Өмірбаян

Түменбай Қуандық Ералыұлы 1955 жылы 22 тамызда Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, қазіргі  Ы. Жақаев ауылында туған. 1977 жылы ҚазМудың (ҚазҰУ) журналистика факультетін, 1991 жылы Мәскеудің         М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітірген. 1978-79 жылдары  «Лениншіл жас» («Жас алаш») газетінде, 1979-80 ж. «Жалын» баспасында редактор, 1984-89 ж. «Жұлдыз» журналында бөлім редакторы, 1989-91 ж. Алматы обл. «Жетісу» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1991-92 «Алматы ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары, 1992-96 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің бас редакторы, 1996-98 ж. «Қазақстан» баспасының бас редакторы, Халықаралық журналистика институтында оқытушы қызметтерін атқарған. 2004 жылдан «Ақиқат» журналында бөлім редакторы болды. 2008 жылдан бері жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси «Үркер» журналының бас редакторы.

Сыйлықтары

Ол 1998 жылдан Кеңес Одағы Жазушылар одағының мүшесі. Балалар мен жасөспірімдерше арналған республикалық жабық бәйгенің төрт мәрте жүлдегері. («Каникулды күткен қыз» – 1986 ж., «Күнді күтіп жүрмін» – 1989 ж.). «Қазақ әдебиеті»  газетінің лауреаты («Қызыл жиде» атты әңгімесі үшін – 1985 ж.).

Ғабиден Мұстафиннің туғанына 100 жыл толуына арналған жабық бәйгенің бас жүлдегері («Мылқаулар» атты әңгімесі үшін – 2002 ж.»).

«Сорос-Қазақстан» қоры сыйлығының лауреаты – («Ақындар заңы» атты әңгімесі үшін – 1991 ж.) Ал 1998 жылы «Сотталған домбыра» атты кітабы үшін Халықаралық Алаш сыйлығына ие болды.

2006 жылы «Депутат Аяз би» хикаяты үшін тұңғыш «Астана бәйтерек» конкурсының проза номинациясы бойынша бірінші жүлдесін иемденді.

Алаш қозғалысының 90 жылдығына арналған «Алаш және рух» бәйгесінің жеңімпазы (2008 ж.).

Қызылорда облысы, Шиелі ауданының құрметті азаматы.

Қ. Түменбай шығармалары қазақ орта мектебінің 5-сыныбына арналған қазақ тілі оқулығына,орыс мектептерінің 10-11 сыныптарына арналған «Диктанттар жинағына» енген.

Республикалық  балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Қазақстан жазушылары – жастарға» айдарымен Қ.Түменбай шығармашылығына арналған «Жарыса аққан қос өзен» атты әдістемелік құрал шығарған.

Шығармалары: Қ. Түменбай студент кезінде жас жазушылардың «Арман қанатында» жинағының тұңғыш кітабына шықты. (1976 ж).

Жекелеген шығармалары, атап айтқанда, «Узоры на песке», «Муки человеческие», «Горемыка» атты әңгіме, повестері орыс тілінде, «Қайың сапты ктепен» атты әңгімесі неміс тілінде, сондай-ақ араб, өзбек, қарақалпақ тілдерінде жарияланды.

«Қайың сапты кетпен». Әңгімелер. А., «Жалын», 1982;

«Жүрдек поезд». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1990; «Жігіттің Көктөбесі». Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1995; «Қанаты күйген қызғыш құс». Деректі повесть. Шымкент. «Жібек жолы», 1995; «Сотталған домбыра». Әңгімелер. А., «Өнер», 1998; «Көз». Хикаяттар мен әңгімелер. А., «Зерде», 1999; «Жасыл жанып тұрғанда». Роман және әңгімелер. А., «Сөздік словарь», 2001; «Қой мен қойшы». Роман, хикаяттар, әңгімелер. А., «Жазушы», 2004; «Ар мен дар». Көсемсөз кітабы. А., «Қазығұрт», 2005; «Көзбояуы жоқ көріністер». Новеллалар мен публицистикалық мақалалар. А., «Қазығұрт», 2008; «Ағаш ескерткіш». Хикаяттар мен әңгімелер. А., «Жазушы», 2008;

«Қобыздың мұңы». Хикаяттар мен әңгімелер. Астана, «Раритет», 2008.