• Шежіре
  • 25 Қыркүйек, 2013

«АЛЖИР» зары

Есті қазақтың есін кетірген атақты «58-ші статья» Арқаның дәстүрлі күйшісі Ахметжан Сар­мантайұлының шығармасы 1929-30 жылдарға келеді екен. Халықтың көрген құқайы оның «Қасірет» күйлерінде шертілді. Ал сол тұстағы жас күйші Әбікен Хасенов арқылы бізге атылар түнінде түрме терезесінен іліп қалған Әбді Рыспекұлынан біз­ге «Зар қосбасар» күйі жетті. Сол күйді естісең, барлық тұла бойың тұтасып үрей жайлап, жан жүрегің елжіреп, шарасыздық күйге түсіретіні бар. Барлық кеңес қуғын-сүргініне ұшыраған жазықсыз құрбандардың кеш­кен қапастағы ауыр күйіне түс­кендей боласың.


Қазақ өнерінің қеңестік то­талитарлық кезеңіндегі бар­лық тауқыметін бір мақала кө­лемінде қамту мүмкін емес. «АЛ­ЖИР» мұражайының қо­рын­дағы мәліметтерді көтерер болсақ кезіндегі қазақтың қай­мағы санатында болған аза­маттардың барлығы өнерден кен­де болмағанын көреміз. Ал «АЛЖИР» Лидия Русланова, Рахиль Плисецкая, Наталья Сац және осы лагерде 360 пианист және 720 балерина отырғанын ескерсек, онда көптеген том кітаптар шығаруға арқау болар.

Жанбота ТАСБОЛАТҰЛЫ, 
«АЛЖИР» мұражайының 
аға ғылыми қызметкері.

415 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы