• Әдебиет әлемі
  • 07 Ақпан, 2012

Мені ұмытып кеткеніңе сенбеймін

Нұртас ИСАБАЕВ Жарық күнім Жарқырап шыға берші, Жарық күнім, Әлемнің қара түнек жарып түнін! Жүрейін емін-еркін,құстай ұшып, Алармын жер қойынына барып тыным. Жасайды тірі адам тіршілігін. Күлімдеп тас-төбемде тұршы, Күнім! Жібітсе шуақ-нұрың өнбойымды, Оянар талдың жасыл бүршігімін. Келе бер шуағыңды шашып, Күнім, Көңілім бара жатыр тасып бүгін. Жадырап кең дүние, жан дүнием, Өмірге жалындады ғашықтығым, Жайнауға шешек атып жақын гүлім, Бар шығар қуануға хақым бүгін. Бусанған жер секілді мейірленіп, Нұрыңнан тасып жатыр ақындығым! *** Өмір, кейде қайғы-қасірет шексем де, Ықыласым, пейіл-көңілім тек сенде. Ораламын өз ортама сағынып, Кейде ренжіп араласпай кетсем де. Сақтап адал ниетімді келем мен, Кеткеніммен асып талай белеңнен. Ғашықтардай, қимас құрбы-достардай, Сырласамын тебірене өлеңмен. Киындықтар кездессе де көптеген, Кездерімде мақсатыма жетпеген, Көңілімді жұбатамын сөзбенен: «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ” деген. Өкініштен өртенсе де өзегім, Тағдырымның азабына төземін. Кейде елеп, кейде елемей жүрсе де, Қымбат маған туған халқым, өз елім! *** Талай белес, асудан асқанымда, Жалын лаулап жанады жас қанымда. Маза бермей жырым да, дастаным да, Қалықтайды қиялым аспанымда. Тағдырыма налымай жарытпаған, Қыран болып көңілім шарықтаған. Сезім барда дүние жарық маған, Жүрегімде жыр маздап жанып барам. Болмайды деп жүрмесем, жүгірмесем, Арпалысып тағдырмен ғұмыр кешем. “Жырың барда өмірден түңілме сен”,- Деп өзіммен сырласып, күбірлесем. Бақытқа да болмадым аса масаң, Не болғаным жеңілді тасаласам. Адам болып несіне ғұмыр кешем Өмірімде бір ерлік жасамасам?! *** Теңіздей тасып жырым, шалқып әнім, Сеземін жүрегімнің балқығанын. Қияға көзін тіккен жас қырандай, Құлшынып, көк аспанға талпынамын. Шарықтап барып қонбай шың басына, Сенемін көңілімнің тынбасына. Өмірмен сырласамын жым-жырт түнде, Сыбырлап сыр айтқандай мұңдасыма. Жанымның сезіп еркін азаттығын, Өткізем ғұмырымның ғажап түнін. Асығам сапардағы жолаушыдай, Қалғандай тіршілікте аз-ақ күнім. Жыры мен әнін толғап жүрегімнің, Сүйдім де, сұлу өмір сүре білдім. Келеді өлең жазғым адамдарға Қадірін сезіндіріп бұл өмірдің. *** Табылады маған құрбы-дос қашан Мені ойлайтын, алдамайтын ешқашан?! Арман-ойым, Музам болып сол ғана, Арнар едім жырларымды толғана. Айықтырар көңілімнің мұнарын, Қайда менің армандаған сыңарым. Әрқашанда сақтап адал ниетін, Жан бар ма екен мені ғана сүйетін?!. *** Қарағым, көрдім сені түсімде мен, Жан едің қиялымда мүсіндеген. Алыстап кетіп едің құстай үркіп, Ақ ниет-сезімімді түсінбеген. Жырыммен жүрегіңді жылыта алмай, Шаршатты алдап тәтті үміт балдай. Сонда да жүрегімде сөнбей сезім, Сені ойлап, жүрмін әлі ұмыта алмай. *** Ойлап сені атқанымен әр таңым, Телефонмен сөйлесуге қорқамын. Есіме алып айдай нұрлы бейнеңді, Ғашықтықтың азабын көп тартамын. Махаббатым жалғыз ғана сен деймін, Жүрегімді сенсіз қалай емдеймін? Көрмесем де дидарыңды қанша жыл, Мені ұмытып кеткеніңе сенбеймін. *** Түсінетін жүрегімді, жанымды, Ұнататын жырларымды, әнімді, Бір сұлуға жолықтыршы, Құдайым, Махаббатқа бөлеші бір жалынды. Музам болсын, болсын адал жарым да, Шабыт сыйлап жүрсін дәйім жанымда. Сонда мәңгі  болармын мен бақытты, Орындалар барлық армандарым да! *** Жүрегімнің табарсың тек сен емін, Сен болмасаң, гулдей солып, семемін. Өмір бойы ғашық болған бір қызға, Ақындардың сезіміне сенемін. Көңілімді тербетеді сол арман, Сені сүйсем өмірімде болар мән. Сенсіз енді жана алмаймын жалындап, Сенсіз енді бақытты жан бола алман. Жеңілген соң жасап бәрін айланың, Махаббаттың жасадым бір байламын. Мәжнүндей ғашық болып жүремін, Есі ауған кайғысынан Ләйланың. Сондай тағдыр түссе енді басыма, Амал қанша, айналмадым досыңа. Жүрегімде жалындайтын, өшпейтін Шын махаббат деген әлде осы ма? *** Сұлу қыз көрдім жүзінен жылы күн күлген, Бір көрген қызға ғашық боларымды кім білген?! Өзі де ғажап, көзі де ғажап, әдемі, Сол сұлу гүлді көремін артық мың гүлден. Баурады бірден сахнада ұлттық сәнімен, Даусымен жақсы, сиқырлы, сазды әнімен. Сағыныш толы сол әнді күнде қайталап, Сол сұлу қызды ойлаумен жүрмін әлі мен. Домбыра шертіп жүр ме екен жиі ән салып? Тағы да, шіркін, тыңдар ма едім тамсанып! Бұлақтай мөлдір, шуақтай нұрлы, өнерлі Сұлулық  деген құдіретті еді қаншалық! Күн күлген жүзін, сүйріктей сұлу саусағын, Шырақтай жанған көздерін, үнін аңсадым. Аумайтын гүлден, түсіме кірген сол ару, Көрініп тағы оралар ма екен бал шағым?!

238 рет

көрсетілді

8

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

Баянғали

14 Тамыз, 2020

Ассалаумағаликум,Нұртас аға!Сіздің өлеңдеріңізді іздеп жүріп оқитын оқырмандарыңыздың бірімін.Сіздің поэзияңыз жаныма жақын, ішкі ойларымды, сезімдерімді дөп басып жатады, сонысымен де қымбат.Поэзияға келуіме де Сіздің жырларыңыздың әсері бар екеніне күмәнім жоқ,Сізге тек жақсылықтар тілеймін! Ініңіз Баянғали

AbertNum

05 Наурыз, 2022

коли почалась друга світова війна <a href="http://bitly.com/skilky-shche-bude-tryvaty-viyna-v-ukrayini">скільки може тривати війна в україні</a> коли закінчиться війна в україні 2022 екстрасенси

AbrtNum

07 Наурыз, 2022

Дивитися Бетмен <a href="http://bitly.com/betmen-2022-film">Бетмен 1989 дивитися онлайн</a> Дивитись онлайн Бетмен

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

11 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

12 Наурыз, 2022

http://bit.ly/legenda-destan-vse-serii

AbrtNum

15 Наурыз, 2022

<a href="https://t.me/filmfilmfilmes/21">Рассказ Служанки</a>

URKER №5

31 Мамыр, 2022

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы