіз  жыл  болады. Замира  мен  Еріктің  үйі.
 
Замира: (Еріктің иығына асылып) Не болды  жаным? Неге  жүзің  солыңқы?
Ерік:(Замираның қолын қағып, атып тұрып) Ауылдан  мамам  хабарласты, менің  кластасым  Жанболаттың  әйелі  төртіншісін  босанғанын  айтты! Біздің  үйленгенімізге, міне, сегізінші жыл! Бақандай сегіз жыл  болды  ғой... Сен әлі бала  көтере  алмай жүрсің... Түсінесің  бе, маған  бала  керек! Бала!!! (Ащы  дауыспен) Анама  немере  сүйдіріп, қуантуым  керек! Мен  көп  ойланып, мынадай  шешімге  келдім, мына үй саған қалады, мен  ауылға  кетемін, басқа  біреуге  үйленемін, перзент  сүйіп, «әке»  атануым  керек!
Замира: Мен  бала  көтере алсам ғой ... (жылап  қоя береді)
Ерік  киім-кешегін  жинап, үйден  кетіп  қалады.
Замира: Қу, Бекболат-ай! Сен не істеп кеттің... Менің  өмірімнің  күл талқанын  шығарып, ойраңдап  кеттің ғой. Бала алдырып, қалған өмірімде бармағымды  шайнап қалғаным-ай!.. Студент кезімде ойнап жүріп, от бастым -ау. Түсік жасатып, ішімдегі өз шаранамды дәрігер пышағымен бөлшектеткенім әлі күнге дейін өзімді-өзім кешіре алмаймын. Бұл жағдайдан ауылдағы ата-анам да бейхабар еді. Егер естігенде... Білмеймін, тіпті, елестете алмаймын. Шарасыздықтан түсік жасаттым. Басқа амал жоқ еді. Сөйтіп,жеті  жылдан  кейін бағым ашылғандай боп, тұрмыс құрдым. Бірақ, Алла Тағалам бала табуды бұйыртпады. Дәрігерлер түсік жасатқаннан кейін екінші рет бала көтеру мүмкін еместігін айтты. Сол кезде істеген ісіме қатты өкінемін, жылаймын... Амал не? Өткенді қайтара алмайсың. Бір перзентке зар болып, сегіз  жыл жүрдім. Мен өмірде бір нәрсені ғана ұқтым: адам не істесе де, ойланып, оның байыбына барып қана істеуі керек екен. Әр ісіңнің жауапсыз қалмайтынын да ұқтым. Тіпті, сол істеген ісіме өмір бойы өкініп өтетінім анық...  Е-е-е, менің  халімді  дұшпанымның  да  басына  бермесін!..
(Замираның  монологы кезінде  аянышты  музыка  біресе  баяу, біресе  жоғары  қойылып  тұрады)
 
4 сахна
         
Арада  қырық  бес  жыл өтеді. Замираның  жасы  жетпіс сегізге келеді. Замираның  үйі. Жарық  көмескіленіп  тек  Замира  жатқан  төсекке  ала көлеңке  боп  түсіп тұрады.
 
Замира: (Жылап  отырып, айқайлап) О-о, қу Құдай! Саңырау  Құдай! Соқыр  Құдай! Қартайған  шағымда  жалғызсыратып  қаңыраттың - ау... Қу томар  боп  отырған  отырыс  мынау... 
О, Лағынет  атқыр, жастық  шақ! Еріккеннің  ермегіне  айналып, жастығымды, ақтығымды, пәктігімді  өзім  тәрк  еттім- ау!
Жетпістің  сегізіне  келген  шағымда  жалғыз  өзім  мына  молада  өмір  сүріп,  бақытты  болам  дедім бе? О  баста  менің өлуім  керек  еді...
Қу тіземді  құшақтап  жүргенім  мынау, О,Тәңірім! Сол  жазықсыз  қос  шақалақты  жөргегінен  тұншықтырмай  тууым  керек еді... Өкініш-ай, әкем  мен  шешем  мені  кешер  еді  ғой... Анамның  ішіне  сыйғанда, сыртына  да  сыяр ем... Өкпеге  қиса да, өлімге  қимас еді -ау...
О, жастық... Қайран, жалындаған  жас ғұмырым!
Осылай  сөйлеп  жатып  ұйықтап  кетеді. Түсіне  қос  шақалақ  кіреді.
Періштелер: О, Анашым! Қартайған  шағыңда  жалғыздық  дертін құшып  жүргенің  мынау... Сен не  істедің, Ана?! А-ааа-нннааа-аа!
Замира  шошып оянады. Төсектің  жанында  тұрған  тумбочка үстіндегі  құмырадан су  ішуге  бара  жатып, құлайды да, өмір сүруін мәңгілікке  тоқтады.
 
5 сахна
 
О дүние. Тамұқ. Жарық  бір сөніп, бір жанады. Қараңғы көрініс жасайды.Қос  шақалағы  періштелер  секілді  қанаттарымен  ұшып, алдынан  шығады.
Періштелер: Анатай, анашым, асыл анамыз, есіл  анамыз! Сені  біз  алпыс  жыл  тағатсыздана  күттік - ау... Біз  сенің  жастық  шағыңда  жасаған  қатеңді  кешеміз. Кешірдік! Кештік, ана!!!
Сахна  сыртындағы дауыс:  Қасиетті  Құран аятында: “Біреудің жанын қимаңдар, бір адамды өлтірудің күнәсі – барлық адамды өлтірумен тең, қиямет күні күнәсіз өлтірілген балалардың есебі сұралады…” деген. Естеріңде  болсын!
Екі  періште  аналарының  бірі – оң, бірі – сол  қолынан  ұстап  қараңғы  жаққа  кетіп  бара  жатады. Жарық  олардың  қолдарына  түсіп  барып  сөнеді.
                                                       
Шымылдық.
Соңы.

525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы