• Әдебиет әлемі
  • 17 Тамыз, 2011

Шын жүйріктер анықталды

Құрметті оқырман қауым, естеріңізде болса «Үркер» журналы 2010 жылдан бастап жас қаламгерледі қолдау мақсатында проза, поэзия жанры бойынша бәйге жарияланған болатын. Біраз үміткерлердің шығармалары журналымызда жарияланғанын да білесіздер. Бір жыл ішінде бәйгеге елуден астам шығарма келіп түсті. Сәуір айында қазылар алқасының шешімімен шын жүйріктер анықтады. Олар журналдың осы санында мұқабада жарияланып отыр. Нақтылай айтқанда проза жанры бойынша Элмира Ерікқызы - бірінші, талдықорғандық Асхат Өмірбай - екінші, маңғыстаулық Аллаберген Қонарбай - үшінші, атыраулық Бақытқүл Бабаш, семейлік Нәрлібек Қанағатовтар ынталандыру сыйлығына ие болды Поэзия жанрында астаналық Динара Мәлік - бірінші, атыраулық Гүлмира Сүйекенова - екінші, алматылық Ерғали Бақаш - үшінші, талдықорғандық Әсел Салық, алматылық Қайырбек Шағырлар  ынталандыру сыйлығын қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен заттай бағалы сыйлықтарды «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры, редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Үркер» журналының бас редакторы Қуандық Түменбай, «Мысль» журналының бас редакторы Сейдахмет Құттықадам, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Самат Ибраим, қазылар алқасының жауапты хатшысы, «Үркер» журналы бас редакторының орынбасары Жарас Сәрсек, «Ұйғыр авази» газеті  бас редакторының орынбасары Мұқтағнан Жұмаровтар табыстады. Жүлде алған шығармалар «Заңғар» шығармашылық бірлестігінің қолдауымен жеке кітап болып жарық көретін болды.

420 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы