Сұрақ-жауап


 Аты-жөніңіз: *
 E-mail:
 Сайт
 Хат мәтіні *
* Міндетті

Спамнан қорғану
Көрсетілген орынға берілген әріптер немесе цифрлар комбинациясын енгізуіңіз қажет
4 + 9=

(31)
(11) Қуандық Ералыұлы
11 March 2014 12:51:57
email

Алуаға жауап:

Бір шумақ өлеңге пікір білдіру өте қиын. Бір топ өлеңдеріңізді жіберсеңіз. Өлеңді қарайтын ақын орынбасарыма оқытайын. Суретіңмен, өмірбаяныңмен жіберуіңізді күтеміз.

(10) Қуандық Ералыұлы
11 March 2014 12:50:08
email

Қуат Исламжанға жауап:

«Қобыздың мұңы» деген кітабым 2008 жылы «Фолиант» баспасынан шықты. Кітапханаларда болу керек.

(9) Қуандық Ералыұлы
11 March 2014 12:49:04
email

Назгүлге жауап:

Асхат Өмірбаевтың тағы да әңгімесін жариялаймыз. Қолтаңбасы қалыптасып қалған жігіт қой.

(8) Қуандық Ералыұлы
11 March 2014 12:48:05
email

Сағиға жауап:

Жастар басылымында істегендіктен жастар әдебиетін қадағалап отырам. Проза, поэзия, әдеби сын бұрынғы социалистік реализм кезеңіндегідей өрелі болмағанмен жастарда іштей бір қыжыл бар. Ол – қай жағына шығуды білмей аңдысқан арпалыс. Жастар жеңеді, әлі бір жағына шығады. Әуелі қаламақы мәселесі шешілу керек, әдеби жеңіс дегеніміз де осы ғой.

(7) Қуандық Ералыұлы
11 March 2014 12:47:02
email

Саулеге жауап:

Діншілмін деп айта алмаймын, тым кері кеткен де ештеңем жоқ. Шектен шыққан атеист емеспін. Исламның қағидаларын ұстанам. Өйткені, біздің түп-тамырымыз исламнан өрбімей ме.

(6) Сәуле, Алматы қаласынан
28 February 2014 16:04:27
email

Сәлеметсіз бе, Қуандық Ералыұлы! Дін мәселесіне көзқарасыңызды білгім келген еді. Ислам дінінің қағидаларын ұстанасыз ба?

(5) Сағи, Қарағайлы ауылы
28 February 2014 15:59:52
email

Аға, қазіргі қазақ жастар әдебиеті қай деңгейде деп ойлайсыз?

(4) Назгүл, Талғар қаласы
17 February 2014 17:12:52

Сәлеметсіз бе, Қуандық аға, "Үркер" журналының соңғы жарияланған санында Асхат Өмірбаевтың "Ең ұзақ түн" атты әңгімесін оқыған едім. Жуырда осы автордың басқа да әңгімелерін жариялайсыздар ма?

(3) Қуат Исламжан, Алматы
17 February 2014 16:59:39

Қуандық Ералыұлы, "Қобыздың мұңы" атты кітабыңызды қай жерден таба аламын? Дүкендерден кездестірмедім.

(2) алуа
24 December 2013 17:46:15
url  email

Өлді сұлу
Өлді сұлу,сөнді түннің сәулесі
Қанға толды аппақ уыз кеудесі
Өлді сұлу,өлді музаң,ақыным..!
Ғашық етіп тіпті өзіне табытын.

Өлді сұлу,өлді мінсіз үмітің
Ғашық еді тіпті оған көк түтін
Өлді сұлі, өлді сенің қолыңда-
Қайғы атты бір бақыттың жолында..! пікірлеріңізді білгім келеді