• Шежіре
  • 25 Қыркүйек, 2013

Тарихты таразылайық

Тарих ғылымындағы ілгерілеу мен ізденістің өрлеуіне президенттік фактор соны серпін берді. Әңгіме Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  ұлт тарихына ерекше ілтипа-ты туралы болып отыр. Елбасы қашанда тарих тағылымын алға тарта сөйлеуді дәстүрге айналдырған.

Тәуелсіздігіміз жарияланған күннің ертеңінде: «Тарих көші ұзақ. Асықсақ та, аптықпайық. Қазақстанның көпұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Сенімнен айырылмайық, бауырларым!» деген еді. Елбасының Жарлығымен 1997 жыл Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланса, 1998 жыл Ұлт тарихы жылы аталып өткені белгілі. Мұның сыртында Президент қаламынан туған «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында», «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы» кітаптары халықтың тарихи санасын қалыптастыруға игі әсер етті әрі тарихи зерттеулердің заманауи методологиясын түзуге септесті. Бұларда қатпары қалың деректерді талдаудың, пікір алуандығын сыйлаудың, ұлт тарихы мен руханиятын дәуірлеудің, әлем тарихы мен Отан тарихындағы ықпалдастықты таразылаудың, астаналар мен идеялардың тарихтағы орнын бағалаудың инновациялық тұжырымдары бар. Тұтастай алғанда, Елбасы еңбектеріне тән дәстүр, жаңашылдық, методология деңгейіне көтерілу – бүгінгі тарихшы ғалымдар алдында тұрған міндеттердің өзекжардысы.   

Хангелді ӘБЖАНОВ, 
Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының 
директоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі. 

388 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы