Кітаптар

Төрт амал тіршілік

Төрт амал тіршілік

Түменбай Қуандық
Т 87 Төрт амал тіршілік: хикаяттар мен әңгімелер. — Алматы: «Алаш жолы», 2012. — 514 бет.
ISBN 978-601-7401-03-0
Тіршілік несімен құнды? Өмірдің мәні төрт амал тіршілікпен дәріптелмей ме? Қара қой болмаса, қара қазан қайнай ма? Тал түсте қара қойдан қалай айырылдық?
Жазушы Қуандық Түменбайдың хиқаяттарында өмірдің осындай күрделі мәселелері қозғалып, сауал болып қойылады. Ал әңгімелерінде тәуелсіздік тұсындағы ұлтжанды кейіпкерлердің жаңаша мінез-кұлқымен, жаңа қоғамға тән жаңаша іс-әрекетімен қауышамыз.

Қобыздың мұңы

Қобыздың мұңы

Түменбай Қуандық.
Қобыздың мұңы. Хикаяттар мен әңгімелер.—Астана: Фолиант, 2008. — 360 б.
ISBN 9965-35-421-9
«Сырдария кітапханасының» құрамында беріліп отырған жазушы Қуандық Түменбайдың «Қобыздың мұңы» шығармалар жинағына енген хикаяттары мен әңгімелерінің бірсыпыра-сы бұрын баспа бетін көрген, алайда қайта қаралып, толықтырылған туындылар болса, көпшілігі оқырманға алғаш ұсынылып отырған жаңа шығармалар.
Автор төуелсіздік алғаннан кейінгі жаңа қоғамдағы ұлттың мүдделерге, халықтың дәстүрлерге, ауыл мен қала қазағының тұрмыс-тауқыметіне қатысты келелі мәселелерді көркем де шебер тілмен сөз етеді.
Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

Жасыл жанып тұрғанда

Жасыл жанып тұрғанда

Түменбай Қ.
Т 87        Жасыл жанып тұрғанда. Роман, хикаят, әңгімелер.— Алматы, «Сөздік-словарь» баспасы — 2001 ж.— 312 бет.
ISBN 5-7667-8685-9
Белгілі жазушы, Халықаралық Алаш сыйлығының лауреаты Қуандық Түменбайдың жаңа жинағына соңғы кездері жазған шығармалары топтастырылып отыр. «Бейкүнәлар» романында «тәуелсіздік тұткыны» атанған ұлтжанды жігіттің талайсыз тағдыры суреттелсе, «Жасыл жанып тұрғанда» хикаятының лейтмотиві — күнә және одан арылу. Мерзімді басылымдарда жарияланған әңгімелер шоғыры — кезінде оқырманның ыстық ықыласына бөленген дүниелер.

Ағаш ескерткіш

Ағаш ескерткіш

Түменбай Қ. Т 87 Ағаш ескерткіш: Хикаяттар мен әңгімелер. Жазушы, 2008.-240 б. Алматы:
ISBN 978-601-200-126-6
Жазушы Қуандық Түменбайдың бұл жинағына соңғы кездері жазған шығармалары енді. Атап айтқанда, «Ағаш ескерткіш» және «Депутат Аязби» хикаяттарында қайта құру кезеңіндегі замандастарымыздың жан дүниесі шынайы ашып көрсетілсе, «Оқ» хикаятында ақиқаг жайында құрбан бол­ған кейіпкер бейнесі сомдалады.

Көз

Көз

Түменбай Қ.
Көз.— Алматы: Зерде баспасы, 1999 ж. — 296 бет
ISBN 5-7667-4619-9
Тәуелсіздік деген шырын сөздің шынайы мән-мағынасы неде деп ойлайсыз? Рулық санадан ұлттық санаға бет-бұрыс кезеңінде көпшілік замандастарымыздың көңіл-күйі нені көксейді? Олардың темірқазық мүддесі қандай? Ата салтымыздағы кейбір факторлар тәуелсіздігімізге жат құбылыс боп есептеле ме? Жазушы кейіпкерлері өмір құбылыстарына көңіл-көзімен үңіле отырып, міне, осы сауалдарға жауап іздейді.

Сотталған домбыра

Сотталған домбыра

Түменбай Қ.
Сотталған домбыра, Алматы: Өнер, 1998. — 288 бет.
ISBN 5-89840-358-2
Жазушы Қуандық Түменбайдың бұл кітабына өмір мен өнерді бейнелейтін шығармалары енді. Автор «Сотталған домбыра» әңгімесінде дүбірлі желтоқсан күндерінде алаңға шығып, домбыра тартып, жастарды батылдық пен қайсарлыққа үндеген студент жастың өзімен қоса домбырасының да істі болуын шынайы суреттер арқылы көркем бейнелесе, «Қара шал, қара кетпен, қара сырнай» атты әңгімесінде атақты диқан Ыбырай Жақаев пен белгілі ақын, әнші-композитор Нартай Бекежановтың достығын суреттейді. Жазушының басқа туындыларынан да өмірде енерді мұрат тұтқан замандас кейіпкерлерді көреміз.

Көзбояуы жоқ көріністер

Көзбояуы жоқ көріністер

Түменбай Қ.
Т 87 Көзбояуы жоқ көріністер. Новеллалар, публицистикалық мақалалар —120 бет. Алматы. «Қазығұрт», 2008.
ISBN 9965-22-227-4
«Көзбояуы жоқ көріністер» — қаламгердің өмірде көзбен көріп, көңіліне түйгендері, шындықтың шырқау шыңы. Мақтаса қопаңдап қалатын ұлттық менталитеті бар халқымыз қыл үстінде барды бар, жоқты жоқ деп те айта алады. Бәрінен де шымбайға батар шындықты жеріне жеткізіп айтқанға не жетсін. Сол сәт келді, ағайын!

Жігіттің Көктөбесі

Жігіттің Көктөбесі

Түменбай Қ.
Т 88 Жігіттің Көктөбесі: Хикаяттар мен әңгімелер. — Алматы: Жазушы, 1995- 248 бет
Қуандық Түменбай — қазақ әдебиетіне 70-жылдары келіп қосылған буынның өкілі. Содан бері ол оқырмандарына бірнеше жинақ беріп, бұл күндері қаламы қатайып, шеберлігі шыңдала түскен қаламгердің қатарынан орын алады. Қуандық — нені жазса да әдеби конъюнктураға иек артпай, өз қолтаңбасын айқындай түсуге күш салатын жазушы. Оған куә қолдарыңыздағы оның соңғы жазған шығармаларынан тұратыи жаңа жинағы.

Қой мен қойшы

Қой мен қойшы

Түменбай Қ.
Т 87 Қой мен қойшы. Хикаяттар, роман, әңгімелер. —Алматы; Жазушы, 2004 — 320 бет.
ISBN 9965-701-47-4
Халықаралық Алаш сыйлығының иегері, жазушы Қуандық Түменбайдың жаңа кітабына екі хикаяты, «Бекеттегі бейкүнәлар» атты романы және бір топ әңгімелері еніп отыр. «Қой мен қойшы» хикаятында талтүсте алдындағы малынан айрылып қалған шопан тағдыры нанымды суреттеледі. «Түрмедегі торғай» хикаятында да адам еркіндігі дегеннің ештеңеге айырбасталмас қазына екендігі шынайы дәлелденеді. Романда ұлтымыздан шыққан алғашқы диссиденттің бірі Халелдің өмірі арқылы қымбатқа түскен ел тәуелсіздігіне қалай қол жеткізгендігіміз көз алдыдан өтеді.
Мерзімді басылымдарда жарияланған әңгімелер шоғыры да оқырманды бейтарап қалдырмасы анық.

Ар мен дар

Ар мен дар

Түменбай Қ.
Т 87  Ар мен дар. — Алматы: «Қазығұрт», 2005. — 336 бет.
Өмір — өзен секілді. Жер бетінде асыға аққан мың сан арналардың да өзіндік өмірі — сарқырап құйылар сағасы мен айтар сөзі бар.
Белгілі жазушы, Халықаралык Алаш сыйлығының лауреаты Қуандык Түменбайдың публицистиқалық толғаулардың басын біріктірген бұл кітабында Көк пен Жердің арасындағы алтын сәулеге малынған адамдар тіршілігі сөз болады. Ар мен Дарды қатар ойлайтындар үшін ең керегі — тәубе. Ендеше, тәубешіл оқырман, жарық күнде қуанышымыз мол болғай.