• Шежіре
  • 28 Қазан, 2013

Ұлттық мемлекетті тәрбиелейтін тарих қажет

Қайрат інім «Тарихты қайта жазу мүлдем дұрыс емес» деген пікір айтты. Кезінде І Петр де өзінің тарихшыларының жазып әкелген тарихын лақтырып жіберген. «Маған империяның зұлымдығына қызмет ететін тарих керек» деген. Бізде де ұлттық мемлекетті құруға, ұлттық мемлекеттің азаматтарын тәрбиелейтін тарих қажет. Ол фактілерді қайта пайымдайтын тарих керек. Отаршылдық туралы да айтылды.

Мұстафа Шоқайдың: «Орыс отаршылдығының басқа ағылшын отаршылдығынан айырмашылығы, ағылшын отаршылдары өзінің басып алған жерін сауда айналымына қосқысы келсе, ал орыс отаршылдарының соңынан орыс мұжығы қоса келіп, басып алған жерін орыстандырады» деген. Орыс тарихшылары «Орыстар Орта Азияны түнектен құтқарып, өркениет апардық» дейді. Осының бәрін ұғымымызда қарсы пайдалануымыз керек. Мысалы, орыстар шекараны қисынды пайдаланады. Олар тарихи жерінің аумағын кеңейткісі келеді. Олар «Ресей – орталық, Қазақстан – аймақ» деп қарайды. Біз – мемлекетпіз. Сондықтан сол тұрғыдан қайта пайымдап жазу керек. Ашаршылық салдарынан жер босап, ұлттық азшылдыққа әкелді. Үкімет қазақ халқына қатысты қылмыс жасады. 1936 жылы сол қылмысты жасыру үшін одақтық мәртебе берді. Қазақтың сол кезде одақтық мәртебесін көтеруге еш жағдайы болмады. Егер Ресейдің құрамында қала берсек, Тәуелсіздікке қол жеткізбейтін едік. Осындай мәселе толып жатыр.

Бейбіт Қойшыбаев,

тарих ғылымдарының кандидаты

378 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы