«Үркер» журналы өз оқырманын тағы да қуантпақшы…

IMG

   

11115933_399047356941938_703492172_n    Қуандық ТҮМЕНБАЙ,

«Үркер» журналының Бас редакторы,

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Біздің қазақ әдебиеті де кемеліне келген кезеңде «Үркер» атты әдеби журналдың тұсауын 2008 жылы кескен болатын. Алайда, түрлі себептерге байланысты аталған басылым 2009 жылдан бастап жастардың әдеби-мәдени, қоғамдық-саяси басылым болып жаңа мазмұнда оқырманға жол тартты. Тақырып ауқымы барынша кеңейді.

Екінші жартыжылдықтан бастап біз өз оқырмандарымызға жас қалам иелерінің шығармашылығынан бөлек руханият, өнер мәселелеріне қатысты қызықты материалдар беріп отырамыз. Сосын жас қаламгерлердің шығармашылығына арналған сараптама жұмыстарын жүргіземіз деп жоспарлап отырмыз. Яғни, жастар шығармашылығына арналған әдеби сын айдарының аясын кеңейтеміз. Жас зерттеушілердің ғылыми ізденістеріне де  зор мүмкіндік болмақ.

Шығармашыл жастарды және өз замандастарының үнпарағына құрмет танытар жастарды өздеріне арналған төл басылымдарымен бірге бола береді деп үміттенеміз.