• Әдебиет әлемі
  • 01 Мамыр, 2021

Жырақта қалған жәннәтім

Жакипова Нуржамал

Андахуловна

Жырақта қалған жәннәтім

 

Жандүниемдегі тыныш бір сәтті сағындым

Білмеген кез-ай, жалғанның зілін,ауырын

Балалығымды,ана мен әке құшағын

Жатырмын аңсап баса алмай жүрек дауылын

                                                  

Ұйқыда тыныш, тәтті ғой қамсыз сол кездер

Адамдық мейір,ұят пен иман мол кездер

Санамда самсап қалады өшпей жүректе

Жап-жарық нұр боп ұмытылмайды ол кездер

 

Көшелер толып,ойнаған у-шу балаға

Жайнаған өмір, қайнаған тірлік айнала

Сиырын сауып,қымызын пісіп аналар

Бұрқырап қазан,еттерін салып шараға

 

Бау-бақша жайнап, егістік жатыр жайқалып

Бақытты қамсыз ,бал өмір тұрды байқалып  

 Өрістен қайтқан асықпай айдап малдарын

Көше шетімен келеді әкем шайқалып

 

Жүрегің тыныш, үрейің   алыс  ой-қанық

Отар-отармен қойшылар жатыр қой бағыып

Қолымнан келсе ойланбастан-ақ күмәнсіз

Алатын едім өткен сол шақты қайтарып

 

Жан Анам

Лүпілдеп  ақ жүрегі тарсылдаған

Мейірімі тау суындай таусылмаған

Мен үшін ең аяулы ,ең көрікті

Жан анам ең қымбатты жансың маған!

 

Болса да кереметтер  сансыз ғалам

Жырақта бір өзіңсіз жан сыздаған

Өзіңе ешбір теңеу тең келмейтін

Жан анам ең қымбатты жансың маған!

 

Жүруші еді ойланбастан қамсыз балаң

Күндерге өтіп жатқан болмай алаң

Алаңсыз ұйқым үшін ұйықтамаған

Жан анам ең қымбатты жансың маған

 

Шуаққа  шомылдырған таңсың маған

Әлдилеп жұбататын әнсің маған

Аялап бар қайғыны ұмыттырар

Жан анам ең қымьатты жансың маған!

 

Өзіңсіз жаным тоңып қалшылдаған

Өзіңсіз ойға шомып жансызданам

Күлкіңмен жан жарамды   емдеп жазар

Анашым ең қымбатты жансың маған!

 

Өзіңсіз түнгі аспанда айсыз маған

Сұрықсыз көрінеді мәнсіз ғалам

Анашым аман-есен бол жанымда

Мәнгілік ең қымбатты жансың маған!

391 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ҮРКЕР №5

20 Мамыр, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы