• Әдебиет әлемі
  • 30 Сәуір, 2021

Сары аязда тәп-тәті баттым ойға

Ерхан  Молдағалиев 

 

Қызықпаңыз

Ақын алса,

Қаламын, таң – кеші, – бір,

Түн баласы, періште, пендесі – бұл.

Ақымақ па, аңғал ма, аңғармайсың?!

Ай-Күн сыбыр етеді, желде сыбыр...

 

Түнегінен,

Көңілдің, күн ашылмай,

Кең дүние, кемдік қып, тұратындай.

Тау секілді теңселіп, тебіреніп,

Еңіренер, көңілден, ұлар шулай...

 

Қиял кетер,

Шыңының, қиясына,

Ұясына, сия алмай, ұясына,

Жанартаудай  ағынан  жарылады,

Оянады, бермейтін, жиі – ашыла...

 

Барған бар ма?

Дәл оның, отты – еліне,

Өртенеді, өзегі, бөктері де,

Көндігісі жоқ оның, алып ұшса,

Зымырандай, уақыттың, шектеуіне...

 

Құлдилайды,

Қыран –ой, құзардан – тік,

Өлі ұйқыдан, мәңгілік, құшар бақыт.

Ақын күйі, осындай, қызықпаңыз,

Таң тамаша, жүретін, біз арманғып...

 

Серік етіп,

Өмірін ғазалына,

Аза тұтқан, күйзеліп, азалыға.

Ақын осы, ақкөңіл, алабыртқан,

Ақ – қауырсын, ақ – қанат, жазары да...

 

Қыс әрі түс

Қыс. Тоңдым,

Түсіріп тұр ізгі ой бәрін,

Бала сәт, мұзды тасып, тұзда ойнауым.

От түтетіп, уқалап, жылытушы ең,

«Анашым», сіз қайдасыз, сізді ойладым?!

 

«Әкешім»

– Сіз қайдасыз, келмейсіз бе?

Жақын жан жоқ еді ғой, мендей – сізге.

Анашым, құрткөжесін, сағыныппын,

Суытып, ұсынып сіз бермейсіз бе?

Сондай қатты жаурадым көрмейсіз бе?!

 

Ата-әже,

Сіздер ше? Тәтті қайда?

Көрсетпей-ақ жейінші, жат сұрай ма?

Өзін-өзі жұбатқан бала құсап,

Сары аязда тәп – тәтті баттым ойға...

Өмір – өлім арасы, хақ – Құдайға!!!

 

Ағатайым,

Берсеңші, шекпеніңді,

Үсік шалды, қолымды, беттерімді.

Бауырыңды басқаның бауырыңа,

Мәңгі өмірлік болады сәттен үлгі.

Жасыра алмай, жасыдым, әттеңімді...

 

Қарындасым,

Қорықпа? Ағаң – тоңды,

Ұрыспайды, біздерге анам көрді.

Өмір – өлім арасын түс жалғаған,

Түстей болып көрінді, маған – соңғы.

Өтер уақыт бұлғамай маған қолды...

 

Әжемнің болжамы бұл

«Айы – оңынан,

Туып тұр, олжалы – ұл»,

Дейтін, – марқұм, әжемнің,

болжамы – бұл!

«Терезесі – теңесті» – дейтін және –

Ол – болжамы, әзірге, болмады – бір...

 

«Екі бүйірі,

Бүрулі, қысылған ба?»,

Сәлде түсте. «Тәңір» – бақ, ұшырғанда.

«Аянышпен, осылар, қарай ма» – деп,

Қысыламын пейілін ұсынғанда...

 

«Сүйініш бар,

Ұмытар, күйінішін»,

«Сағынады», – дей тұғын, үйін-ішін.

Әлімсақтан бабасы «бақсы» – құсап,

Сипаттайтын жүрісін, кейінісін...

 

«Я, Алла» – деп,

Құмалақ жиыстырып,

Әжім – жүзге апарды түйістіріп.

«Жәрекімалла, рас екен» – деп, айтатын,

Отырғанда жіберсем жиі үшкіріп...

 

Алыс жүрген,

Ботаның жолын ашып,

Қам көңілді, жан еді қолы ашық.

Жолтүскенде басыңа барам, Әже,

Сол кезде, «мен, келді» – деп,

жолыма шық...

 

Жетімдер үйіндемін

 

Жетімдер үйіндемін...

Жайлаған үйінде – мұң, күйім де – мұң,

Жиып-терген азырақ ақшамменен,

Сый етіп, азын-аулақ бұйым бердім...

 

Іші бүгіп, күйініш, сүйінішін,

«Мың – рахмет» жаудырды

сыйым – үшін.

Терезеге телміріп бала отыр,

Сағынатын секілді үйін-ішін.

Жанарына жасырған сиынысын...

 

Санамен, арылған соң, ақылдан – мұң,

Аяңдап, таяй келіп, жақын бардым.

«Балақай, есімің – кім? нешедесің?»,

Ол – үнсіз. Сұрағы тұр. Шақырған кім?!

Жетімге, жетім болып, мақұлдандым...

 

Есімім « Абай», – деді. Он жастамын,

Сезгендей көңілімнен «Өң» – қашқанын.

Терезеден қолымен меңзеді де,

Әне тұр. «Махамбеттер», жолдастарым.

Ішімнен. «Обалайлап». «Оңбастадым»....

 

Үдеткендей сұрақты кешігулі,

«Кім қойған?» – дедім, сосын, есіміңді.

«Анам-әкем» деді де, кемсеңдеді,

Өз ісімді қылайын несін үлгі?

Кешіре гөр. Жаратқан. Кешірімді...

 

Ескі жара, тұрды ма, есті-қымтар?

Әкеме тартқан – мінез, кескінім дәл.

«Әкем – өлді..», дегенде, «Анаң» – дедім,

«Ол – тірі» – деді, сосын, естуім бар.

«Келер» – деп, күтіп өтті, бес күнім әр...

 

Бауырыма бастым да, діріл – бетін,

Үндесті, өлі менен – тірі Жетім.

«Жылап» – еді, ендігі сап тиылып,

«Жұбанды». Қара, «Құдай», құдыретін.

Жетілетін, күн келер, жетімегім...

 

«Жақын келдім» дегендей қалай ғана,

Шырай кірді, жүзгеде, самайға да.

«Абай  жайлы айтам» – деп, қарайладым,

Сықылдаған, «уақыт», шарайнаға...

 

Ұйып тұр. Бұл  ісімді мақұл көріп,

Көсіле кеттім. Беріп ақылға – ерік.

«Ақын болып туылу – ол, заңдылық,

Өлу –бақыт, өмірден ақын – болып».

Сөзді түйдім, «Майқыша», батыл келіп...

 

«Кешір» – інім. «Ағаңның ескер – үнін,

«Кеш» – кездестік. Себебі кеш – келуім».

Жақын маңнан дүкенді шарладым да,

Ұсындым бас – ақынның естелігін.

«Ұнағандай» көрінді естелігім...

 

Асығып, көрсетпекке сыйын – алғы,

Жұдырығын жымыра, түйіп алды.

Ұзақ қарап. «Қол бұлғап». Күңіреніп,

Мен кеткенде көңілсіз күйі қалды.

Ақыннан, ақын берген, сыйы барды...

 

PS: «Сәби ғой», әр – сыбдырға, елеңдеген,

Анасы келсе екен. «Келем» – деген.

«Үмітін» үкілеген үзе көр ме?

«Күдігін» сейілте гөр, өлеңменен...

Көре алмай мен жүрмін.

«Келем» – деп ем...

 

***

«Өлең» – Ол,

Иесіне «Сәби» – сынды,

Меңзең қылып, төрт бөлер әр – ұйқыңды.

Тоғыз айда толғатып, жатпасаң да,

Толғатады  ойыңды тоғыз күнгі...

 

Ерік берген,

Кезімде  ақылға – ең,

«Жатым» – өзім, көрінем,

«Жақында» –мен.

«Жұрт» ұйқыда  жатқанда,

тыпыршимын,

Түлен оймен өткізіп сәтімді әрең...

 

«Мұқаң» енді,

Түсіме, «Мұқаң» енді,

«Жырмен емде» – деді ол,

«Жұтаң» – Елді,

«Бағың жансын» – деді де. Кетіп қалды,

Сәл сабыр қыл, дегені. Күт әлемді...

 

«Ақын аға»,

Дегенсіп. «Ақынмын ба?»

Есі кетіп барады ақылдың да.

Мұқағали өмірден өткенімен,

Өмір сүріп жас – «Мұқаң» жатыр

мында...

Жаралама жанымды

 

Елеместен,

Тағдырдың кескіндерін,

– Сорымнан ба? «Әйтеуір, кеш гүлдеуім».

Жаралама жанымды. «Сөзбен» – түйреп,

Сипамаған басымнан ешкім менің...

 

Жан болса да,

Ұнатқан. Ұнатпаған,

Желеу етіп, «сенімді» сыр – ақтарам.

«Жарылқайын» – деймін де. Өзгелерді,

«Жұбатам» – деп, үнемі жылап қалам...

 

Аямасын,

Адамдар, аяр – ғалам,

Мендік енші, бар  білем, аялдамаң!

«Өлең» – болып жазылған. Оқылады,

Баянсыздау  тірлікте. Баяндамам...

 

Ұсақпын ба?

Мен әлде ірімін бе?

Дәлелдеуім қажетті мұны  – кімге?!

Жар әлемнің  ғажабы  таусылған ба?

«Жан – әлемнің»  азабы  түңілуде...

 

Бітелместен

Жүректе  жыртығымыз,

Жиып тастап, қайғыны, күлкіні  сыз.

Уысынан уақыттың уын-ішіп,

Дүниеден өтерміз бір күні – Біз...

Күнді көрмей,

Ынтызар. «Түнді» – сүйген.

Аян болар, кім – сүйген, кімді – сүйгем?!

Сынағы бар  өмірдің  сұрауында,

Бір кісідей, ей өмір, сізді – сүйгем...

 

Қол бұлғап,

өздеріне-шақырады

 

Көк майса,

Желек еткен – атырабы,

Қара ши, өзен бойлап, жатыр – әні.

Түсіме ене қалса, анам – әкем,

Қол бұлғап, өздеріне, шақырады...

 

Жүректе,

Соңғы демше – амалдайын,

Сағымға  бөлесе де санамды-ай мұң.

Мен – тірі, сендер – өлі, екі – әлембіз,

Жоқ, кешір, әзірге ерте  баралмаймын...

 

Көргенде,

Құшақ жайған елестерін,

Жүгіре  құшақтамай мен не істедім?!

Ұлымның  «Кетпе» – деген  үнін – естіп,

Бекіндім, «Басамын» – деп,

жер – өкшесін...

 

Жанында,

Аға, әже – қарындасым,

Бергі бет, сұлық тұрмын, жарым – басым.

Жанардан жас тамады, өксіп – себеп,

Он үш жыл, көрмегелі  сағынғасын...

 

Ақ киіп

Атам, тұңғыш  ұлым да жүр,

Естір ме, екенмін бір үніңді – асыл.

Жаратқан  ғұмыр  нәсіп – еткенінде,

Жүрер ме, құлдыраңдап  бүгін қазір...

 

Қол созып,

Өкініш – у, аһ ұрады,

Не болар, пәк – үмітім  бақылауы?!

Әзірге  баралмаймын, «кешір – қалқам»,

«Мен» – деген  жер бетінің  ақымағы...

972 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

URKER №2

28 Ақпан, 2024

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Жаңабек ШАҒАТАЕВ

«Үркер» журналының Бас редакторы