Сұрақ-жауап


 Аты-жөніңіз: *
 E-mail:
 Сайт
 Хат мәтіні *
* Міндетті

Спамнан қорғану
Көрсетілген орынға берілген әріптер немесе цифрлар комбинациясын енгізуіңіз қажет
4 + 2=

(31)
>
(31) Жанұзақ Аязбеков
9 October 2017 16:27:15
url  email



"Қостанай таңы "газетінің 2017 жылғы 6 қазандағы ( №110) нөмірінде Қуандық Түменбай мырзаның "Көзбояуы жоқ көріністер" мақаласы түрлі-түсті боямен суретімен жарияланды. Оны интернеттен kostanaytany.kz сайтының мұрағат ұясынан PDF нұсқасынан көріп,оқуға әбден болады.
Ал " Бұқа баққан қыз" әңгімесі осы газеттің 2017 жылғы 18 тамыздағы санында жарияланған.Оны да сол мұрағаттан табуға болады

(30) Райхан
20 September 2017 14:39:36
email

Балалар әдебиеті бізде көш бастамай тұрғаны рас. Осы мәселенің шешімі неде деп ойлайсыз?

(29) Айдос
20 September 2017 14:38:49
email

Аға, сіздің ауылыңыз қай жақта? Соңғы рет атажұртыңызда қашан болдыңыз?

(28) Қуандық Ералыұлы Түменбаев
20 September 2017 14:37:21
email

Омарға,
Өз басым сынды өте дұрыс деп қабылдаймын. Өйткені сын түзелмей мін түзелмейді деп тегіннен-тегін айтылмаса керек. Кейбір қаламгерлер сынды көтере алмайды. Біз басқарып отырған «Үркер» журналының қызметкерлері әдебиетке жақын. Мәселен, ақын Жарас Сәрсек те, балалар тақырыбында қалам тербеп жүрген Нұрлан Құмар ағаларың да сын дегенді жақсы көтеретін тұлғалар. Өйткені, әдебиет – адамтану ғылымы десек, сын – әдебиеттану ғылымының философиясы. Әдебиет халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан этикет, этикасы болса, сын сол халықтың эстетикасы. «Сын даму, қозғалыс үстіндегі эстетика». Яғни, В.Г.Белинский сынның қозғалыс, даму үстіндегі эстетика екендігін осылай толғаған.

(27) kazgazeta@mail.ru
20 September 2017 14:30:28
email

Қуандық Ералыұлы Түменбаев

Еркебұланға,
Әртүрлі.Кейде жарық көрген дүниелерімен өлшенеді. Дегенмен, тек қана жарық көрген жинақтарымен өлшенеді деген пікірге келіспеймін. Қаншама дарынды ақын, жазушылар бар, солардың жазған дүниелері жарыққа шықпай жатыр емес пе?! Ал қайдағы ойы таяз,енді ғана қалам тербеп жүрген кейбір азаматтардың жазғандарынан том-том кітап шығып жатқанын көргенде таңғалмайтын болдық. Оған себеп, қазір бәрін қаржы мәселесі шешеді дегендей. Негізі ақын мен жазушының таланты жарық көрген жинақтарымен өлшенбейді ғой. Кез келген шығармашылық тұлға қарапайым әрі жұмбақ.

(26) Омар
10 August 2017 12:34:20

Шығармашылығыңызға айтылған сыңды қалай қабылдайсыз?

(25) Еркебұлан
10 August 2017 12:34:02

Қуандық ағай, жазушы болсын,ақын болсын,оның таланты мен талғамының деңгейі жарық көрген жинақтарымен өлшенуі мүмкін бе?

(24) Қуандық Ералыұлы Түменбаев
1 July 2017 15:09:28
email

Еділжан Асқаровқa,
Аға буын ақындардың ізін жалғап келе жатқан жас ақындар көп қой. Олардың көптігіне қуанамын, ағалық ақылымды да айтып отырамын. Барлығы да шеттерінен дарынды, көп еңбектенеді, талпыныстары жақсы. Сондықтан бөліп-жарым келмейді. Шығармашылық табыс, ілгерілеу, шабыт тілеймін. Егер де «Үркердің» оқырманы болсаңыз, ол ақындарды өзіңіз де оқып жүрген боларсыз.


(23) Қуандық Ералыұлы Түменбаев
1 July 2017 15:08:42
email

Думан Болатұлына,
Газет-журналды жастар жағы оқуды қойды ма деп ойлайтын кездерім болады. Өйткені әрқайсысының қолында ұялы телефоны, үйінде компьютері бар. Олар ақпаратты осылардан алып отыр ғой. Ал аға буынға келетін болсақ, өзіміздің жастағы ересектер қауымы әлі де болса, газет-журнал, басылымдарды оқиды деп нық айта аламын. Мысалы өзім басқарып отырған «Үркер» журналының қалыптасқан тұрақты оқырмандары бар.


(22) Қуандық Ералыұлы Түменбаев
1 July 2017 15:07:47
email

Рауфа Далабаеваға,

Қазіргі әзіл-сықақ театрларының көбінде жастар, жас актерлар жүр ғой. Сондықтан болар, олар біраз қателіктерге бой алдырып жатады. Бұл рас. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Жұртты күлдіреміз деп, арзан әзілге жол береді, кейде тіпті, шектен шығып, анайылыққа да барады. Дегенмен, көрермен ықыласына бөленіп жүрген жастарымыз да бар. Мысалы, Тұрсынбек Қабатов бар, «Өнер қырандары» театры бар. Осылардың әзілі орынды, көрерменге ой салады.

>